«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Тарихы

     1925 жылдың 3 ақпанында Мәскеуде КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің көлік және байланыс секциясының отырысы өтті. 1925 жылдың сәуір айында Орал қаласында Волга кеме қатынасының Өзен агенттігі құрылды. Жайық өзенін игеру 1931 жылдан Орал-Елек учаскесінде, ал 1932 жылдан Елек-Чкалов (Орынбор) учаскесінде басталды. Пайдаланылатын өзен жолдарының ұзындығы 833-тен 1471 км-ге дейін өсті. Өзен көлігінің аудандық басқармасы 1931 жылдың шілде айына дейін жұмыс жасады. Су көлігі халық комиссариатының №156 бұйрығына сәйкес, 1931 жылғы 4 шілдеден бастап аудандық өзен көлігі басқармасының атауы Орал өзен көлігі басқармасы болып өзгертілді. 60-жылдардың ортасы мен 70-ші жылдардың басындағы басты оқиға Орал өзен кеме қатынасы оқу комбинатының жұмыс жасай бастауы болды, онда кеме құрастырушы, меңгерік-моторшы, кеме жөндеуші-слесарь, жүзу кранының краншылары, токарь, электр дәнекерлеуші және кеме аспазшысы сияқты мамандар дайындалды. Орал өзен кеме қатынасы мекемесінің көптеген қызметкерлері кейіннен Куйбышев, Семей және Чарджоу өзен техникумдарын бітірді. Бұл флотты жаңартудың жауапты кезеңінде кеме қатынасы қызметкерлерінің дайындық деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. 70-ші жылдары өзеншілердің жол шаруашылығы бұрынғыдан да нығайды. Лоцман карталарын құрумен айналысқан іздестіру партиялары белсенді жұмыс істеді. Олардың кейбіреулері 1950 және 1960 жылдары жарияланды. Орал өзен кеме қатынасы мекемесінде Рубежкиден өзен сағасына дейін кеме тасымалы үшін қажетті тереңдіктерді ұстап тұратын 9 жерснаряды мен жербұрғылауыш жұмыс істеді. Кейін 1981 жылы кеме қатынасы қайта құрылғаннан кейін, су жолы жұмыстарының көлемі құлдырай бастады. 1989-1995 жылдар аралығында қайраңдарды әзірлеу іс жүзінде тоқтатылды. 1996 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы №790 қаулысының негізінде, бұрынғы Орал кеме қатынасының жолдар бөлімі базасында Республикалық мемлекеттік қазыналық Орал су жолдары кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және жолдар комитеті болды. Кәсіпорынның басты мақсаты - Батыс Қазақстан облысының Рубежка ауылынан Атырау облысының Индер ауылына дейінгі Жайық өзенінің көрсетілетін қызмет шекарасы шегінде кемелер мен құрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кеме жүзетін су жолдарын дұрыс ұстау және дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру.
        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.04.2015ж. №231 қаулысымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Орал су жолдары кәсіпорны» РМҚК «Атырау су көлігі кәсіпорны» РМҚК-на қосылу арқылы қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.11.2015 ж. №744 қаулысымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Атырау су жолдары кәсіпорны» РМҚК, «Ертіс су жолдары кәсіпорны» РМҚК және «Іле су жолдары кәсіпорны» РМҚК Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына біріктіру арқылы қайта құрылды.
         2019 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №936 «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.