«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Сүңгуірші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- гидротехникалық құрылыстардың су асты бөлігін толық тексеру және жөндеу жұмыстарын орындау;
- су астында қарапайым монтаждау, слесарлық және такелаждық жұмыстарды орындау;
- кемелерді арқандап байлау үшін арналардың, шлюздердің, тоғандардың, бөгеттердің және басқа да құрылыстардың тас еңістерін тексеріп қарау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтёр (кезекші)
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- ауысымды қабылдау кезінде дренаждық сорғылардың жұмысына, ал төмен температура кезеңі басталғанда жылыту аспаптарының, компрессорлардың жұмысына ерекше назар аударып, жеке тексеру арқылы жабдықтың жай-күйімен, электрмен жабдықтау схемасымен және жұмыс режимімен танысу;
- ауысымды тапсырушыдан аварияны немесе ақаулықтарды алдын алу үшін мұқият бақылау жүргізуге қажетті жабдықтар туралы мәліметтер алу;
- соңғы кезекшіліктен өткен уақыт ішінде барлық жазбалармен және өкімдермен танысу;
- электр жабдығының жұмыс режимі бұзылған, бүлінген немесе авария болған жағдайда, өз бетінше және дереу оның қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіруге шаралар қолдану және болған оқиға туралы тікелей бастыққа хабарлау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бетон араластырғыш қондырғылар моторшысы
Міндеттер:
- бетон араластырғыш қондырғылардың механизмдерін басқару,
- бетон-ерітінді торабының механикалық жабдығының техникалық жай-күйін бақылау;
- циклдік әрекеттегі араластыру қондырғыларында және үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспаларын дайындау;
- қабылданған рецептураға сәйкес компоненттерді араластырғыш қондырғыларға рет-ретімен жүктеу;
- қызмет көрсетілетін араластыру қондырғыларының жұмысын басқару;
- тасымалдау құрылғыларына немесе басқа да жылжыту құралдарына дайын қоспалар мен ерітінділер беру.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан біліктілік куәлігі бар тұлға.
Слесарь-жөндеуші
Міндеттер:
Жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың тораптары мен механизмдерін бөлшектеуді, жөндеуді, құрастыруды және орташа күрделілікті сынауды, жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеуді, реттеуді және орташа күрделілікті сынауды орындау, бөлшектерді 11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеуді орындау, еденнен басқарылатын қарапайым жүк көтергіш құралдар мен механизмдердің көмегімен жүктерді ауыстыру кезінде такелаждық жұмыстарды орындау, жабдықты жөндеу кезінде бөлшектерді металл өңдеу жұмыстарын орындау.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан біліктілік куәлігі бар тұлға.
Экскаватор машинисті-тракторшы
Міндеттер:
Аршу, тазалау, үйінді және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде бір шөмішті экскаваторды басқару; тау-кен массасын және топырақты әзірлеуді орындау; жұмыс процесінде экскаваторды ауыстыру; жүріс механизмдерін реттеуді орындау; топырақты қабатпен өңдеуді орындау; экскаваторға жанар-жағармай материалдары мен су құю, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қозғалтқышты бекітуді, тежегіш құрылғыларды бақылауды жүргізу; жүріс механизмдерін сынамалауды орындау; шөмішті жабысқан топырақтан тазартуды жүргізу; белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу, профилактикалық тексеруді орындау және экскаваторды жөндеуге қатысу.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан тракторшы-машинист куәлігі бар тұлға.
Кеме капитаны
Жалақы деңгейі ж/а келісімді
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибемен
Міндеттер:
- кеме экипажына басшылық жасау; -кеме бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығару; -кемені пайдалану және жөндеу кезінде кеме экипажының жұмысын ұйымдастыру; - кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын қамтамасыз ету;
Талаптар:
жоғары кәсіби (техникалық) білімі, 1, 2, 3, 4 немесе кемелердің барлық топтарының капитаны дипломы немесе техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, 1, 2, 3, 4 немесе кемелердің барлық топтарының капитаны дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі бар.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс, толық күн
Инженер-гидротехник
Жалақы деңгейі ж/а келісімді
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
-гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша іс-шараларды жоспарлауға қатысу және ұсыныстар әзірлеу; -жөндеу-құрылыс тобымен ағымдық жөндеу кестелерін жасау үшін жөнделетін ғимараттардың, жайлардың көлемдері, олардың аудандары туралы ақпарат ұсыну; -деформациялық-геодезиялық мониторинг жөніндегі жүйенің жұмысқа қабілеттілігін бақылау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (техникалық) білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс, толық күн
Инженер-бағдарламашы. Шүлбі шлюзі
Жалақы деңгейі Ж/а келісімді
Қажетті жұмыс тәжірибесі жұмыс өтілінсіз
Міндеттер:
-    Бағдарламаны ретке келтіруге дайындау бойынша жұмыстарды орындау және оларды ретке келтіру. Жаңа бағдарламалық өнімдерге мониторинг, жаңа технологиялар талдауын жүргізу және туындаған міндеттерді шешу үшін алардың оң және теріс жақтарын сипаттау.
-    Дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін айқындау.
-    Бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды орнату, ендіру және сүйемелдеуді жүзеге асыру. Жүйедегі ақаулар мен істемеу себептерін зерттеу, оларды жою және алдын алу ұсыныстарын жасау. Бағдарламалармен жұмыс істеу нұсқамаларын жасау, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмысбастылық, толық күн
Компрессорлық қондырғылар машинисі
Жалақы деңгейі Е/а келісімді
Міндеттер:
Әртүрлі қозғалтқыштар жетегінен қауіпті емес газдарда жұмыс кезінде әрбіріне минутына 5 текше метрге дейін берумен 1 МПа (10 кгс/кв.см дейін) дейінгі қысымдағы құбыр компрессорлар мен стационарлық компрессорларға қызмет көрсету. Компрессорларды іске қосу, реттеу және тоқтату. Компрессорлар мен қосалқы жабдықтардың жұмысын қадағалау. Компрессорлар механизмдерінің қажалатын бөлшектерін майлау және салқындату. Компрессорлар жұмысындағы ақауларды жою және алдын алу және оның сақтандырғыш құрылғыларының жұмысын бақылау. Жетек қозғалтқыштарына қызмет көрсету. Шығын және авариялық бактарға май құю және ағызу. Компрессорлық станция жабдықтарын жөндеуге қатысу.
Талаптар:
Компрессорлық қондырғылар машинисінің лауазымына жұмыс өтіліне талап қоймай біліктілік куәлігі бар тұлға тағайындалады.