«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Кемелік механик-ауысымдағы капитан
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- техникалық пайдалану қағидаларына дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес бекітілген кеме техникасын техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- негізгі қозғалтқыштардың, білік өткізгіштердің және қозғалыс-рульдік кешеннің, қосалқы механизмдердің, жүйелердің, электр жабдықтарының, машина үй-жайларының, палубалық механизмдердің механикалық және электротехникалық бөліктерінің, құрылғылар мен тұрмыстық техниканың техникалық жай-күйін бақылау;
- палубалық механизмдер мен құрылғыларға және корпустық конструкцияларға техникалық қызмет көрсету;
- кеме техникасының ақаулықтарын уақтылы жою және кемені пайдаланудан шығармай экипаждың күшімен жөндеуді ұйымдастыру.
Талаптар:
- 18 жастан кем емес, жоғары кәсіптік (техникалық) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс;
- 18 жастан кем емес, техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жылдам жүзетін катердің капитаны
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажетті шараларды сақтай отырып, жылдам жүзетін катерді басқару;
- кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
- негізгі және қосалқы кеме қозғалтқыштарына, олардың жүйелеріне, олардың жұмысын қамтамасыз ететін механизмдер мен техникалық құралдарға, палубалық механизмдер мен рульдік құрылғының механикалық бөлігіне, кеме жүйелеріне және оларға қызмет көрсететін механизмдерге қызмет көрсету және жөндеу;
- кеме жүйелері мен механизмдеріне, құрылғылары мен жабдықтарына техникалық күтім жасау;
- кемені, оның жүйелерін, құрылғыларын, жабдықтарын, машиналары мен механизмдерін қауіпсіз пайдалану;
- жолаушылардың қауіпсіздігін және катермен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының капитаны дипломы немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының капитаны дипломы, командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі, шағын көлемді кемені басқару куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Өскемен қ. Орталық өндірістік базаның, Прибрежный к. Өндірістік базаның электргазбен дәнекерлеушісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- конструкциялық болаттардан, түсті металдардан және қорытпалардан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды және күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен көміртекті болаттан жасалған құбырларды тігістің барлық позицияларында қолмен доғалық, жартылай автоматты дәнекерлеуді орындау, металдардың әртүрлі позицияларында, көміртекті және легирленген болаттардан, түсті металдардан және қорытпалардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді дәнекерлеудің барлық позицияларында тасымалданатын, стационарлық және плазмалық кескіш машиналарда қолмен таңбалау бойынша оттекті және плазмалық түзу және қисық сызықты кесуді орындау, берілген режимді сақтай отырып, бөлшектерді дәнекерлеу кезінде алдын ала және ілеспе қыздыруды орындау;
- газбен кесетін, газбен дәнекерлейтін, электрмен дәнекерлейтін жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау және оны жарамды күйде ұстау;
- дәнекерлеу немесе газ кесу жұмыстары жүргізілген дәнекерлеу цехында, өзге де үй-жайда немесе аумақта тазалық пен тәртіпті сақтау;
- газ қоймасын тәртіпте және тазалықта ұстау, газ баллондарын ауыстыру, жөнелту және қабылдау.
Талаптар:
біліктілік куәлігі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Өскемен қ. Орталық өндірістік базасының ағаш шебері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- ғимараттар мен құрылыстарда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын орындау, ағаш өңдеу жабдықтарында жұмыс істеу;
- ағаш бұйымдарын жасау және орнату;
- бөлшектерді жапсырмаға жабыстыру, қарапайым профильдің қапталмаған жолақ бөліктерін қолмен тазалау;
- ағаш конструкциялар мен бөлшектерді антисептикалық және отқа төзімді қоспалармен сіңдіру.
Талаптар:
біліктілік куәлігі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Өскемен қ. Орталық өндірістік базасының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер-аккумуляторшысы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- Филиалдың электр жабдықтарына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу және аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсету;
- Филиалға тиесілі электр жабдықтарын жөндеу, баптау, реттеу, қосу, ажырату;
- тұтынушылардың электр қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ сәйкес электр жабдықтарын ауыстырып қосуды жүргізу;
- әртүрлі типтегі және сыйымдылықтағы аккумуляторлар мен аккумуляторлық батареяларды жөндеу бойынша қарапайым және орташа күрделі жұмыстарды орындау;
- батарея элементтерінің ақауларын анықтау және оларды жою;
- аккумуляторлық батареяларда зарядтау агрегаттарын ағымдағы жөндеуді, электролитті ауыстыруды және бөлуді жүргізу.
Талаптар:
біліктілік куәлігі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Арналық іздестіру партиясының техник-гидротехнигі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- су объектілерінде далалық инженерлік-гидрографиялық жұмыстар жүргізу;
- топографиялық және батиметриялық түсірілімдерге қатысу;
- қайраңдағы тереңдіктер мен деңгейлер бойынша гидрологиялық және гидрографиялық ақпаратты жинауға қатысу, дала жұмыстарын жүргізу процесінде объектілердің су режимінің өзгеруін қадағалау;
- ағын жылдамдығын, су шығынын анықтау бойынша жұмыстарға қатысу;
- қайраң жоспарларының далалық материалдарын ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа және талаптарға сәйкес өңдеу;
- лоцмандық карталар мен сызбаларды ресімдеу және жұмыс орны бойынша кеме қатынасы жағдайының белгілерінің дұрыс орналасуын қадағалау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (кәсіптік орта) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Арналық іздестіру партиясының картографы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- дәстүрлі әдіспен және GPS жабдықтарымен өзендегі жобалау-іздестіру (геодезиялық, гидрографиялық, топографиялық) жұмыстарына қатысу;
- лоцмандық карталарды, лоцмандық схемаларды, қайраң жоспарларын құрастыру және түзету;
-топографиялық карталар (жоспарлар), оның ішінде цифрлық технология бойынша әртүрлі карталарды құрастыру, жаңарту және жасау жөніндегі жұмыстар кешенін, аэроғарыштық және жерүсті түсіру әдістерін қолдана отырып, әртүрлі масштабтағы карталарды (жоспарларды) басып шығаруға дайындау кезінде сызу-ресімдеу және гравюра жұмыстарын орындау;
- алынған өлшеу деректерін математикалық өңдеу жүргізу, арнаның үш өлшемді моделін құру.
Талаптар:
санатсыз, жоғары кәсіптік білімі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Автомобиль кранының машинисі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- жүктерді жүк көтергіш крандармен және жүк көтергіш машиналармен қауіпсіз жылжыту бойынша өндірістік тапсырмаларды орындау;
- аспаптар бойынша (анемометр) жүк көтергіш механизмдерге қойылатын техникалық талаптарды бұзбай кран жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін жағдайларды айқындау;
- жүк арқандарын, жүк көтергіш крандар мен жүк көтергіш машиналардың механизмдері мен тораптарын уақтылы майлау;
- жүк арқандарының, алынбалы жүк қармайтын құрылғылардың және таралардың жұмысқа жарамдылығын анықтау.
Талаптар:
біліктілік куәлігі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Механикалық-кемелік қызметтің механик-жүргізушісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- жабдықтардың барлық түрлерінің апатсыз және сенімді жұмыс істеуін, олардың дұрыс пайдаланылуын, уақтылы сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- жабдықтарды қарап-тексеру және жөндеудің күнтізбелік жоспарларын (кестелерін) әзірлеу, күрделі жөндеулерді орталықтандырылған түрде орындау, жоспарлы-алдын алу және ағымдағы жөндеуге қажетті материалдарды, қосалқы бөлшектерді, құралдарды алуға өтінімдер дайындау, жабдыққа паспорттар, қосалқы бөлшектерге спецификациялар мен техникалық құжаттамалар жасау;
-автомобильдің техникалық жарамды күйінде жүктердің, жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын барынша қамтамасыз ететін автомобильді кәсіби жүргізу;
- самосвалдың көтеру механизмін, автоцистернаның сорғы қондырғысын және арнайы автомобильдердің басқа да жабдықтарын басқару.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (техникалық) білімі немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды, жүргізетін автомобильдің тиісті санатындағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Механикалық-кемелік қызметтің инженер-механигі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- Филиалдың кеме жабдықтары мен техникалық құралдарының үздіксіз және техникалық дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- бекітілген кеме техникасы мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жөндеу жұмыстарын, жұмыс сапасы мен толық көлемін бақылау;
- жөндеу және дефектілі ведомостарын жасау;
- кемелерді қысқы тұраққа және флотты жөндеуге қабылдау актілерін жасау;
- материалдар мен кеме жабдықтарына өтінімдер жасау;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде кеме капитандарына, жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізу;
- флотты жөндеу және жағалауды механикаландыру кестесін жасау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, еңбек өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.