Бос жұмыс орындары
Гидротехникалық кешендерді автоматтандыру жөніндегі бас маман
Жалақы деңгейі
штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тиісті бейін бойынша басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Міндеттер:
1. Филиалдың өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметі процесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
2. Филиалдардың гидротехникалық құрылыстарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шарттардың орындалуы бойынша жоспарлар мен шарттық жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
3. Бөгде ұйымдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның, филиалдардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес кәсіпорынның гидротехникалық құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру.
5. Кәсіпорын филиалдарының өндірістік жоспарларын әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
6. Басқару әдістерін үнемі жетілдіру және оны пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында, гидротехникалық құрылыстардың жұмысы мен техникалық жай-күйі туралы мерзімді есептерді зерделеуді, тексеруді және бұрыштама қоюды жүзеге асыру.
7. Апаттық жағдайдың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
8. Филиалдардың гидротехникалық құрылыстарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру.
9. Филиалдар үшін сатып алынатын (нарықта сатып алынатын, құрылысқа жоспарланатын) кемелерге техникалық-экономикалық негіздемелер мен ұсыныстар әзірлеуге қатысу.
10. Гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру жүйелерін енгізуді, пайдалануды және жетілдіруді бақылауды жүзеге асыру. Бекітілген кестеге сәйкес Кәсіпорын филиалдары бойынша гидротехникалық құрылыстарды уақтылы, толықтығына, жөндеу сапасына бақылауды, гидротехникалық құрылыстарды пайдалануға уақтылы тапсыруды жүзеге асыру.
11. Гидротехникалық құрылыстар жұмысының келешегіне қатысты өткізілетін кеңестерге, конференцияларға, семинарларға және басқа да ұйымдастыру іс-шараларына қатысу.
12. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпорын басшылығының ауызша және жазбаша өкімдерін, нұсқауларын, бұйрықтарын орындау.
13. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде және кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарды жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.
14. Кәсіпорын басшылығының хаттамалық тапсырмаларын, өкімдері мен бұйрықтарын орындау бойынша ақпарат қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз ету.
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім;
Шарттары:
Толық жұмыс күні, жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағ 8.00-ден 17.00-ге дейін.
Толық әлеуметтік пакет: ақылы еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдер, зейнетақы аударымдары. Кәсіпорында таңертең және кешке жұмысшыларды тасымалдауға арналған қызметтік көлік бар.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Ұйымдастыру-кадрлық және әкімшілік-техникалық жұмыс басқармасы қосалқы персоналының жүргізуші - экспедиторы.
Жалақы деңгейі
штаттық кестеге сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі
талап қойылмайды
Міндеттер:
Өзінің еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау;
Көлік құралын басқаруды жүзеге асыру кезінде әрқашан өзімен бірге және оған уәкілетті ішкі істер органдарының лауазымды адамдарының талап етуі бойынша оларды тексеру үшін:
- көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігін (уақытша рұқсат және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат);
- көлік құралына тіркеу құжаттарын;
- көлік құралын оның иесі болмаған жағдайда басқару кезінде осы көлік құралын иелену немесе пайдалану немесе оған билік ету құқығын растайтын құжатты;
- мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы құжатты;
- көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы құжатты;
- белгіленген жағдайларда жол парағы және тасымалданатын жүкке арналған құжаттарды беру.
Жол жүрісі қағидаларын, автокөлікті техникалық пайдалану қағидаларын, лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алу және тікелей басшының жедел нұсқауларын орындау;
Жолға шықпас бұрын көлік құралының ақаусыз техникалық жай күйін тексеру және жолда қамтамасыз ету;
Көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны бөгде адамдардың пайдалануын болдырмайтын шаралар қолданбай көлік құралынан шықпау;
Жүзеге асыру: автокөлікті отынмен, майлау материалдарымен және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру; жол құжаттарын ресімдеу; желіге шықпас бұрын автомобильдің техникалық жай-күйін тексеру және қабылдау; автокөлікті тапсыру және оны жұмыстан оралғаннан кейін белгіленген жерге қою; автокөлікті жүктерді тиеуге, сондай-ақ жүктерді түсіруге беру; тиеудің дұрыстығын бақылау; Механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін желіде жұмыс істеу кезінде пайда болған жылжымалы құрамның пайдалану барысындағы ұсақ ақауларын жою;
Жүктерді қабылдап жеткізу орнына тапсыруды және алып жүруді, жүкке қажетті тасымалдау құжаттарын жасауды қамтамасыз ету;
Ішкі еңбек тәртібінің талаптарын орындау және еңбек тәртібін сақтау;
Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария жөніндегі қағидалардың талаптарын сақтау;
Кәсіпорын басшылығының құзыреті мен тапсырмасы шегінде басқа жұмыстарды орындау;
Жұмыстан босатылған кезде белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жауапты тұлғасына автокөлікті тапсыру;
Толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес толық материалдық жауапкершілікке;
Тікелей басшыға өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде туындайтын мәселелер туралы хабарлау.
Талаптар:
жалпы орта білім немесе негізгі орта білім, «В» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәліктің болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Шарттары:
Толық жұмыс күні, жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағ 8.00-ден 17.00-ге дейін.
Толық әлеуметтік пакет: ақылы еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдер, зейнетақы аударымдары. Кәсіпорында таңертең және кешке жұмысшыларды тасымалдауға арналған қызметтік көлік бар.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бухгалтерлік есеп басқармасының аға бухгалтері
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
бухгалтер лауазымындағы қаржы-бухгалтерлік (қаржы-экономикалық) жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
Міндеттер:
• Кәсіпорынның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және сенімді бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсыну;
• Бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындау, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізу;
• Бухгалтерлік, салықтық, статистикалық және басқарушылық есеп талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ақпараттық жүйесін қалыптастыруға қатысу;
• Қаржылық талдау жүргізуге және бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері негізінде салық саясатын қалыптастыруға, ішкі аудитті ұйымдастыруға қатысу;
• Шоттардың жұмыс жоспарын, үлгілік нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есептілікке арналған құжаттардың нысандарын әзірлеуге қатысу, бухгалтерлік ақпаратты өңдеудің негізгі тәсілдерінің, әдістерінің және технологиясының мазмұнын анықтауға қатысу.
Талаптар:
Жоғары кәсіптік (экономикалық) білім.
Шарттары:
Толық жұмыс күні, жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағ 8.00-ден 17.00 дейін.
Толық әлеуметтік пакет: ақылы еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық парағына төлем, зейнетақы аударымдары. Кәсіпорында таңертең және кешке жұмыскерлерді тасымалдауға арналған қызметтік көлік, асхана және жаттығу залы бар.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жоспарлау-экономикалық басқармасы есепке алу бөлімінің экономисі
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
бухгалтер лауазымында қаржылық-бухгалтерлік (қаржылық-экономикалық) жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Міндеттер:
1. Филиалдардың бюджеттік өтінімдеріне енгізілген шығындардың негіздемелері мен есептеулерін тексеру, уәкілетті орган үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру және ресімдеу;
2. Даму жоспарларын жасауға қатысу;
3. Мемлекеттік тапсырмадан тыс қаражаттың нақты түсуі мен шығуын жоспарлау және есепке алу;
4. Көрсетілетін қызметтер мен орындалатын жұмыстардың өзіндік құнын есептеуді бақылау. Тарифтердің құнына талдау жүргізу, уәкілетті органның тарифтерді бекіту туралы жиынтық бұйрығын қалыптастыруға қатысу;
5. Есептеудің түрлері бойынша еңбекақы төлеу қорларына талдау және есеп жүргізу;
6. Ұйымдық құрылымды және штаттық кестені әзірлеуге қатысу;
7. Басшылықтың сұрауы бойынша жұмыскерлерді ынталандыру үшін ЕТҚ бойынша жедел есептеулерді жүргізу;
8. Жоспарлау-экономикалық басқармасының ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге тікелей қатысу;
9. Құжатталған рәсімдерге сәйкес іс қағаздарын жүргізу;
10. Тапсырмалар мен нұсқауларды орындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (экономикалық, техникалық) білім немесе арнаулы орта (экономикалық, техникалық) білім, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Шарттары:
Толық жұмыс күні, жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағ 8.00-ден 17.00-ге дейін.
Толық әлеуметтік пакет: ақылы еңбек демалысы, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемдер, зейнетақы аударымдары. Кәсіпорында таңертең және кешке жұмысшыларды тасымалдауға арналған қызметтік көлік бар.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Ұйымдастыру-кадрлық және әкімшілік-техникалық жұмыс басқармасы құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
• Кәсіпорын мен филиалдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жұмысын ұйымдастыру және қолданылуын бақылау;
• Кәсіпорын мен филиалдарда мемлекеттік тілді дамыту және қолдану жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
• Мемлекеттік тілді дамыту, кәсіпорында қазақ тілін қолдану мәдениетін арттыру және функцияларын кеңейту, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
• Кәсіпорында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша есептілікті жасау және басшыға ұсыну;
• Құжаттарды грамматикалық, лексикалық және стилистік мазмұнына, сондай-ақ басшылыққа қол қоюға келіп түсетін құжатталған рәсімдердің, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аудару, түзету және тексеру;
• Кәсіпорын бөлімшелерінде мемлекеттік тілде құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылау;
• Кәсіпорын басшылығының, тікелей өз басшысының, сондай-ақ ҰКЖжӘТЖБ бастығының не оның орынбасарының, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін, ауызша және жазбаша тапсырмаларын, тапсырыстарын, өкімдерін, бұйрықтарын уақтылы орындау.
• Істер номенклатурасына сәйкес, іс жүргізу және мұрағат ісін жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
• Орындаушылық және еңбек тәртібін, еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар немесе тиісті мамандық бойынша орта кәсіптік білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Шарттары:
Толық әлеуметтік пакет: ақылы еңбек демалысы, аурухана мен зейнетақы аударымдары. Кәсіпорында таңертең және кешке жұмыскерлерді тасымалдауға арналған қызметтік көлік бар.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні, жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, 8.00-ден 17.00-ге дейін.
«Заң бюросының заңгері»
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі
мамандығы бойынша кемінде еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Міндеттер:
• кәсіпорынның қызметін реттейтін мәселелер бойынша нормативтік және құқықтық тәртіп актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
• құрылымдық бөлімшелердің басқа да мамандарымен бірлесе отырып құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу, жетілдіру;
• заңдылықты бұзбау мәніне қарау және кәсіпорынның өкімдік құжаттарына (бұйрықтар, өкімдер) бұрыштама қою;
• кәсіпорын жұмыскерлеріне құқықтық көмек көрсету, кәсіпорын қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңестер, қорытындылар, анықтамалар беру;
• кәсіпорын басшылығының тапсырмасы бойынша басқа мамандардың қатысуымен тексеру, атқарушылық, еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы материалдар дайындау, кәсіпорынға келтірілген материалдық залалды өтеу, кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес әртүрлі комиссиялардың жұмысына қатысу;
• шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің жобаларын қарау немесе дайындау, оларға қорытынды әзірлеу, олардың қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін тексеру, кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерімен келісе отырып, оларға бұрыштама қою;
• басшылықтың тапсырмасы бойынша материалдарды дайындауды қамтамасыз ету және талап-арыз жұмыстарын жүргізу, дауларды қарау кезінде соттарда өкілдік ету;
• келіп түскен талаптарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы келіп түскен шағымдар мен шешім жобаларына жауаптар дайындау;
• басшылық қойған міндеттерді шешу үшін, өз міндеттері шегінде кәсіпорын филиалдарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
• кәсіпорын басшылығының құзыреті мен тапсырмасы шегінде басқа жұмыстарды орындау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.