«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Учаскелер гидрологиясы

Ертіс өзені, қоректену жағдайы бойынша, Батыс-Сібір үлгісіндегі өзендерге жатады. СЭС каскады құрылысынан және оны пайдалануға енгізгеннен кейін өзеннің теңгерімді режимі толықтай реттелді. Көктемгі тасқын өзімен ирригациялық, жоспарланған су жіберуді қамтиды. Су жіберудің ұзақтығы 25-35 тәулік аралығында. Шүлбі СЭС жармасы арқылы судың ең барынша шығыны – 3500-3600 м³/сек құрайды. Судың құздан сабаға дейінгі бәсеңсуі мамыр айына келеді және шамамен екі аптаға созылады.

Су қоймасын қалпына келтіргеннен кейін және 15-25 тәуліктен кейінгі оң ағыны кезінде қосымша су жіберу болуы мүмкін, бірақ судың әлдеқайда аз шығынымен (850-ден 1500 м³/сек дейін). Орташа көктемгі тасқынның тербелісінің амплитудасы Баженово және Семей гидробекеттері бойынша – 280 см., Семиярка гидробекеті бойынша – 330 см.

Сабалық кезең төмен деңгейлермен байланысты. Бұл мезгілдегі Шүлбі СЭС жармасы арқылы судың ең барынша шығыны 600-650 м³/сек құрайды. Қызмет көрсету учаскесі Шүлбі СЭС-інің төменгі бьефінде табылғандықтан, онда су деңгейінің тәуліктік тербелісі байқалады: Баженово г.б. ауданында – 40-60 см.; Семей г.б. ауданында - 20-30 см.; Семиярка г.б. ауданында -10-15 см.