«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Учаскелер гидрологиясы және жергілікті жүзу ережелері

Қара Ертіс көлі

Ертіс өзені өзіні бастауын Моңғол Алтай тауынан алады, биіктігі 2000 метрде, құмды жер бойынша ағады. Өзеннің арнасы тұрақты емес, ағыстың әсерімен тез жылжуы мүмкін түбінде ұсақ құмы бар. Сондықтан, кеме жүрісі бірнеше тәулік бойы қайраңдар қатарында өзгереді және өзен ағысы шегінде жылжуы мүмкін, қауіпті кеме қатынасына кедергі келтіретін кесек және ұсақ аралдар, құмды қайраңлар пайда болады.

Қара Ертіс өз атырауында су бөлігін көптеген арналар бойынша шығындайды. Судың көп бөлігі Зайсан көліне екі ағыспен құмды барды құра отырып құяды. Кеме қатынасы үшін, әсіресе саба үшін, оңтүстік-шығыс жел кезінде қума-айдау құбылыстары қиын жағдай туындайды. Қара Ертіс өзенінің ұзақтылығы Боран к. бастап Қара Ертіс сағасына дейін 100 шақырымды құрайды. Кеме жүрісінің кепілдендірілген габариттері 170 см жобалық деңгейде Боран су өлшеу постының тұстамасында тередігі 60 см., ені 30 см., айналу радиусы 150 м. құрайды.

Бақылаудан навигациялық кезеңде кеме жүрысы кепілдендірілген габариті сақталатыны белгілі.

Зайсан көлі

Зайсан көлі, кеме жүрісі бойынша ұзақтылығы 128 шақырым (Бархот мысына кеме жүрісі есебімен және Қара Ертіс сағасына дейін), құрғақ Зайсан қазаншұңқырында орналасқан, Тарбағатай жотасы сілемінің оңтүстігімен, Оңтүстік Алтай жотасының солтүстігімен шектелген. Кемелерді дауылда жасыру үшін құмды мүйістер көлге шығатын жағалау пайдаланылды. Мүйістердің сол жағасы бойынша: Тополев, Песчаный, Ақтүбек, Тұйық, Волчий. Оң жағалау бойынша Бархот мүйісі, Зайсан көлінен шығарда Голодай мүйісі орналасқан.

Шығыс және оңтүстік-шығыс желдері басым. Көл бойынша кеме жүрісі сол жақ жағалауға таман өтеді. Көлде, сол жақ жағалаудың оңтүстік бөлігінде, Тұғыл кемежайы орналасқан, толқын тосқынды дамбамен қоршалған. Көлді қалқыма белгілерінен құралатын латериалдық навигациялық жағдай әрекет етеді. Бархот мүйісінде құм-қиыршық тас қоспасының кен орны орналасқан. Мүйіске кемелердің тәсілі көлді қалқыма белгілерімен белгіленген. Көлдің үлкен көлеміне қарамастан оның тереңдігі болмашы – 6-12 м., тек су айдыны ортасында терең сала жүреді, тереңдігі 18 м. тең.

Кеме жүрісінің кепілдендірілген габариттері: тереңдігі 200 см., ені 60 см., айналу радиусы 300 м.

Бұқтырма су қоймасы

Зайсан көлі Бұқтырма су қоймасымен аймағы сыналау біріктіреді. Кеме жүрісінің барлық арнасында жағалар бойынша шығанақтар бар, олар дауыл кезінде кемелердің тұруы үшін ыңғайлы. Өте айқын жағалау сызығы Карака кемежайының оқ жақ жағасында байқалады. Ертістің батқан арнасы камыс шөптермен жабылған, олар жаға сызығын көруді анықтауға қиын. Судың жоғары деңгейі және кеме қатынасы жағдайында қойылған кезде кеме жүргізушілері үшін өту аймағынан өту бойынша аса қиындықтар туындаған жоқ.

Бұқтырма су қоймасының ұзақтылығы өту аймағымен қосқанда 320 шақырымды құрайды. Су қоймасы Ертіс өзенін Бұқтырма ГЭС бөгетінің салдарынан құрылған. Кеме жүрісі ескі батып кеткен өзен арнасымен өтеді.

Кеме жүрісінің кепілдендірілген габариттері: тереңдігі 200 см., ені 60 см., айналу радиусы 300 м. Бақылаудан навигациялық кезеңде кеме жүрысы кепілдендірілген габариті сақталатыны белгілі. 

Өскемен су қоймасы

Өскемен су қоймасының ұзақтылығы 77 шақырымды құрайды, Өскемен қ. ауданындағы Аблакетка ө. сағасынан жоғары Өскемен ГЭС бөгетін жабу арқылы құралған.

Су қоймасы Ертіс өзенінің су басқан арнасы үстінен орналасқан және көзбен көруді шектейтін, кеме жүрісі бар тік бұрылыстары бар ірі жағалаулар арасынан тау шатқалынан ағады. Кеме қатынасы үшін ең қиын орындар: Монастырский, Серебряковский өткелдері, Өскемен және Бұқтырма шлюздері тәсілдері болып саналады. Берілген учаскеде 4 әуе өту жолы бар: Монастырский өткелі, Огнёвка ауылы, Таловский өткелі, Чахловский өткелі. Кеме қатынасы жағдайының белгілері өзенді-көлді қалқыма белгілерін ұсынады және кеме жүрісін екі жиекпен қоршайды.

Кеме жүрісінің кепілдендірілген габариттері: тереңдігі 200 см., ені 60 см., айналу радиусы 300 м. Өскемен ГЭС тербеліс деңгейлерінің кестесі см.

Ертіс өзені

Ертіс өзені Өскемен шлюзінен бастап Н. Азовский қайраңына дейін кеме жүрісі бойынша ұзақтылығы 111 шақырымды құрайды, реттелген ағын болып табылады. Қайраңдардағы тереңдік Өскемен ГЭС тұстамасы арқылы су шығынына байланысты. Бұл учаскедегі қауіпті кеме жүрісі үшін Өскемен ГЭС тұстамасы арқылы су шығыны кемінде 500 м.³/сек қүрайы тиіс.

Учаскеде, кеме жүргізуге арналған ең қиын жерлер көпірлер ораналсқан аудандар болып саналады. Кеме қатынасы үшін ең қиын орындар: Ульбинский, Н. Лопатинский, Корольки, Донские, Бобровский, Демидовский болып саналады. Бұл учаскелерде көптеген ағыстар бар, сопақ ағыстар бар, кеме жүрмейтін ағыстарда судың үлкен тасқыны, кеме жүрісі енінің шектеуі бақыланады.

Жарықтандырылмаған жағалау және жүзетін кеме қатынасы жағдайы кемелердің өтуін тәуліктің жарық кезінде ғана қамтамасыз етеді. Жүзбелі жабдықтар өте жиі жүзбелі балдырлармен, құлаған ағаштармен бұзылады және өзінің штаттық орнынан бұзылуы мүмкін, олар жабдықтау тобының жабдығына қызмет көрсету кестесін тығыздауды қажет етеді.

Кеме жүрісінің кепілдендірілген габариттері Өскемен шлюзінен бастап «Иртыштранс» ЖШС портына дейін: тереңдігі 210 см, ені 40 см., айналу радиусы 150 м. Бұл учаскедегі қозғалыс бір қатарлы және ФҚҚ диспетчерімен реттеледі. «Иртыштранс» ЖШС портынан бастап Н.Азовский кемежайына дейін: тереңдігі 150 см., ені 40 см., айналу радиусы 150 м.

Шүлбі су қоймасының ұзақтылығы 60 шақырымды құрайды. Су қоймасы Шүлбі ауданында Семей қ. жоғары 75 шақырымда Шүлбі ГЭС бөгетін жабу арқылы құралған. Кеме жүрісі өзенді-көлді қалқыма белгілермен белгіленген, жоғары бөлігінде сол жаө жағалауға көтерілуге жақындаған. Батыстан жел соғады. Толқынның ең үлкен биіктігі – Ковалевка өзенін құятын ауданда - солтүстік-батыс жел кезінде 2 метрге жетеді. Дауылды ауа-райы болған кезде кемелерге Ковалевка, Қызыл-Су өзендердің құылуы кезінде шығанақтарда тұруына болады. Кеме жүрісінің тереңдігі су қоймасының бастапқы және орташа бөлігінде 2 метрден 7 метрге дейін ауытқиды.

Шүлбі су қоймасы сыналау аймағы көктемгі ирригациялық су жіберу уақытында су деңгейінің төмендеуі кезінде су қоймасында Поворотный кемежайына дейін жылжиды.

Кеме жүрісінің кепілдендірілген габариттері: тереңдігі 200 см., ені 60 см., айналу радиусы 300 м. Шүлбі су қоймасының жобалық деңгейі 240.00 м. Б. с. құрайды.