«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Тарихы

Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі 2006 жылы 1 наурыздағы № 142 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен мемлекеттік мекеме нысанында құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №1669 қаулысына сәйкес Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

"Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысы және «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» РМҚК филиалын құру туралы» ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК 2019 жылғы 17 маусымдағы №1-03-62 бұйрығы негізінде «Қазақстан су жолдары» РМҚК-ның филиалы боп қайта құрылды.

"Қазақстан су жолдары" РМҚК "Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" филиалының (бұдан әрі - Филиал) қызметінің мәні кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыныптау болып табылады.

Филиал келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) су көлігінде кемелердің және объектілердің техникалық қауіпсіздігін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

2) кеме класын беру, жою, тоқтата тұру;

3) Филиалын жіктеген кемелерді техникалық есепке алуды жүргізу;

4) кемелерді жобалау, салу, жаңарту, қайта жабдықтау, жанғырту, пайдаланылудағы кемелерді жөндеу, материалдар мен бұйымдарды дайындау кезінде техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

5) кеме жасайтын, кеме жөндейтін кәсіпорындар және басқа да ұйымдардың өтінімдері бойынша тиісті құжаттарды бере отырып тану рәсімін жүргізу;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша:

– басқа да сыныптау қоғамдарымен келісімдерде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, Филиалдың техникалық есепке алуында тұрған,  техникалық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігі мәніне;

– қол қойылған келісім болған кезде олардың Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарына шығуы жағдайында, басқа сыныптау ұйымдарының класына не кемелерді техникалық куәландыруды жүргізу;

7) кеме жасайтын, кеме жөндейтін кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың өтінімдері бойынша «Ішкі сукөлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес жұмыстардың  орындалуы туралы куәландыратын құжаттарды бере отырып техникалық куәландыруды жүргізу;

8) кемелерді салуға, жаңартуға, қайта жабдықтауға, жаңғырту мен жөндеуге, кемелерде орнататын бұйымдарды (тетіктерді, жабдықты, құрылғыларды, жабдықтау заттарын) мен материалдарды дайындау мен жөндеуге арналған техникалық құжаттаманы қарау және келісу;

9) су жолдарында кемелердің жүзуге  жарамдылығын растайтын құжаттарды (көшірмелерін) беру;

10) егер көлік оқиғаларының Филиал сертификаттаған өнімге қатысы болмаса, есепте тұрған кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп тексеруге белгіленген тәртіпте қатысу;

11) Филиал талаптарына сәйкестігіне кеме жобаларына талдау жүргізу;

12) Филиал қызметінің бейіні бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.

Негізгі стратегиялық бағыттары:

  • нормативтік-құқықтық базаны үнемі жетілдіріп отыру;
  • қатардағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және штатты арнайы мамандарды игерген мамандармен толықтыру;
  • халықаралық тәжірибені енгізу;
  • көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту;
  • бюджет ауыртпалығын кезең бойынша төмендету.

          Қазақстан су жолдары» РМҚК 2019 жылғы 19 тамыздағы №1-03-93 «Қайта атау туралы» бұйрығы негізінде ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» филиалы ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы болып атауы өзгертілді.

   Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының  2023 жылғы 15 қыркүйектегі «Кейбір мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы» № 2 бұйрығына сәйкес бастап филиал Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы болып қайта аталды.