«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Экономикалық жоспарлау бөлімінің аға экономисі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
Жүргізу:
-    перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысу;
-    бөлімшенің бюджеттік өтініміне енгізілген шығындардың есебі мен негіздемесін тексеру, бюджеттік өтінімді дайындау мен ұсынуды бақылау;
-    жоспарлау саласында қолданыстағы заңнама шеңберінде біріздендірілген формаларды дайындауды жүзеге асыру;
-    жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді  құрылымдық бөлімшелерге жеткізу;
-    бюджеттік өтінімді орындауды,  сонымен қатар  жалпы филиалмен және құрылымдық бөлімшелермен ақшалай қаражатты пайдалануды бақылау;
-    бөлімшелердің шығын классификациясын жүзеге асыру;
-    экономикалық жоспарлау бөлімі бастығымен бірлесе отырып,  қаржылық  қызметтің анализін жүзеге асыру,  мерзімді есептілікті белгіленген мерзімде дайындау.
Талаптар:
кадрларды дайындау бағыты (экономикалық білім) бойынша  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе   техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік)(экономикалық) білімі бар тұлға, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Еңбекті ұйымдастыру және төлеу бөлімінің экономисі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
Жүргізу:
- еңбекті төлеу қорларын есептеу;
- бөлімшелер, есептеу түрлері бойынша еңбекақы қорына анализ жасау,
еңбекақы қорының динамикасын қадағалау;
-    жұмыс уақыты балансына анализ;
-     хронометраждық бақылау;
-    бөлімшелер туралы ережелер  мен лауазымдық нұсқаулықтарды тексеруді.
Жүзеге асыру:
-    Жұмыс уақытының есебі, жұмыс кестелері,  еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша ақы туралы қызметтік жазбалар мен бұйрықтарды тексеруді;
-    бөлімшелер туралы ереже мен филиал жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындауда әдістемелік басшылықты.
-    Әзірлеу:
-    еңбекақы, статистикалық басқару бойынша есептерді;
-    еңбекақы қоры бойынша қысқа және ұзақ мерзімді болжамдарды, еңбекақы қорын үнемдеу есебін дайындау;
-    еңбек және еңбекақы төлеу бойынша қаржылық-шаруашылық қызмет анализі  үшін есептерді;
-    басқарманың бекітілген ұйымдастыру құрылымына, еңбекақы төлеу қорына, тарифтік ставкаларға, бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасына, басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына  сәйкес штаттық кестені.
Талаптар:
кадрларды дайындау бағыты (экономикалық білім) бойынша  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе   техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік)(экономикалық) білімі бар тұлға.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бас есепші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес
Міндеттер:
- ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандары қарастырылмаған  шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау;
- құжатайналымы тәртібін сақтау;
-түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз ету;
-бухгалтерлік  ақпаратты өңдеу мен бухгалтерлік есептілікте шаруашылық операциялардың көрінісі;
-бухгалтерлік есеп шоттарында мүлік қозғалысы, міндеттер мен шаруашылық операциялар, түсетін негізгі қаражаттар мен қорлар, ақша қаражаттарына байланысты операциялардың уақытылы көрінісі;
-жұмыс (қызмет)  өндірісіне шығындар есебі;
-қаржылық және есеп айырысу операцияларының есебі;
-бухгалтерлік есеп бөлімі жұмыскерлеріне басшылық ету, олардың жұмысын ұйымдастыру.
Талаптар:
қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласында   кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, оның ішінде басшылық лауазымдарда.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Ағаш ұстасы – ағаш кесуші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
-ағаш ұсталық, балташылық және ағаш кесу жұмыстары;
-   бумалы жұмсақ шатырды шегелеп және дана материалдардан шатырды орнату кезінде ұсталық және қалыптау жұмыстары;
-ағаш материалдарын қолмен қарапайым өңдеу: көлденең аралау, кесу;
-ағаш бөлшектерін, элементтерін,  тұрғын және өнеркәсіптік  ғимараттар құрылымын құрастыру, монтаждау, дайындау, жинау, орнату, бөлшектеу және мауэрлаттарды ауыстыру.
Дайындау: сылақ бөлімдеріне арналған қарапайым қалқандарды, құрылыс инвентарін жөңдеу, бөренелерді төсеу, бөлшектеу.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Диспетчер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- шлюзден өтетін кемелердің  кеме қатынайтын шлюзі арқылы өткізу кезіңде тәртіптің сақталуын қадағалау, тәртіпті бұзған жағдайда акт рәсімдеу.
-шлюз камерасында кемелердің дұрыс орналасуын қадағалау.
-кемеге ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,  техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білімі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Компрессорлық қондырғылар машинисі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- поршенді компрессорлардың, бұрандалы компрессорлардың,   электр қозғалтқыштардың жұмыс принципін білу;  компрессорлар мен қозғалтқыштардың жұмысындағы ақауларды жою  және ескерту әдістерін; бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану тәсілдері мен мақсатын,  басқару автоматикасын; компрессорлық станция құбырларының сызбаларын; дәрежелер бойынша жұмыс қысымы және тиісті ауа температурасын; қызмет көрсетілетін агрегат тораптарын  жылытудың рұқсат етілген температурасын, қызып кетудің алдын алу және жою шараларын;  механизмдерді  майлау  үшін қолданылатын майлардың түрі мен маркаларын білу;
-стационарлық компрессорларға қызмет көрсету, іске қосу және компрессорлар жұмысы режимін реттеу, компрессор жұмысының қажетті параметрлерін сақтау және жеке агрегаттарды қосу, компрессорлық станция жұмысында олқылықтарды анықтау  және алдың алу,  қызмет көрсететін  компрессорлар, машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы есептік-техникалық құжаттаманы жүргізу, шлюз компрессорлары агрегаттарын жөңдеуге қатысу;
-    компрессорлық орындарда тазалықты және тәртіпті сақтау;
-компрессорлық жайға бөгде тұлғалардың кіруіне жол бермеу;
-өзіне белгіленген  жабдықты тазалықта және тәртіппен қарау;
-компрессорлық жайда өрт қауіпсіздігі режимін сақтау.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға,  еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Сырлаушы-сылақшы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
Ғимараттар менқұрылыстарды ағымдағы жөңдеу мен күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау, шлюздің сенімді және апатсыз жұмысын қамтамасыз  ету бойынша іс-шараларды орындау:
-беткейлерді тазалау (металл шпательдермен, қырғыштармен, қылшақпен,  шүберекпен, компрессордағы ауа ағынымен);
-  шпаклевкалар мен праймерлерді қолданғаннан кейін бірнеше қабат реңктегі бояулар мен лактармен беттерді бояу;
- трафареттер арқылы суреттер мен жазулар салу;
- бөлшектер мен беттерді бояу;
-цемент сылақтарын дайын  астарлық құрам немесе  бейтараптандыратын ерітіндімен ерітінді жасап өңдеу;
-ескі бояуларды тілу және шұңқырларды тазалау;
-толтырғыш  құрамдармен сүрту және дайындау;
-сылау жұмыстарын жүргізу;
-қисық төбелерді сылау;
-бағана, тірек, пилястр және арқалықтарды сәндік-әшекей ерітіндімен бояу.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға,  еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Шлюз бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес
Міндеттер:
- негізгі жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөңдеуді қадағалау, бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету;
- еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайын жасау,  өндіріс мәдениетін жоғарылату бойынша  жұмыстарды жүзеге асыру;
- өндірістік жарақаттар және кәсіби сырқаттарды ескерту мен себебін жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
- бюджеттік өтінімді жоспарлау мен қалыптастыруға қатысу;
- нұсқаулықтар бойынша есеп дайындауды қадағалау;
- негізгі жабдықтарды бақылау және зерттеу журналын және навигация кезеңінде негізгі жабдықтардың ауытқулары мен ақаулары журналын тексеру;
-жабдықтар жұмысының сенімділігін және еңбек өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз етуге бағытталған механикалық, электрлік жабдықтарды және гидротехникалық құрылыстарды жаңартуды, жаңа техниканы енгізуді, еңбекті ұйымдастыруды мен жұмыстарды жүргізудің алдыңғы қатарлы әдістерін қолдануды қамтамасыз ету;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, механизмдер мен жүк көтергіш машиналар, қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, сұйытылған газ баллондар, энергетикалық жабдықтар, жылу жүйелері мен желдеткішті пайдалану кезіңдегі өндірістік санитария нормалары мен талаптарын орындауды қамтамасыз ету.
Талаптар:
жоғары кәсіптік  (техникалық) білімі бар тұлға және басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Сырлаушы-құмараластырушы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- металл конструкцияларын,   бетон беттерін,    ғимараттардың сыланған қасбеттерін  және т.б. құмды жару жұмыстары мен бояу жұмыстарын  орындау, сеніп тапсырылған жабдықтың жарамдылығын бақылау;
-сеніп тапсырылған жабдықтың техникалық жағдайына (езіндіараластырғыштарға,   езіндісорғыларға, бояу агрегаттарына,  қол  құрал-саймандары мен бекітілген басқа да жабдықтарға)  жауап беру;
- құрылыс конструкцияларының беттерін тазалау бойынша жұмыстарды орындау кезінде люлькаларды немесе баспалдақтарды қайта орнату және бекіту.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бас энергетик
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
Міндеттер:
- электртехникалық жабдықтар мен байланыс жабдықтарының сенімді, апатсыз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
- электр энергиясын үнемдеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
- шлюздің электр жабдықтарына қатысты электр қондырғыларының неғұрлым сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмысына ықпал ететін жаңа техника мен технологияларды енгізу;
- кеме қатынасы шлюзінің электр қондырғыларына жоспарлы-алдын алу жөндеуін және профилактикалық сынақтарды уақтылы жүргізуді ұйымдастыру;
- шлюзге бөлінетін электр энергиясының ай сайынғы жылдық өтінімін жасау;
- кеме қатынасы шлюзі бойынша электр энергиясы шығысының техникалық есебін жүргізу;
- кеме қатынасы шлюзінің электртехникалық қызметінде қажет болған жағдайда қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттар беру жолымен жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары нұсқамаларының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі нұсқауларының орындалуын қамтамасыз ету;
- шлюз электр қондырғыларының жұмысындағы  ақауларға талдау жүргізу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- шлюздің электртехникалық жабдығын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс кестесін әзірлеу және оның орындалуын қамтамасыз ету;
- электртехникалық қызметке бекітілген өлшеу құралдарының тізбесін жасау, олардың тексеру мерзімдерін қадағалау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік техникалық білімі және басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі және инженерлік-техникалық лауазымдарда               5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.