«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Тарихы

1933 жылы Балқаш-Іле Өзенкөлік басқармасының 1933 ж. 25 шілде айындағы № 88 бұйрығымен Бертыс айлағында Бүрлі -Төбе кемежайы кұрылды. Басты белгілеу - Балқаш кен-металлургия комбинатының құрылысына жүк және жолаушыларды тасымалдау. Жүктерден құрылыс материалдары және ауылшаруашылық өнімдері тасымалданды. 1934 жылдың навигация ашылуынан бастап Бертыс айлағының жағалауында орналасқан Балқаш қаласының құрылысына жүктер қосымша тасымалдана бастады. Бұл кездері пайдаланыста тіркеп алушы да жүк тасушы ретінде де дөңгелекті пароходтар болған, сонымен қатар 200-300 тоннаға дейін жүк көтеретін ағаш трюмді баржалар болды.

1936 ж. 10 мамыр айында Бертыс кемежайында кеме жөндейтін механикаландырылған шеберхана ұйымдастырылды. Мақсаты – Бүрлі-Төбе – Бертыс кеме жүретін желіге қызмет ететін кемелерді жөндеу ағымды жұмыстар.

Балқаш көлінде сол кездерден бері сақталып келе жатқан тарихи атаулардан «Чапай- тас» («Чапаев» дөңгелекті кемесінің апат болуына байланысты), «Каманин» қалқыма белгісі (космонавттар отрядының 1-ші бастығы, Совет Үкіметінің Батыры Команиннің басқаруымен гидроұшақтар отрядының ұшып келуіне байланысты), «Варанин» қалқыма белгісі (Балқаш көліндегі бірінші капитандардың бірінің атымен аталған), маяк «Телүп-ақай» (бірінші қараушысының атымен аталған).

Бүрлі-Төбе – Бертыс кеме жүретін желі – 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары жүк және жолаушы тасымалдаумен айналысты. Соғыс басталар кезде барлық кемелер СССР Әскери-теңіз флоты халық коммиссариатының қарауына берілді, және соғыс аяқталғанға дейін сонда болды.

Бертыс кемежайының 22.11.1945 жылғы № 1 бұйрығы бойынша кәсіпорын Өзенкөлік басқаруындағы Балқаш-Іле бөлімшесі ретінде қайта жұмыс істей бастады. Сол уақыттан бастап Бүрлі-Төбе - Бертыс кеме жүретін желіде ауыл-шаруашылықтағы жүк тасымалдау және осы жылдары кәсіпорында жаңа ғимараттар құрылысы басталды.

1947 жылы Бертыс кемежайы тәуелсіз бөлімшеге айналған Балқаш пайдаланылу учаскесінде қайта құрылды. Басты белгілеу – Балқаш көлінде кемелер жүретін желілердің (навигациялық қамтамасыз ету) және жүк-жолаушы тасымалдауды қамтамасыз ету. Негізгі жүктер – ауылшаруашылық өнімдері. Негізгі көлік желілері – балқаш – Бүрлі-Төбе және Балқаш – Қара-Шыған. Сол кезден бері Балқаш көлі бойынша қызмет ететін кеме жүру желілерінің ұзындығы 978 километр болды.

1972 жылдан бастап Балқаш пайдаланылу учаскесі, ауыл-шаруашылық жүк тасымалдаудан басқа, Приозерск қаласының құрылысына және Балқаш қаласының қажеттілігіне минералды-құрылыстық жүктер өндіріп, тасымалдай бастады.