«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Заңгер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Міндеттер:
- су көлігіндегі қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді дайындауға, жетілдіруге және енгізуге қатысу;
- әдістемелік құқықтық жұмысты орындау, құқықтық көмек көрсету;
- Филиал қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету;
- Филиал басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, ішкі нұсқаулықтар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру;
- Филиалдың мүдделерін қорғау;
- ақылы қызмет көрсету туралы шарттардың жобаларын дайындау;
- Филиалдың наразылық-шағым жұмыстарын жүргізу;
- Филиал жұмыскерлеріне жазбаша және ауызша кеңес беру.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары білімі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Экономист
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тиісті мамандық бойынша орта техникалық білімі болған жағдайда - мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Міндеттер:
- жыл сайын қаржыландыру жоспарын және Филиалдың бюджеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жасау;
- бюджеттік өтінім жасау;
- Филиалдың экономикалық қызметін іске асыру бойынша жұмысты орындау;
- материалдық, еңбек және қаржылық шығындар бойынша есеп айырысуды орындау;
- Филиалдың шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу;
- Филиалдың өндірістік қызметінің нәтижелері бойынша экономикалық көрсеткіштер есебін жүргізу;
- жұмыскерлерге үстемеақы, қосымша ақы және көтермелеу белгілеу жөніндегі комиссияның отырыстарын өткізу;
- мерзімді есептілікті белгіленген мерзімде дайындау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық бойынша орта техникалық білімінің болуы және мамандығы бойынша еңбек өтілі                          3 жылдан кем болмауы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Палубалы шағын көлемді кемелер бөлімінің инженері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі су көлігі саласында арнайы орта білімі болған жағдайда - мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Міндеттер:
- палубалы шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалау;
- бекітілген өңірде палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық есебін жүргізу;
- палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігі тұрғысынан техникалық куәландыру жүргізу;
- кемелердің техникалық қауіпсіздігі бойынша техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың, техникалық шарттардың және басқа да нормативтік құжаттардың жобалары келісіміне қатысу.
Талаптар:
жоғары техникалық білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе су көлігі саласында арнайы орта білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бухгалтер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі есепке алу және бақылау бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
Міндеттер:
- мүліктің бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты орындау;
- бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау, бақылау және оларды есептік өңдеуге дайындау;
- бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
- бухгалтерлік тіркелімдер бойынша материалдардың кіріс, шығыс және есептен шығарылуын жүргізу;
- ақылы қызметтер жұмысын іске асыру;
- мерзімді есептілікті статистика органдарына тапсыру.
Талаптар:
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық және есепке алу мен бақылау бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Нормативтік-техникалық жұмыс бөлімінің инженері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі су көлігі саласында арнайы орта білімі болған жағдайда - мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Міндеттер:
- кемелердің қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
- кемелерді салу, жаңарту, қайта жабдықтау, модернизациялау және жөндеу жобаларына талдау жасау;
- талдау жүргізу кезінде анықталған ескертулерді жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- кеме жөндеу және кеме салу ұйымдарына куәландыру жүргізу;
- техникалық құжаттаманың сараптамасын іске асыру.
Талаптар:
су көлігі саласында арнайы жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе су көлігі саласында арнайы орта білімінің болуы және мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Теңіз көлігі бөлімінің инженері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі су көлігі саласында арнайы орта білімі болған жағдайда - мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Міндеттер:
кемелерді сыныптау және техникалық есепке алу.
Талаптар:
су көлігі саласында арнайы жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе су көлігі саласында арнайы орта білімінің болуы және мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Ішкі су көлігі бөлімінің инженері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі су көлігі саласында арнайы орта білімі болған жағдайда - мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Міндеттер:
кемелерді сыныптау және техникалық есепке алу.
Талаптар:
су көлігі саласында арнайы жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе су көлігі саласында арнайы орта білімінің болуы және мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жабдықтарды жөндеу жөніндегі механик
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі су көлігі саласында жоғары білімі болған жағдайда - еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Міндеттер:
-    жабдықтың жарамды күйін қадағалау, оны жөндеу;
-    куәландыруды жүргізуге жабдықты (аспаптарды, аппаратураны) дайындау, әзірленген нұсқауларға және басқа да техникалық құжаттамаға сәйкес оны тексеру және реттеу;
-    куәландыруды жүргізуге қатысу, қажетті дайындық және қосалқы операцияларды іске асыру, бақылау жүргізу, аспаптардың көрсеткіштерін алу, жұмыс журналдарын толтыру;
-    орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қатысу.
Талаптар:
жоғары (техникалық) білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі немесе су көлігі саласында жоғары білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша арнайы орта білімі және маман лауазымдарында мамандық бойынша еңбек өтілінің болуы және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Автомобиль жүргізуші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
Филиал жұмыскерлерін тасымалдау бойынша қажетті іс-шараларды іске асыру.
Талаптар:
орта білімді, «В» санатты көлікті басқару құқығының куәлігі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау бөлімінің инженері Балқаш қ, Атырау қ., Қонаев қ.
Жалақы деңгейі 72 558 теңге
Қажетті жұмыс тәжірибесі жұмыс стажына талап қойылмайды
Міндеттер:
- палубалы шағын көлемді кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
- бекітілген өңірде палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық есебін жүргізу;
- палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан техникалық куәландыруды жүргізу;
- техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың, техникалық шарттардың және кемелердің техникалық қауіпсіздігі жөніндегі басқа да нормативтік құжаттардың жобаларын келісуге қатысу
Талаптар:
жоғары техникалық білімі болуы тиіс жұмыс стажына талап қойылмайды немесе су көлігі саласында арнайы орта білімі, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс

Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмысбастылық