«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Тарихы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалының тарихы 1938 жылдан, яғни ССРО Совнарком бұйрығы бойынша Семей қаласында Объ-Ертіс бассейіндік жол басқармасына бағынышты техникалық жол учаскесі құрылған кезден басталады

1962 жылы негізгі өзен флотының 1962 жылғы 14 тамыздағы № 82 бұйрығы бойынша Семей техникалық учаскесі негізінде жеке кәсіпорын – Жоғарғы-Ертіс бассейіндік жол басқармасы (ЖЕБЖБ) құрылды. Кәсіпорынға жалпы ұзындығы 1964 шақырымға созылған келесі су жолдары берілді

  •  Бутчума қаласынан (ҚХР) Зайсан көліне дейін Қара Ертіс өзені
  •  Зайсан көлі, сол кезде жаңа толтырылып жатқан Бұқтырма су қоймасымен
  •  Өскемен су қоймасы
  •  Өскемен қаласынан Ресейдің Клин ауылына дейін (РКФСР) Ертіс өзені. Сондай-ақ екі шлюз: Бұқтырма өзенінен 4 камералы және бір камералы Өскемен шлюздері.

Шлюздерге қызмет көрсету үшін Өскемен гидроқұрылыстар ауданы құрылды. Су жолдарына қызмет көрсету үшін кәсіпорын балансында үш пароход, 20 теплоход, үш кран, 9 жерснаряд, оның екеуі дизельді-электрлі, жетеуі бумен болды. Сондай-ақ, бұдан басқа 6 көмір таситын баржа, сегіз мұнай құю баржасы, 11 брандвахта болды. Төрт брандвахтада арналық партиялар орналасты да, қалғанында жерснаряд командасы тұрды. Су жолдары қарауыл бекеттерімен қызмет көрсетілді. 1593 жағалық және 2367 жүзбелі белгілерге қызмет көрсететін 212 ахуал бекеттері жұмыс істеді. Кеме жүзетін жолдардың 1752 шақырымы жарықтандырылған болатын. Ахуал белгілер керосин шамдарымен жарықтандырылды.

Өскемен қаласынан Клин ауылына дейінгі учаскеде кепілдендірілген тереңдіктің мөлшері мынаны құрады:

  •  Өскемен – Семей – 105 см.;
  •  Семей – Семиярка – 110 см.;
  •  Семиярка – Павлодар – 130 см.;
  •  Павлодар – Клин – 170 см.

Шүлбі шлюзі – Майтүбек учаскесіндегі кеме жүрісінің ерекшелігі табалдырықтардың бар болуында.

Бұл екі учаскеде барлығы 35 жартасты негіздермен қайраңдар бар. Ең қауіптілері Бабьи, Первомайский, Зерновой, Жаңасамей, Белокаменск, Известковск, Семибратск және Грачевск болып табылады

Ел экономикасының өркендеуімен бірге кәсіпорын да дами түсті. 1975 жылға қарай жарылыс және тас жинау жұмыстары жолымен Семей-Семиярка учаскесінде кепілдендірілген тереңдік 130 см-ге жетті, бұл Семей-Павлодар учаскесінде жұмыс істеп жатқан баржалардың жүктемесін арттыруға мүмкіндік берді. Ал Өскемен шлюзі-Өскемен порты учаскесінде тереңдік 210 см-ге артты, бұл Өскемен және Бұқтырма су қоймаларында жұмыс істеп жатқан кемелерге Өскемен портында толық шөгінді жүктеуіне мүмкіндік берді

1985 жылы кепілдендірілген габариттер тереңдігі мынаны құрады

  •   Боран (ҚХР) – Қара Ертіс сағасы – 100 см.;
  •  Зайсан көлінен Өскемен және Бұқтырма су қоймалары – 200 см.;
  •  Өскемен шлюзі – Өскемен порты – 210 см.;
  •  Өскемен – Семей – 105 см.;
  •  Семей – Май – 145 см.;
  •  Май – Павлодар – 155 см.;
  •  Павлодар – Клин – 190 см.

Бұл кезеңдерде барлық кеме жүрісінің ахуалы электрлендіріп, оның басым бөлігі бригадалық тәсілмен қызмет көрсетілді. Бригадалық тәсіл жол теплоходтарының келуімен байланысты енгізілді. Жаңа флоттардың келуімен ескі кемелер қатардан шығарыла бастады. «Челюскин» ең соңғы пароходы 1974 жылы, ал ең соңғы бу жерснаряды 1981 жылы есептен шығарылды. 90-шы жылдары кәсіпорынның техникалық флоты жалпы техникалық өнімділігі 3300 сағ/м 3 құрайтын 11 жер қазу бірлігінен және екі карчекрандардан тұрды. Жыл сайын навигацияда өздігінен жүретін флоттың 55 бірлігі жұмыс істеді (тіркеп-сүйрейтін, шаландаушылар, мотожеткізулер және жол теплоходтары). Арнаның қайта қалыптасуын зерттеу үшін және жер қазу, тегістеу жұмыстарын жоспарлау үшін 7 арналық партиялар іске қосылды

«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда күшіне енген №2335 Жарлығына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы №790 қаулысына сәйкес 1996 жылы Жоғарғы Ертіс бассейндік жол басқармасының орнына Өскемен, Семей Павлодар қалаларында 3 жеке кәсіпорын құрылды

Семейде ЖЕБЖБ құқығын иеленушісі Республикалық мемлекеттік қазыналық Семей су жолдары кәсіпорны болды

2015 жылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде кәсіпорын Семей су жолдары филиалы ретінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ертіс су жолдары кәсіпорны» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылды

2016 жылы «Ертіс су жолдары кәсіпорны» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Атырау су жолдары кәсіпорны» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Іле су жолдары кәсіпорны» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны біріккеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» Респуликалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалы құрылды.

2019 жылы Министрліктің атын өзгертуіне байланысты, филиал Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалына аты ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының  2023 жылғы 15 қыркүйектегі «Кейбір мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы» № 2 бұйрығына сәйкес бастап филиал Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Семей филиалы болып қайта аталды.