«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Механиктің бірінші көмекшісі-жер снаряды командирінің үшінші көмекшісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жыл
Міндеттер:
-ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган мен кеме иесі шығаратын техникалық пайдалану ережелеріне, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өз меңгеруіндегі техникаларды пайдалану мен күтіп-ұстау;
- палубалық және машина бөлшектері, кеменің қосалқы механизмдері мен құрылғылары бойынша кеме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестесін және жөндеу тізімдемесін жасау,              кеме техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің көлемі мен сапасын бақылау;
- кеме техникасы тоқтап қалған жағдайда, өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып, жеке өзі жою.
- белгіленген вахтаны атқару.
Талаптар:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, кемелердің 1, 2, 3, 4 топтары командирінің бірінші көмекшісінің дипломы бар және командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
- техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі, кемелердің 1, 2, 3, 4 топтары командирінің бірінші көмекшісінің дипломы бар және командалық лауазымдарда жүзу өтілі кемінде 12 ай.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Капитанның бірінші көмекшісі-механиктің бірінші көмекшісі жол шебері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жыл
Міндеттер:
-ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган шығаратын техникалық пайдалану ережелеріне, дайындаушы зауыттардың нұсқамаларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өз меңгерімін техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- палубалық және машина бөлшектері, кеменің қосалқы механизмдері мен құрылғылары бойынша кеме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- кеме жұмыстарын жүргізу кестесін жасау және экипаж мүшелерінің оларды орындау жөніндегі міндеттерін бөлу;
- рейске дайындықты және меңгерімнің дайындығын қамтамасыз ету;
- өз меңгерімі бойынша қозғалтқыштарды, қосалқы механизмдерді, жабдықтарды, жүйелер мен құрылғыларды тіркеу, техникалық күту және жөндеу бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау;
- азық-түлік пен материалдарды есепке алу және жұмсау, есептілікті жүргізу;
- белгіленген вахтаны алып жүру (кемені тікелей басқару).
Талаптар:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі бар, 1,2,3,4 кеме тобы капитанының бірінші көмекшісінің дипломы бар және жүзу өтілі 12 айдан кем емес 18 жастан асқан тұлға;
- техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі, кемелердің 1,2,3,4 тобы капитанының бірінші көмекшісінің дипломы бар және жүзу өтілі 12 айдан кем емес 18 жастан асқан тұлға.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Өскемен қ. Орталық өндірістік базаның электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- филиалдың электр жабдықтарына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу;
- филиалға тиесілі электр жабдықтарын жөндеу, баптау, теңшеу, қосу, ажырату;
- тұтынушылардың электр қондырғыларының ЭТЕ және ТҚЕ сәйкес электр жабдықтарын ауыстырып қосуды жүргізу;
- электр машиналарының, электр құрылғылар мен электр аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеуді, жөндеуді және құрастыруды жүргізу;
- электр машиналарына, электр құрылғылар мен электр аппараттарына сынақ жүргізу;
- қалайылау, дәнекерлеу, оқшаулау, электр кабельдері мен кабельдерді төсеу және қосу;
- еденнен көтеру-тасымалдау механизмдерін басқару, жүктерді ілмектеу.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға, жұмыс өтіліне талап қоймай.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Механикалық-кемелік қызметтің жүргізушісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- автомобильдің техникалық жарамды күйінде жүктердің, жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын барынша қамтамасыз ететін автомобильдің кәсіби жүргізілуін қамтамасыз ету;
- авариялық жағдайдың туындауын болдырмайтын қозғалыс жылдамдығы мен қашықтықты таңдау;
- самосвалдың көтергіш механизмін, автоцистернаның сорғы қондырғысын және мамандандырылған автомобильдердің басқа да жабдықтарын басқару.
- автокөлікті жанармаймен, майлау материалдарымен және салқындатқыш сұйықтықпен уақтылы толтыру;
- автокөліктің техникалық жай-күйін желіге шықпас бұрын, оны берілген орынға немесе тұраққа тапсыру және қою алдында тексеру; оны қауіпсіз пайдаланудың дербес қажетті жұмыстарын орындау
Талаптар:
басқарылатын автомобильдің тиісті санатына жүргізуші куәлігі бар, жұмыс өтіліне талап қоймай, кемінде 18 жастағы тұлға
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Флот қозғалысы қызметінің флот қозғалысы жөніндегі диспетчері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- күн сайын кеме қатынасы жағдайындағы бекеттер жұмыскерлерінен, бекітілген учаскедегі жол шеберлерінен кеме жүрісі габариттерін өлшеу нәтижелері туралы мәліметтерді жинауды, сондай-ақ бөгеттер арқылы су деңгейлері мен шығыстары туралы ақпарат жинау;
- күн сайын белгілердің орналасуындағы өзгерістер туралы ақпарат жинау;
- кемелердің, сондай-ақ арналық іздестіру партиясының орналасқан жері туралы ақпарат жинау;
- ақпаратты өңдеуді жүргізу және мәліметтерді жолды пайдалану қызметіне беру;
- жер қазу,ттүбін тазалау снарядтарының, арналық іздестіру партиясының және басқа да өндірістік бірліктердің командирлеріне, жағдайлық бригадаларға өкімдер мен нұсқаулар беру;
- кеме қатынасы су жолдарының жай-күйін талдаумен байланысты жол жұмыстарының жобасын әзірлеуге қатысу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды, техникалық және кәсіптік білімі бар
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жоспарлау және материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының экономисі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- бөлімшелердің бюджеттік өтінімдеріне енгізілген шығыстардың есебін жасау, Бюджеттік өтінімді қалыптастыру, рәсімдеу және ұсыну.
- филиалдың даму жоспарын әзірлеу;
- жоспарлы қаржылық көрсеткіштері бар құжаттарды дайындау;
- филиалдың даму жоспары мен бюджеттік өтінімінің орындалуын, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің және жалпы филиалдың ақшалай қаражатты пайдалануын бақылау;
- филиалдың қаржылық қызметін талдау, белгіленген мерзімде мерзімді есептілікті дайындау.
- филиал көрсететін қызметтердің бағаларын есептеу, филиал бөлімшелерінің оларды қолдануын бақылау, мемлекеттік тапсырмадан тыс қаражаттың нақты түсуі мен шығуын жоспарлау және есепке алу, Мемлекеттік тапсырмадан тыс шарттардың орындалуын жасасу, тіркеу және бақылау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар тұлға, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі бар тұлға, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Кадр жөніндегі аға инспектор
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл
Міндеттер:
- жұмыскерлердің жеке-есепке алу құжаттамасын жүргізу;
- еңбек туралы заңнамаға сәйкес жұмыскерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды, сонымен қатар кадр бойынша басқа да белгіленген құжаттаманы рәсімдеу;
- жұмыскерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізу.
- аттестаттау, конкурстық, біліктілік комиссиялары үшін қажетті материалдарды дайындау. Еңбек кітапшаларын және өзге де құжаттарды толтыру, есепке алу және сақтау;
- жұмыскерлердің еңбек кітапшаларында және өзге де құжаттарында жазбалар жүргізу. Басқа мекемелерге ұсыну үшін жұмыскерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;
- жұмыскерлерге демалыс беру есебін жүргізу, кезекті демалыс кестелерінің жасалуын және сақталуын бақылау. Қызметтік куәліктерді есепке алу және беру;
- ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды мұрағатқа тапсыруға дайындау;
- «1С Кәсіпорын-жалақы және персоналды басқару» бағдарламасында жеке құрамның есебін жүргізу және жеке құрам бойынша уақтылы өзгерістер енгізу.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (заңдық, экономикалық) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (заңдық, экономикалық) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын немесе жалпы орта білімі бар, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлығы және кәсібі бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл
Міндеттер:
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі (негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, сатуға арналған шығындарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу) жұмысты орындау;
- бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындау;
- бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құрал-жабдықтардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
- салық және басқа да міндеттемелер туралы заңнамаға сәйкес, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен төлемдерін, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, жұмыскерлердің жалақысын есептеуді және аударуды жүргізу;
- бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі әдістері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын анықтауға қатысу;
- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;
- есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша мәліметтер дайындау;
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау; бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындау;
- есептеу техникасының көмегімен шешілетін міндеттердің немесе олардың жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылымын тұжырымдауға қатысу;
- экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін анықтау;
- өз құзыреті шегінде филиалдың ішкі құжаттарын келісу және қол қою;
- іс жүргізу бойынша белгіленген сыртқы және ішкі талаптарға сәйкес іс қағаздарын жүргізу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (қаржы-экономикалық) білім немесе техникалық және кәсіптік (қаржы-экономикалық) білімі бар, белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс өтіліне немесе арнайы даярлыққа талаптар қойылмайды және есепке алу, бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- электр жабдықтарының жүйелеріне қызмет көрсету: қызмет көрсетілетін электр қондырғылары мен электр жабдықтарының техникалық дұрыс пайдаланылуын, жарамды жай-күйін сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді, уақтылы жөндеуді, авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
- электр қондырғылары мен электр жабдықтарын, электр сымдарын және басқа да электр жабдықтарын орнату, баптау және тексеру;
- электр сымдарын толық және шлейфті ауыстыру;
- жаңа электр желілерін монтаждау;
- электр құрылғылар мен кабельдерді төсеу және айқастыру;
- электр розеткаларын, ажыратқышты орнату, тасымалдау;
- электр қондырғылар мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде ақаулар мен авариялардың себептерін анықтау, оларды алдын алу және жою шараларын қабылдау.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Матрос
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- кеме кестесіне сәйкес жүріс және тұрақ вахтасын атқару;
- палубалық механизмдерді, кеме құтқару құралдарын басқару;
- жүк үй-жайларын, жүк құралдары мен инвентарьді тиеуге және түсіруге дайындау;
- палубаны, кемелік қызметтік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды тазалап-жинау;
- корпустық конструкцияларға, палубалық механизмдерге, жабдықтар мен инвентарьға техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- трюмдердің люктерін ашу және жабу, жүкті тиеу, түсіру, бекіту және ағыту;
- льялдағы су деңгейін өлшеу.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, еңбек өтілі мен біліміне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.