Ертіс өзенінде 1953 жылы Өскемен гидроэлектростанциясын, 1963 жылы Бұқтырма гидроэлектростанциясын және 1987 жылы Шүлбі гидроэлектростанциясын салуға байланысты Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі суқоймалары пайда болды. Кемелерді (салдарды) өткізу үшін жоғарыда аталған гидроэлектростанцияларының құрамына аттас гидротехникалық құрылыстар – кеме қатынайтын шлюздер енді.
1996 жылы Жоғары Ертіс бассейндік жол басқармасының орнына Заң күшіне ие «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізімі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына сәйкес Өскемен, Семипалатинск (қазір Семей), Павлодар қалаларында 3 дербес кәсіпорын құрылды. Гидротехникалық құрылыстар Шығыс Қазақстан су жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жедел басқаруында болды.
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір су жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 231 қаулысымен «Ертіс су жолдары кәсіпорыны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының кеме қатынасы шлюздерінің филиалы құрылды.
2016 жылдың 27 желтоқсанында филиал Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Гидротехникалық құрылыстар филиалы болып қайта құрылды.
2019 жылдың 28 наурызында филиал «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Гидротехникалық құрылыстар филиалы болып атауы өзгертілді.
2019 жылдың 04 қыркүйегінен бастап филиал Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы деп атауы өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі «Кейбір мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы» № 2 бұйрығына сәйкес бастап филиал Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Гидротехникалық құрылыстар филиалы деп атауы өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Гидротехникалық құрылыстар» филиалы қызметі, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) тиісінше ұстау, пайдалану және дамыту өндірістік іс-әрекетін жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) қауіпсіз пайдалануды, кемелерді үздіксіз және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Филиал құрылымына Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме қатынасы шлюздері енді.
Өскемен шлюзі
Өскемен бір камералы шахта үлгісіндегі кеме қатынасы шлюзі Өскемен су торабы арқылы кемелер мен салдарды өткізуге арналған.
Өскемен шлюзінің құрылысы арнайы құрылған «Иртышгэсстрой» құрылыс басқармасымен 1939 жылы басталды.
Ұлы Отан соғысы тұтас су торабы құрылысына түзетулер енгізді. Құрылысқа қаржыны тек 1948 жылы толық көлемде бөле бастады.
1953 жылдың 3 маусымында алғашқы шлюздеу жүргізілді. Шлюзді уақытша пайдалану 1957 жылды қоса алғанға дейін жүзеге асырылды, яғни Ертіс өзенін Бұқтырма су торабының тұстамасында жапқан сәтіне дейін.
1960 жылдың қазанында Өскемен кеме қатынасы шлюзі тұрақты пайдалануға қабылданды.
Құрылыс құрамы:
· ұзындығы 100 м. және 58 м. екі айлақ қабырғаларымен жоғарғы су жолы;
· шлюздің жоғарғы (ШЖБ) және төменгі (ШТБ) бастарымен шахта үлгісіндегі камера;
· ішінара оң жағалауды қазумен, ішінара бөлу бөгеті үймесінен туындаған ұзындығы 400 м. екі айлақ қабырғаларымен әрқайсысы 120 метрден төменгі су жолы арнасы.
Шлюздің негізгі көлемі:
сағалардың сыртқы қырлары арасындағы шлюздің жалпы ұызындығы 183,5 м;
шлюз камерасының габариттік өлшемдері:
Бұқтырма шлюзі
Бұқтырма төрт камералы бір тіректі кеме қатынасы шлюзі Бұқтырма су торабы арқылы кемелер мен салдарды өткізуге арналған. Ол Ертіс өзенінің тік оң жағалауының жартас ойығында орналасқан, шлюздің жоғарғы басы Бұқтырма су торабының ағысты қапталына енеді.
Шлюздің жобасы С.Я. Жук атындағы «Гидропроект» институтымен жасалған (Ленинград қ.). Бұқтырма шлюзінің құрылысы арнайы құрылған «Иртышгэсстрой» құрылыс басқармасымен 1960 жылы мамырда басталды.
Уақытша пайдалануға енгізу – 1963 жылдың сәуірі.
1966 жылдың қыркүйегінде Бұқтырма кеме қатынасы шлюзі тұрақты пайдалануға қабылданды.
Құрылыс құрамы:
Шлюздің негізгі көлемі:
сағалардың сыртқы қырлары арасындағы шлюздің жалпы ұызындығы 493,45 м;
шлюздің 1 камерасының габариттік өлшемдері:
шлюздің 2 камерасының габариттік өлшемдері:
шлюздің 3 және 4 камераларының габариттік өлшемдері:
Шүлбі шлюзі
Шүлбі шахта үлгісіндегі бір камералық шлюз Шүлбі су торабы арқылы кемелер мен салдарды өткізуге арналған. Ол Шүлбі кентінің ішінде Ертіс өзенінің сол жағалауында ГЭС жармасынан 400 метр төмен орналасқан.
Шүлбі су торабы құрамында шлюздің құрылысы 1978 жылы басталған. 1987 жылдың қыркүйегінде бөгетті жабуға байланысты Өскемен және Семипалатинск арасындағы өтпелі кеме қатынасы тоқтатылды. Шлюзді пайдалануға енгізу 1990 жылы жоспарланды. Бірақ КСРО ыдырағаннан кейін басталған экономикалық қайта құрулар өзен көлігінің әрі қарай дамуына кері әсерін тигізді және шлюздің құрылысы тоқтатылды. Тек 2003 жылдың қаңтарында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігімен «Гидропромстрой» ААҚ шарт бекітіліп, Шүлбі шлюзін салып бітіру жұмыстары басталды.
Жоба «Казгидро» ЖШС жобалық институтымен жасалды Алматы қ.
2004 жылдың желтоқсанында Шүлбі кеме қатынасы шлюзі тұрақты пайдалануға қабылданды.
Құрылыс құрамы:
· ұзындығы 1050 м. және су түбі бойынша ені 50.0 м айлақ қабырғасының ұзындығы 178 м жоғарғы су жолы арнасы;
· шахта үлгісіндегі камера шлюздің жоғарғы (ШЖБ) және төменгі (ШТБ) бастары және бғыттау ойықтарымен әрқайсысының ұзындығы 50 м;
· ұзындығы 2280 м және су түбі бойынша ені 50 м. төменгі су жолы арнасы.
Шлюздің негізгі көлемі:
сағалардың сыртқы қырлары арасындағы шлюздің жалпы ұызындығы 159,3 м;
шлюз камерасының габариттік өлшемдері: