«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл
Міндеттер:
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі (негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, сатуға арналған шығындарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу) жұмысты орындау;
- бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындау;
- бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құрал-жабдықтардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
- салық және басқа да міндеттемелер туралы заңнамаға сәйкес, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен төлемдерін, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, жұмыскерлердің жалақысын есептеуді және аударуды жүргізу;
- бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі әдістері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын анықтауға қатысу;
- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;
- есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша мәліметтер дайындау;
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау; бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындау;
- есептеу техникасының көмегімен шешілетін міндеттердің немесе олардың жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылымын тұжырымдауға қатысу;
- экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін анықтау;
- өз құзыреті шегінде филиалдың ішкі құжаттарын келісу және қол қою;
- іс жүргізу бойынша белгіленген сыртқы және ішкі талаптарға сәйкес іс қағаздарын жүргізу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (қаржы-экономикалық) білім немесе техникалық және кәсіптік (қаржы-экономикалық) білімі бар, белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс өтіліне немесе арнайы даярлыққа талаптар қойылмайды және есепке алу, бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- электр жабдықтарының жүйелеріне қызмет көрсету: қызмет көрсетілетін электр қондырғылары мен электр жабдықтарының техникалық дұрыс пайдаланылуын, жарамды жай-күйін сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді, уақтылы жөндеуді, авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
- электр қондырғылары мен электр жабдықтарын, электр сымдарын және басқа да электр жабдықтарын орнату, баптау және тексеру;
- электр сымдарын толық және шлейфті ауыстыру;
- жаңа электр желілерін монтаждау;
- электр құрылғылар мен кабельдерді төсеу және айқастыру;
- электр розеткаларын, ажыратқышты орнату, тасымалдау;
- электр қондырғылар мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде ақаулар мен авариялардың себептерін анықтау, оларды алдын алу және жою шараларын қабылдау.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Матрос
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- кеме кестесіне сәйкес жүріс және тұрақ вахтасын атқару;
- палубалық механизмдерді, кеме құтқару құралдарын басқару;
- жүк үй-жайларын, жүк құралдары мен инвентарьді тиеуге және түсіруге дайындау;
- палубаны, кемелік қызметтік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды тазалап-жинау;
- корпустық конструкцияларға, палубалық механизмдерге, жабдықтар мен инвентарьға техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- трюмдердің люктерін ашу және жабу, жүкті тиеу, түсіру, бекіту және ағыту;
- льялдағы су деңгейін өлшеу.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, еңбек өтілі мен біліміне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Кемелік аспаз
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- суда тамақ дайындаудың экологиясын ескере отырып, кеме экипажының мүшелеріне тамақ дайындау;
- азық-түлікке, жартылай фабрикаттарға өтінімдерді, мәзірді жасау;
- қажетті шикізат пен дайын өнімнің шығынын есептеу;
- түскен шикізат пен жартылай фабрикаттардың көлемі, сапасы және ассортименті бойынша өтінімдер мен жүкқұжаттар сәйкестігін бақылау;
- салмағы жеткіліксіз, жарылған, бұзылған, кондиционды емес азық-түлікке актілер ресімдеу;
- тамақты (өнімдерді) дайындау кезінде келесі операцияларды орындайды: сүзу, илеу, ұсақтау, қалыптау, фарштау, өнімдерді толтыру.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, тиісті куәлігі мен осы лауазымда кемеде жұмысты орындауға медициналық комиссияның рұқсаты болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Моторшы-матрос
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- вахта бастығының басшылығымен кемені басқару;
- кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеу;
- меңгеру кестесімен бекітілген механизмдерге техникалық қызмет көрсету;
- танктердегі суды, жүк үй-жайларындағы температураны, су айдынының тереңдігін қол лотпен өлшеуді жүргізу;
- палубалық механизмдерді, ескекті құтқару шлюпкаларын және моторлы қайықтарды басқару;
- кеме такелаждау, сырлау, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау;
- зәкірді көтеру және түсіру, палубаға шлюпкаларды көтеру және суға түсіру;
- палубаны, қызметтік палубалық және тұрмыстық үй-жайларды тазалап-жинау.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, біліктілік куәлігі (куәлігі) бар, еңбек өтілі мен біліміне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жүкшығыршы жұмысшы-моторшы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
-    жерснаряды (топырақ сорғыш) жұмысының технологиялық процесін басқару;
-    оған меңгеру кестесімен бекітілген пайдаланылатын механизмдерге техникалық қызмет көрсету;
-    жұмыс зәкірлерін орналастыру және қайта орналастыру;
-    палубалық қосалқы механизмдер мен жүк көтеру құрылғыларының жұмысын басқару;
-    такелаждық, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау;
-    такелаждық мүліктің, құрал-саймандар мен инвентарьдің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, біліктілік куәлігі (куәлігі) бар, еңбек өтілі мен біліміне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Моторшы-руль меңгеруші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеу;
- меңгеру кестесімен бекітілген механизмдерге техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізу;
- кемені берілген курста ұстау, курс көрсеткіштері мен рульдік құрылғының жұмысын бақылау;
- навигациялық жабдықтың қалқымалы және жағалау белгілерін, сигналдық діңгектердегі тереңдік көрсеткіштерін, жүзіп бара жатқан және тұрақта тұрған кемелердегі сигналдарды бақылау.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, атқаратын лауазымы бойынша куәлігі болған жағдайда еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Моторшы-руль меңгеруші-жағдайлық монтері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеу;
- меңгеру кестесімен бекітілген механизмдерге техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізу;
- кемені берілген курста ұстау, курс көрсеткіштері мен рульдік құрылғының жұмысын бақылау;
- навигациялық жабдықтың қалқымалы және жағалау белгілерін, сигналдық діңгектердегі тереңдік көрсеткіштерін, жүзіп бара жатқан және тұрақта тұрған кемелердің сигналдарын бақылау.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, атқаратын лауазымы бойынша куәлігі болған жағдайда еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Командирдің бірінші көмекшісі-механиктің үшінші көмекшісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган шығаратын техникалық пайдалану ережелеріне, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өз меңгеріміндегі техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- палубалық және машина бөлшектері, кеменің қосалқы механизмдері мен құрылғылары бойынша кеме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- земкараванның жұмыс құрылғыларын (шөміш тізбегін, плаврефулерді) орнату және құрастыру жұмыстарын басқару;
- сүйрету кезінде караван учалкасының дұрыстығын қадағалау - жеке өзі немесе мамандардың қатысуымен кеме техникасының істен шығуын жою;
- белгіленген вахтаны атқару.
Талаптар:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтары командирінің бірінші көмекшісі дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс;
- техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтары командирінің бірінші көмекшісі дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтары жөніндегі механиктің бірінші көмекшісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- егер бұл қауіпсіздікке қатер төндірмесе және оның қалыпты пайдаланылуын бұзбаса, өз меңгеріміндегі кеме техникасының жекелеген элементтерін қолданыстан шығару;
- кеме техникасын техникалық пайдалану қағидаларына, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес техникалық пайдалану және күтіп-ұстау;
- жеке өзі немесе мамандарды тарта отырып кеме техникасының істен шығуын жою;
- белгіленген вахтаны атқару.
Талаптар:
- 18 жастан кіші емес, тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіптік (техникалық) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды;
- 18 жастан кіші емес, тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды,
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.