Бос жұмыс орындары
Жоспарлау-экономикалық басқармасы есепке алу бөлімінің аға экономисі
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.
Міндеттер:
1. Кәсіпорын мен филиалдардың сатып алу процесін жоспарлау, орындау, талдау, есепке алу және бақылау бойынша жұмыс жүргізу;
2. Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде сатып алудың жылдық жоспары шегінде кәсіпорынның ақшалай қаражатын және өз кірістерінің қаражатын есепке алу процесін жүзеге асыру;
3. Жылдық сатып алу жоспарына өзгерістер енгізуді жүзеге асыру;
4. Кәсіпорында сатып алу процесін орындау бойынша жұмыс жүргізу: қажетті негіздемелермен және есептеулермен кәсіпорын бөлімдері жасаған материалдық ресурстарға өтінімдерді талдау, жеткізушілермен келісімшарттардың жобаларын дайындау, келісімшарттық жұмыс, яғни, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және кәсіпорынның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес шарт жасасу, өзгерістер/толықтырулар енгізу, орындау, бұзу процесін тиісті түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
5. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» қолданыстағы Заңының талаптарын ескере отырып, филиалдарға өз кірістері қаражатынан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы сатып алуды жүргізу кезеңдеріне жәрдемдесу және бақылау жасау;
6. Құжатталған рәсімдерге сәйкес іс қағаздарын жүргізу;
7. Тапсырмалар мен сұраныстарды орындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (экономикалық, техникалық) білім немесе арнайы орта (Экономикалық, техникалық) білім, сондай-ақ мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет.
Шарттары:
Толық жұмыс уақыты, жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 8.00 - ден 17.00-ге дейін.
Толық әлеуметтік пакет: ақылы еңбек демалысы, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарына төлем, зейнетақы аударымдары. Кәсіпорында таңертең және кешке жұмыскерлерді тасымалдауға арналған қызметтік көлік бар.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні
Ұйымдастыру-кадрлық және әкімшілік-техникалық жұмыс басқармасы құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
• Кәсіпорын мен филиалдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жұмысын ұйымдастыру және қолданылуын бақылау;
• Кәсіпорын мен филиалдарда мемлекеттік тілді дамыту және қолдану жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
• Мемлекеттік тілді дамыту, кәсіпорында қазақ тілін қолдану мәдениетін арттыру және функцияларын кеңейту, кеңестер, конференциялар ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
• Кәсіпорында мемлекеттік тілді дамыту және қолдану жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша есептілікті жасау және басшыға ұсыну;
• Құжаттарды грамматикалық, лексикалық және стилистік мазмұнына, сондай-ақ басшылыққа қол қоюға келіп түсетін құжатталған рәсімдердің, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан аудару, түзету және тексеру;
• Кәсіпорын бөлімшелерінде мемлекеттік тілде құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылау;
• Кәсіпорын басшылығының, тікелей өз басшысының, сондай-ақ ҰКЖжӘТЖБ бастығының не оның орынбасарының, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін, ауызша және жазбаша тапсырмаларын, тапсырыстарын, өкімдерін, бұйрықтарын уақтылы орындау.
• Істер номенклатурасына сәйкес, іс жүргізу және мұрағат ісін жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
• Орындаушылық және еңбек тәртібін, еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар немесе тиісті мамандық бойынша орта кәсіптік білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Шарттары:
Толық әлеуметтік пакет: ақылы еңбек демалысы, аурухана мен зейнетақы аударымдары. Кәсіпорында таңертең және кешке жұмыскерлерді тасымалдауға арналған қызметтік көлік бар.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні, жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, 8.00-ден 17.00-ге дейін.
«Ұйымдастыру-кадрлық және әкімшілік-техникалық жұмыс басқармасы ұйымдастыру-кадр жұмыстары және қоғаммен байланыс бөлімінің ақпараттық технологиялар жөніндегі бас маманы»
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тиісті мамандық бойынша жоғары білімі болған жағдайда еңбек өтіліне талап қойылмайды; тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болған жағдайда мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Міндеттер:
- бағдарламаларды қосуға дайындау және жөндеу жұмыстарын жүргізу, жөнделген бағдарламаларды іске қосу, оларды үнемі жетілдіру;
- бағдарламалардың дұрыстығын автоматты тексеру жүйелерін, типтік және стандартты бағдарламалық құралдарды әзірлеу және енгізу, ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша мәселені шешу технологиясын жасау;
- кәсіпорынның, оның филиалдарының есептеу процестерін біріздендіру және типтеу жұмыстарын орындау;
- перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарлары мен кестелерін, жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, оны пайдалануды жақсарту және электрондық техниканы пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
- жергілікті есептеу желілері мен коммуникациялық жабдықтардың есептік, аппараттық құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және үздіксіз жұмыс істеуін, есептеу құралдарының, аспаптық және қолданыстағы бағдарламалық құралдардың жүйелік қамтамасыз етілуін жетілдіру;
- кәсіпорында ақпараттық ресурстарды ұтымды пайдалану, цифрландыруды дамыту бойынша ұсыныстар беру;
- кәсіпорын филиалдарының IT-мамандары жұмыстарының орындауын бақылау;
- компьютерлік техниканың және жергілікті желінің қызметтік мақсаттарда пайдаланылуын бақылау, ақпараттың таралып кетуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, интернет-ресурстың қызметтік және қызметтік емес мақсаттарда пайдаланылуына мониторинг жүргізу;
- серверлерді, ұйымдастыру техникасын, селекторлық, IP-телефония, телефон және интернет-байланыс жабдықтарын, бейнеконференция және бейнебақылау жүйесін, операциялық жүйелерді, кеңселік және антивирустық бағдарламаларды орнату, олардың жұмыс істеуі және қызмет көрсетуі жөніндегі жұмысты іске асыру;
- Кәсіпорынның ақпараттық-техникалық инфрақұрылымының штаттық жұмыс істеуі үшін қажетті және жеткілікті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің тізбесін айқындау және басшымен тікелей келісу;
- ККТ, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер жасауды бақылау;
- кәсіпорын веб-сайтының жұмысына техникалық және жүйелік қолдау жасау;
- «Ашық үкімет» интернет-порталында, кәсіпорын сайтында, әлеуметтік желілерде орналастырылатын кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты уақтылы орналастыру.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Бухгалтерлік есеп басқармасының бухгалтері»
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі
бухгалтер лауазымындағы қаржы-бухгалтерлік (қаржы-экономикалық) еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Міндеттер:
• мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу (негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін және т.б. есепке алу);
• бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, МЕА, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
• есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдеу;
• шаруашылық резервтерін анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептілік деректер бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге, негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жасау.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (экономикалық) білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Ұйымдастыру-кадрлық және әкімшілік-техникалық жұмыс басқармасы құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің іс жүргізу жөніндегі маманы»
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз.
Міндеттер:
• ішкі құжатталған процедураларға және үлгілік құжаттау ережелеріне сәйкес, кәсіпорында құжаттардың және құжат айналымының сапалы қалыптасуын қамтамасыз ету;
• кіріс және шығыс құжаттарын, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдау, тіркеу;
• қабылданатын, жолданатын хат-хабарларды есепке алу, құжаттарды жүйелеу және сақтау;
• бөлім істерінің номенклатурасын жасау және кәсіпорын істерінің номенклатурасын әзірлеу;
• күнделікті селекторлық кеңестерге материалдар дайындау (техниканы тексеру, қатысушыларды, филиал басшыларын тізім бойынша түгендеу).
• құрылымдық бөлімшелерде істерді рәсімдеу мен қалыптастырудың дұрыстығын бақылау;
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпорын басшылығының, сондай-ақ ҰК және ӘТЖБ бастығының немесе оның орынбасарының ауызша және жазбаша тапсырмаларын, талаптарын, өкімдерін, бұйрықтарын уақтылы орындау;
• кәсіпорынның сараптамалық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, комиссия отырыстарының құжаттамалық рәсімделуін қамтамасыз ету;
• орындаушылардың құжаттарды орындауы бойынша қосымша материалдардың бірге өтуін және уақтылы қайтарылуын бақылау;
• құжаттар бойынша анықтамалық аппаратты (деректер базасын) құру жұмысын жүргізу, оларды ыңғайлы және жылдам іздеуді қамтамасыз ету.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандық бойынша орта кәсіптік білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Заң бюросының заңгері»
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі
мамандығы бойынша кемінде еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Міндеттер:
• кәсіпорынның қызметін реттейтін мәселелер бойынша нормативтік және құқықтық тәртіп актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
• құрылымдық бөлімшелердің басқа да мамандарымен бірлесе отырып құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу, жетілдіру;
• заңдылықты бұзбау мәніне қарау және кәсіпорынның өкімдік құжаттарына (бұйрықтар, өкімдер) бұрыштама қою;
• кәсіпорын жұмыскерлеріне құқықтық көмек көрсету, кәсіпорын қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңестер, қорытындылар, анықтамалар беру;
• кәсіпорын басшылығының тапсырмасы бойынша басқа мамандардың қатысуымен тексеру, атқарушылық, еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы материалдар дайындау, кәсіпорынға келтірілген материалдық залалды өтеу, кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес әртүрлі комиссиялардың жұмысына қатысу;
• шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің жобаларын қарау немесе дайындау, оларға қорытынды әзірлеу, олардың қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін тексеру, кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерімен келісе отырып, оларға бұрыштама қою;
• басшылықтың тапсырмасы бойынша материалдарды дайындауды қамтамасыз ету және талап-арыз жұмыстарын жүргізу, дауларды қарау кезінде соттарда өкілдік ету;
• келіп түскен талаптарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы келіп түскен шағымдар мен шешім жобаларына жауаптар дайындау;
• басшылық қойған міндеттерді шешу үшін, өз міндеттері шегінде кәсіпорын филиалдарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
• кәсіпорын басшылығының құзыреті мен тапсырмасы шегінде басқа жұмыстарды орындау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) заң білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.