«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Су жолының жағдайы туралы ақпарат

        Жағалау және қалқымалы кеме жүзетін жабдықтар кемелердің жүзуін қамтамасыз етеді. Навигациялық белгілерді орнату кестесі «Атырау облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясы» РММ-мен келісілген және кеме жүзу қауіпсіздігінің талаптарына жауап береді.  Өзен бойынша жүзу кезінде жүзетін жабдықтарға өте жиі жүзіп келе жатқан балдырлар зиянын келтіретінін, өздерінің штаттық орындарынан шығып кететінін естен шығармау керек. Жол жабдығындағы ақаулықты байқаған кеме жүргізушілерге берілген қызмет көрсететін учаскелер жабдықтау бригадаларына хабарлаулары тиіс.

         Учаскелерде навигация 1 сәуірде ашылады. Навигация ұзақтығы 235 тәулікті қүрайды. Барлық навигациялық кезеңде, Жайық өзені учаскелерінде, Жайық-Каспий арнасында және Қиғаш өзенінің учаскесінде 26600-98 ГОСТ-қа сәйкес ұзақтығы 390 шақырым болатын навигациялық белгілер іске қосылған.

         Навигациялық белгілер «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-мен бекітілген, белгілерді орналастыру кестесіне сәйкес қойылады. Қойылған белгілердің жалпы саны - 318 дана, оның ішінде. Жағалық - 77, жүзбелі - 241.

Навигациялық белгілерді қою кезеңі 22-24 сәуір аралығы. Навигациялық белгілер бригадалық әдіспен қамтамасыз етіледі.

Пайдалану навигациясы 22 қарашада жабылады. Навигациялық белгілерді алу 23-26 қараша аралығында орындалады.