«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Тарихы

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 231 қаулысымен, Шығыс Қазақстан кәсіпорны РМҚК, Павлодар кәсіпорны РМҚК және Семей су жолдары кәсіпорны РМҚК қосылу жолымен 4 филиал: Павлодар, Семей, Жоғарғы Ертіс және Кеме қатынасы шлюздері кіретін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ертіс су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.   

2016 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ертіс су жолдары кәсіпорны» РМҚК «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 744 қаулысының негізінде, «Ертіс су жолдары кәсіпорны» РМҚК, «Атырау су жолдары кәсіпорны» РМҚК және «Іле су жолдары кәсіпорны» РМҚК қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» РМҚК болып қайта ұйымдастырылды және 3 филиалмен (Каспий, Орал, Іле) кеңейтілді.  

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2017 жылы кәсіпорын 9 филиалға дейін кеңейтілді:           

-    2017 жылғы 30 қазанда «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңының 8-1-баптарының негізінде «Қазақстан су жолдары» РМҚК директорының 2017 жылы  27 қазандағы № 1-05-145 бұйрығымен «Қазақстан су жолдары» РМҚК Теңіз навигациялық орталығы құрылды;

-    «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 712 қаулысына сәйкес «Балқаш су жолдары кәсіпорны» РМҚК қосылуы жүзеге асты.  

2019 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны деп қайта аталды.

«Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 131 қаулысына сәйкес Кәсіпорын оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

 «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Филиал құру туралы» 2019 жылғы 17 маусымдағы № 1-03-62 бұйрығының негізінде «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» филиалы құрылды, 2019 жылғы 06 қыркүйекте  «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Қайта атау туралы» 2019 жылғы 19 тамыздағы № 1-03-93 бұйрығына сәйкес «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы деп қайта аталды.

«Қазақстан су жолдары» РМҚК «Өкілдік құру туралы» 2019 жылғы 10 маусымдағы № 1-03-54 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігі құрылды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі «Кейбір мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы» № 2 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

Қазіргі уақытта «Қазақстан су жолдары» РМҚК-да 8 филиал: Павлодар, Семей, Жоғарғы Ертіс, Орал-Каспий, Іле-Балқаш, «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы, «Теңіз навигациялық орталығы» филиалы, «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалы жұмыс істейді.