«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

8 (7232) 50-50-45
ШҚО, Өскемен қ. Сағадат Нұрмағанбетов к-сі, 35А

Мақсаты мен міндеттері

Кәсіпорын қызметінің мәні қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру, нақты уақыт режимінде кемелерге жедел және басқа да ақпараттарды беру арқылы теңіз кемелерін алып жүру және мониторинг үшін қолданылатын жағалық электронды навигациялық жүйелер құралдарын күтіп ұстау, дамыту және пайдалану болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын, ішкі су жолдарының қызмет көрсетілетін учаскелерінде, порттарға, кеме тұрақтарына, өзен флотының шығанақтарына кіреберістерде кеме жүрісінің кепілдік берілген және сараланған габариттерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде жүзудің навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

  

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)                Балқаш көлі, Қара Ертіс (шекара маңындағы су жолдарының Жоғарғы Боран қайраңының жоғарғы жағынан бастап), Зайсан көлі, Ертіс (Иртыш) өзені бойынша Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймаларымен Ресей Федерациясының шекарасына дейін; Іле өзені бойынша Қапшағай су қоймаларымен; Орал өзені бойынша Батыс Қазақстан облысының Рубеж кентінен Атырау облысының Атырау қаласына дейін, Орал-Каспий каналында, Қазақстан Республикасы аумағындағы Қиғаш өзені учаскесін (Волга өзені саласы) жол жұмыстары кешенін жоспарлау, жобалау және орындау арқылы ішкі су жолдарының кеме қатынасы учаскелерін күтіп ұстау;  

2)                Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме қатынасы шлюздерін және басқа гидротехникалық құрылыстарды жоспарлау, жобалау және жоспарлы-алдын алу, пайдалану және жөндеу жұмыстары кешенін іске асыру, соның ішінде күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ оларды қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстарын жүргізу арқылы кеме қатынасы үшін кемелердің жүзуін апатсыз жағдайда күтіп ұстау;

3)                теңіз порттары мен оларға кіреберістерде кемелердің қауіпсіз жүзуін навигациялық қамтамасыз ету;

4)                кемелердің радиолокациялық жүргізуін іске асыру;

5)                Кәсіпорынның техникалық флот кемелерін, арнайы мақсатқа арналған кемелерін, қосалқы кемелерін, өндірістік жағалаулық және басқа объектілерін  пайдалану, ұстау, қайта жөндеу (салу), жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және жөндеу бойынша жұмыстарын жүзеге асыру;

6)                бассейн шекараларының ішкі су жолдарында кеме жүрісінің бекітілген габариттерін қамтамасыз ету;

7)                кеме қатынасы су жолдарын ұстау және дамытуға арналған жабдық керек-жарағын және мүлкін әзірлеуді, жөндеуді, ұстауды және даярлауды қамтамасыз ету;

8)                ішкі су жолдарында жол жұмыстарын, соның ішінде түбін тереңдету (жер қазу), түзету, тралдық, түбін тазарту және іздестіру жұмыстарын қамтамасыз ету;

9)                мүдделі тұлғаларға су жолдарының жағдайы туралы ақпаратты дайындауды және беруді іске асыру;

10)           ішкі су жолдарында, соның ішінде Кәсіпорынның жаңа құрылысын жобалау, қолданыстағы объектілерін қайта жаңарту, жаңғырту және күрделі жөндеу кезінде жобалық, арнаны жобалау-іздестіру жұмыстарын, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық және іздеу жұмыстарын орындау, сондай-ақ осы жобаларды іске асыру барысында авторлық қадағалауды жүзеге асыру;  

11)           навигацияның ашылу және жабылу мерзімдерін белгілеу және жариялауға қатысу;

12)           су бассейнін ластауға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу, соның ішінде ағынды-қалдық және тұзды суларын қабылдау бойынша жұмыстарын орындау;

13)           құтқару құралдарын сынақтардан өткізу;

14)           кеме қатынасы жолдары және кеме қатынасы гидротехникалық құрылғылары туралы ғылыми-техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

15)           құм-қиыршықтас қоспаларын, соның ішінде түзету құрылымдарын салу үшін әзірлеу және тасымалдау;

16)           су объектілерінің және жағалау алқабының шегінде кемелерді, жүк көтергіш механизмдерді, жабдықтарды және автотракторлық техниканы қолданумен жұмыстарды орындау (қызмет көрсету);

17)           уәкілетті органның жыл сайын бекітетін жұмыстар (қызметтер) және олардың тарифтерінің тізбесіне сәйкес меншік табыс табуға (мемлекеттік тапсырмаларды есептемегенде) қатысты жұмыстар мен қызметтерді орындау;

18)           ішкі су жолдарының карталары мен сызбаларын жасау үшін материалдар әзірлеуге қатысу, оларды түзету және кеме иелерін карталар және түзетулермен қамтамасыз ету;

19)           кемелердің су жолдары каналдарымен өтуін қамтамасыз ету, соның ішінде диспетчерлік қолдау;

20)           шаруашылық-тұрмыстық пайдалануға арналған суларды тазалау;

21)           сүңгуір жұмыстарын жүргізу;

22)           кеме қатынайтын шлюздер арқылы өткізу (шлюздеу);

23)           кемелермен радиобайланыс орнату;

24)           кемелерді танып білу және оларды алыс қашықтықтан бақылау (КТҚБ), сондай-ақ уәкілетті сервис-провайдерлермен бірлесіп есептерді жүргізу;

25)           апат кезінде ғаламдық теңіздік жүйе байланысының (АҒТЖБ) және кемелердің қозғалысын басқару жүйесінің (КҚБЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

26)           іздестіру-құтқару операцияларын үйлестіруді қамтамасыз ету;

27)           зәкір тұрағында кемелер қозғалысы мен кемелер жағдайын үйлестіруді қамтамасыз ету;

28)           кемелерге навигациялық, жедел және басқа да ақпаратты жіберуді қамтамасыз ету;

29)           КОСПАС-САРСАТ халықаралық жерсеріктік жүйесінің апаттық ақпараттарын алу және өңдеу;

30)           кеме класын иемдену, жою, тоқтата тұру;

31)           Кәсіпорын жіктеген кемелерге техникалық есеп жүргізу;

32)           кемелерді жобалау, салу, жаңарту, қайта жабдықтау, жаңғырту, жөндеу, материалдар мен бұйымдарды пайдалану және дайындау кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

33)           кеме құрылысы, кеме жөндеу кәсіпорындарының және басқа ұйымдардың өтінімдері бойынша тиісті құжаттарды бере отырып тану рәсімдерін жүргізу;

34)           жеке және заңды тұлағалардың өтінімдері бойынша:

басқа жіктеу қоғамдарымен келісімдерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне Кәсіпорынның техникалық тіркеуінде тұратын;

қол қойылған келісім болған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарына кіретін басқа да сыныптау ұйымдарының класына ие болған кемелерге техникалық куәландыру жүргізу;

35)           кеме жасау, кеме жөндеу кәсіпорындары мен басқа ұйымдардың сұрауы бойынша «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес жұмыстардың орындалуын растайтын құжаттарды берумен техникалық сараптама жүргізу;

36)           кемелерді салуға, жаңартуға, қайта жабдықтауға, жаңғыртуға және жөндеуге, бұйымдарды (механизмдер, жабдықтар, құрылғылар, материалдар) және кемелерге орнатуға арналған материалдарға техникалық құжаттаманы қарау және мақұлдау;

37)           су жолдарында кеме жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттар беру;

38)           егер жол-көлік оқиғалары Кәсіпорын сертификаттаған өнімдерге қатысты болмаса, тіркелген кемелермен болған жол-көлік оқиғаларын тергеуге белгіленген тәртіпте қатысу;

39)           кемелердің Кәсіпорын талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізу;  

40)           су көлігіндегі кемелер мен объектілердің техникалық қауіпсіздігін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

41)    Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.