Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңіз навигациялық орталығы филиалы (бұдан әрі - Филиал) филиал нысанында құрылды.
2019 жылғы наурызда филиал Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Теңіз навигациялық орталығы филиалы болып өзгертілді.
Филиал «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидалары, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 602 бұйрығымен бекітілген Теңіз портының міндетті қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидалары, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының Заңымен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы, Кәсіпорынның Жарғысы, Ереже, Қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық құқықтық актілеріне сәйкес жұмыс істейді.
«Кейбір мемлекеттік заңды тұлғаларды қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 2 бұйрығына сәйкес филиал Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Темір жол және су көлігі комитеті «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Теңіз навигациялық орталығы филиалы болып қайта аталды.
Филиал қызметінің мәні нақты уақыт режимінде жедел ақпарат пен өзге де ақпаратты кемелерге бере отырып, теңіз кемелерін сүйемелдеу және мониторингілеу үшін пайдаланылатын жағалаудағы электрондық навигациялық жүйелердің құралдарын ұстау, дамыту және пайдалану үшін қызмет көрсетілетін шекара шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында су жолдарын, навигациялық жүйелерді тиісінше ұстау және дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты кеме қозғалысын басқару жүйесінің (бұдан әрі - КҚБЖ) көмегімен Маңғыстау облысының Түпқараған шығанағында және Құрық порты акваториясында теңізде жүзудің навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жүйенің міндеттері:
1. КҚБЖ әрекет ету ауданында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2. Кеме қатынасы мен порт жұмысының тиімділігін арттыру;
3. Теңізде өмірді қорғауға және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесу.
КҚБЖ негізгі функциялары:
1. Кемелердің қозғалысын және олардың зәкірлік тұрақтардағы жағдайын радиолокациялық және автоматты тәуелді бақылау;
2. Кемелерге навигациялық, метеорологиялық, жедел және өзге де ақпаратты беру;
3. Кемелердің қозғалысын ұйымдастыру және реттеу;
Қызметтің қосымша функциялары:
1. КҚБЖ әрекет ету аймағына кіреберістерде кемелерді табу;
2. Олармен байланыс орнату, әрбір кеме туралы қажетті деректерді алу;
3. Осы деректерді тіркеу, КҚБЖ өз функцияларын орындау үшін қажетті КҚБЖ әрекет ету ауданы бойынша аралас жағалау қызметтерінен метеорологиялық, навигациялық, гидрографиялық және өзге де ақпарат алу;
4. Авариялық-құтқару және іздестіру операцияларын жүргізу кезінде қатысушыларды үйлестіру және оларға жәрдемдесу;
5. Порттардың теңiз әкiмшiлiктерiне қоршаған ортаны қорғау және ластану зардаптарын жою мәселелерiнде жәрдемдесу;
6. Порттың диспетчерлік қызметтерімен және ПТӘ-мен өзара іс-қимыл;
7. КҚБЖ әрекет ету ауданында сүйрету, түбін тереңдету және басқа да арнайы жұмыстарға жәрдемдесу;
8. Кемелер, жағалау ұйымдары және қызметтер арасында байланыс орнатуға жәрдемдесу;
9. КҚБЖ әрекет ету ауданында штаттық орындарда жүзбелі НЖҚ болуын бақылау;
10. Кемелердің қозғалысы туралы ақпаратты және статистикалық деректерді жинау, өңдеу, құжаттау және сақтау;
11. Кеме қатынасын мемлекеттiк қадағалауды, шекаралық және кедендiк режимдердi ақпараттық қамтамасыз ету.
КҚБҚ жұмыс істеуі Қазақстанның халықаралық теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыруға ықпал етеді.