Бос жұмыс орындары
«Карчекран-1» қалқымалы кранының командирі
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс
Міндеттер:
- Карчекран жұмысының технологиялық процесін басқарады.
- Жұмыс зәкірлерін таратып беру және қайта апару бойынша жұмыстарға басшылық жасайды.
- Кеме жүрісі шегінде су асты және су үсті кедергілерін тазалау кезінде палубалық қосалқы механизмдер мен жүк көтергіш құрылғылардың жұмысына басшылық жасайды, бұл ретте қауіпсіздік техникасы қағидаларын қатаң сақтайды.
-Барлық такелаждық, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ кеме экипажының жұмысына басшылық жасайды.
- Такелаждық мүліктің, құрал-саймандардың және мүкәммалдың болуын есепке алуды жүргізеді.
- Өндірістік жоспардың, қозғалыс графигінің(кестесінің) және кеме жұмысының берілген көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Жүзу қауіпсіздігін қадағалау органдары мен басқа да бақылаушы органдардың нұсқаулары мен талаптарын орындауды және кемені тексерулер мен куәландыруларға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Еңбек тәртібінің сақталуын және жалпы кемелік және вахталық қызметтерді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
- Экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күресуге, суда құтқару жөніндегі әрекеттерге дайындауды ұйымдастыруды, сондай-ақ осы дайындықты бақылауды қамтамасыз етеді.
- Кеме экипажының ұжымдық тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
- Курсанттардың, студенттер мен оқушылардың практикасына жалпы басшылықты және кеме жүргізуші мамандығының тұлғаларымен тағылымдамадан өтулеріне тікелей басшылықты қамтамасыз етеді.
- Вахталық (бірыңғай вахталық, кемелік), машиналық және басқа да белгіленген журналдарды, сондай-ақ кемені тексеру, іс қағаздарын жүргізу, есептік және басқа да құжаттамалардың бірыңғай кітабын жүргізеді.
- Техникалық әдебиеттерді, жүзу қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды, лоцмандық карталарды (схемаларды), навигациялық оқу құралдарын және түзетулердің (өзгерістерді) уақтылы алынуын қамтамасыз етеді. Кемедегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды, болған жазатайым оқиға туралы кеме иесіне хабарлайды және белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді.
- Экипаждың кеменің өміршеңдігі мен судағы адамдарды құтқару үшін күресу барысындағы әрекеттеріне басшылық жасайды.
- Коммерциялық және қызметтік құпияның, құпия сипаттағы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.
-Бекітіліп берілген кеме техникасын техникалық пайдалану қағидаларына, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық пайдалануды және күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.
- Өзінің меңгерушілігіндегі кеме техникасының істен шығуын жеке өзі немесе оған бөлінген мамандарды тарта отырып жояды.
- Палубалық механизмдер мен құрылғыларға және корпустық конструкцияларға техникалық қызмет көрсетуді, вахта жұмыстарын атқаруды, жұмыстарды орындауды сенімді ұйымдастыруды және оған бағынысты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
- Техникалық жабдықтардың күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалаулық және кемелік мамандар орындайтын өзінің меңгерушілігіндегі кеме техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің көлемі мен сапасының толықтығын бақылайды.
- Өзінің меңгерушілігі бойынша белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді.
-Материалдық-техникалық жабдықтауға өтінім жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді.
- Кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Жұмыспен қамту түрі:
жұмыспен толық қамтылу
«КПЛ-933» қалқымалы краны командирінің екінші (бірінші, үшінші) көмекшісі-механиктің екінші (бірінші, үшінші) көмекшісі
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
жүзу өтіліне талаптар қойылмайды
Міндеттер:
- Өзінің меңгерушілігіндегілерді өндірістік тапсырмаларды орындау үшін техникалық пайдалану қағидаларына, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету.
- Қалқымалы кранды басқару және кранды техникалық дұрыс пайдалану.
- Кранның, адамдардың, жүктердің, өндірістік қызметтің және кран мен техниканы техникалық пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, ережелерді және басқа да нормативтік құжаттарды сақтау.
- Еңбек тәртібін және вахталық қызметті ұйымдастыруды сақтау.
- Кранның өміршеңдігі үшін күрес пен судағы адамдарды құтқару жөніндегі іс-шараларға қатысу.
- Крандағы жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қолдану, болған оқиға туралы аға краншыға хабарлау, бір мезгілде салдарлар мен себептерді жоюға шаралар қабылдау.
- Керек-жарақтарды, материалдарды, суды қажеттіліктер үшін дұрыс пайдалану.
- Жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
- Кранды комиссиялық тексерулерге дайындауға қатысу.
- Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе апатқа әкелуі мүмкін бұзушылықтар анықталған кезде – машиналарды, жабдықтарды пайдалануды және жұмыс орындарында жұмыс жүргізуді тоқтату.
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары кәсіптік (техникалық) білім, жүзу өтіліне талаптар қойылмастан кемелердің 1, 2, 3, 4 топтары командирінің екінші көмекшісі - механиктің екінші көмекшісінің дипломы (жоғары кәсіптік (техникалық) білім, жүзу өтіліне талаптар қойылмастан кемелердің кез келген топтарының командалық лауазымының дипломы.
Біліктілігі орта деңгейдегі маман:
техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, жүзу өтіліне талаптар қойылмастан кемелердің 1, 2, 3, 4 топтары командирінің екінші көмекшісі-механиктің екінші көмекшісінің дипломы (техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, жүзу өтіліне талаптар қойылмастан кемелердің кез келген топтарының командалық лауазымының дипломы).
Моторшы-руль меңгеруші-жағдайлық монтері
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Міндеттер:
-Моторшы-руль меңгерушінің функцияларының шеңберіне кіретін барлық жұмыстарды орындау, жүріс көпірінде, рульдік және штурманның бөлмесінде және тент палубасында тазалық пен тәртіпті қадағалау.
- Кеме қатынасы жағдайының белгілерін қою, алу және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу. Өлшеу және сүзу жұмыстарын жүргізу.
- Кемені тұрақты бағытта ұстай білу немесе вахта бастығының нұсқауы бойынша әртүрлі жүзу жағдайларында, көзбен өлшеп бағдарлау кезінде де, көрсеткіштер курсының әртүрлі жүйелерінің көмегімен де курсты өзгерте білу; оған меңгерушілігі бойынша кестемен бекітілген механизмдерге уақтылы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.
- Негізгі энергетикалық қондырғылар мен қосалқы механизмдерге қызмет көрсету, кеме жүйелерінің құбырларының, шұралары мен клапандарының орналасуы мен мақсатын басқару және білу.
- Кемені тұрақты курста ұстау немесе әртүрлі жүзу жағдайларында вахта бастығының нұсқауы бойынша курсты өзгерту.
- Барлық кеме техникасына қызмет көрсетуге және жөндеуге қатысу.
- Кеме техникасын техникалық пайдалану ережелерін орындау.
- Палуба бөлігі бойынша кеме жұмыстарына қатысу.
Талаптар:
орта білім және «моторшы-руль меңгерушісі» біліктілігін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні
«КПЛ-933» қалқымалы кранының командирі
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі
Міндеттер:
- Түбін тереңдету жұмыстары, құм өндіру барысында топырақты игеру кезінде қалқымалы кранның жұмысына басшылық жасау.
- Кранның дұрыс техникалық пайдаланылуын және қызмет көрсетуін қамтамасыз ету.
- Кадрларды іріктеуге және орналастыруға, кранға бекітуге қатысу.
- Еңбек заңнамасына және кемелердегі қызмет Жарғысына сәйкес экипаждың жұмыс және демалыс режимін қамтамасыз ету, кеменің кестелерін тексеру және бекіту, экипаждың ұжымдық тамақтануын ұйымдастыру.
- Кранда ҚР заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
- Кеменің, адамдардың, жүктердің, өндірістік қызметтің және кеме мен кеме техникасын техникалық пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, ережелердің және басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
- Қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау бойынша шараларды орындау.
- Экипаждың тәрбие жұмысы мен моральдық жай-күйінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, экипаждың техникалық оқуын, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен бақылауды қамтамасыз ету.
- Өндірістік жоспардың, кран жұмысының берілген көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.
- Жұмыстың қауіпсіздігін қадағалау органдары мен басқа да бақылаушы органдардың нұсқаулары мен талаптарының орындалуын, тексерулер мен куәландыруларға кранның уақтылы берілуін қамтамасыз ету.
- Еңбек тәртібінің сақталуын және жалпы кемелік және вахталық қызметтерді ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
- Әрекеттерді басқару және экипажды кранның өміршеңдігі үшін күреске және судағы адамдарды құтқаруға дайындауды ұйымдастыру, сондай-ақ осы дайындықты бақылау.
- Журналдарды уақтылы және дұрыс жүргізу.
- Кеме құжаттарының, мөрлер мен мөртабандардың сақталуын қамтамасыз ету.
- Крандағы жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қолдану, болған оқиға туралы тиісті органдарға хабарлау, бір мезгілде оқиғаның салдары мен себептерін жоюға шаралар қабылдау және белгіленген тәртіппен құжаттарды рәсімдеу.
- Кранның, адамдардың немесе жүктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар мен мән-жайлар туындаған кезде бұл туралы бастыққа, иесіне хабарлау және алынған нұсқаулар мен ұсынымдарға, талаптар мен жағдайларға сәйкес әрекет ету.
- Басқа кемемен қақтығысқан, соқтығысқан жағдайда - көмек қажет пе екенін сұрау, қажет болса көмек көрсету, егер бұл өз кранына елеулі қауіп төндірмесе соқтығысу орын алған болса кеме капитанынан кеменің атауын, тіркелуі, жөнелту және межелі пункттері жөнінде, алынған зақымдардың сипаты туралы сұрау, содан кейін кран бойынша ұқсас мәліметтерді хабарлау, қажетті құжаттарды рәсімдеу.
- Зауыттық нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес, машинистпен бірлесіп, кранның, техника мен жабдықтардың жай-күйін бақылау мақсатында тексеру жүргізу.
- Адам туылған немесе қайтыс болған әрбір жағдайда, екі куәгердің қатысуымен акт жасау, сонымен қатар қайтыс болған жағдай туралы кеме иесіне хабарлау және оның нұсқаулары бойынша әрекет ету.
- Қылмыс жасады деп күдіктелген адамды немесе іс-әрекетінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, бірақ кеменің немесе ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамды ерекше үй-жайға оқшаулау және бірінші мүмкіндікте оны тиісті билікке беру.
- Пайдаланудағы кранды қабылдау кезінде:
- экипажбен танысу;
- құжаттарды, мөрді, мөртабандарды, ақшалай сомаларды және ақшалық құжаттарды қабылдау;
- өндірістік жоспармен және оның орындалу барысымен танысу;
- кеме дабылдары бойынша экипаждың әрекеттерінің пысықталуын тексеру;
- қажет болған жағдайда кеме иесінен корпусты, қозғалтқыштарды, рульдік бөлімше мен басқа құрылғыларды тексеруді талап ету. Тапсыру және қабылдау нәтижелері бойынша акт жасау, оның бірінші данасын кеме иесіне жолдау.
- Әкімшіліктің талабы бойынша қажетті құжаттаманы дайындау және вахталық жұмыстарды бөлу.
- Кеме қажеттіліктері үшін мүкәммалды, материалдарды, отын мен суды алуды және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету.
- Жұмыс уақытының есебін жүргізу.
- Жүргізу қағидаларына сәйкес жұмыс журналын және басқа да есепке алу және есептілік құжаттарын жүргізу.
- Экипажды уақтылы оқытуды ұйымдастыру.
- Кранның пайдаланылуына байланысты және оның зақымдалуына, экипаж мүшелерінің денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан кез келген апаттық оқиғаны уақтылы тергеп-тексеруді ұйымдастыру, олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау.
- Жұмыс орындарындағы тазалық пен тәртіпті, жабдықтардың, аспаптардың, сақтандырғыш қорғау құрылғыларының, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын бақылауды жүргізу.
- Бағынысты қызметкерлермен:
- қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарды бұзу фактілерін;
- болған жазатайым оқиғалардың мән-жайлары, себептері және олардың алдын алу шараларын.
- бұйрықтар, өкімдер, нұсқауларды талқылау.
- Кранды комиссиялық тексерулерге дайындауға қатысу.
- Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе апатқа әкелуі мүмкін бұзушылықтар анықталған кезде - машиналарды, жабдықтарды пайдалануды және жұмыс орындарында жұмыс жүргізуді тоқтатады.
Талаптар:
Командир лауазымына жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, 1, 2, 3, 4 түбін тереңдету снарядтары командирінің дипломы немесе кемелердің барлық топтары немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі, 1, 2, 3, 4 түбін тереңдету снарядтары немесе кемелердің барлық топтарының командирінің дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі бар адам тағайындалады.
Әкімшілік-шаруашылық қызметі автомобилінің механик-жүргізушісі
Жалақы деңгейі
әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан кем емес
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары немесе орта техникалық білім
Жұмыспен қамту түрі:
Толық уақыт, толық күн
Жолды пайдалану қызметінің картографы
Жалақы деңгейі
әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі
жұмыс тәжірибесінсіз
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары білім
Жұмыспен қамту түрі:
Толық уақыт, толық күн
Экономист
Жалақы деңгейі
әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жыл
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.
Жұмыспен қамту түрі:Толық уақыт, толық күн
Жұмыспен қамту түрі:
Толық уақыт, толық күн
Бухгалтерлік есептің аға бухгалтері
Жалақы деңгейі
әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі
жұмыс тәжірибесінсіз
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
Белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлықтан өткен тиісті мамандық бойынша жоғары немесе орта білім
Жұмыспен қамту түрі:
Толық уақыт, толық күн
Кеме механигі-командирдің екінші көмекшісі
Жалақы деңгейі
әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі
командалық лауазымдарда жүзу өтілі 12 айдан кем емес
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
уәкілетті орган берген белгіленген үлгідегі жұмыс дипломы болған кезде жоғары және орта кәсіптік (техникалық) білім
1,2,3,4 топ кеме механигі дипломының болуы
Жұмыспен қамту түрі:
кесте бойынша ауысымды
Моторшы – матрос - жол жұмысшысы
Жалақы деңгейі
әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі
жұмыс тәжірибесінсіз
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
Орта білімі және «Моторшы-матрос» біліктілігін растайтын құжат.
Жұмыспен қамту түрі:
кесте бойынша ауысымды