«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Механиктің бірінші көмекшісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда жүзу өтілі 12 айдан кем емес.
Міндеттер:
-техникалық пайдалану ережелеріне, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- жеке өзі немесе оған бөлінген мамандарды тарта отырып кеме техникасының істен шығуын жою;
- өзіне бөлінген мамандардың жұмыстарына басшылық жасау, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету;
- техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестесін және жөндеу ведомостарын жасау, жағалау қызметтері орындайтын кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылау;
- техникалық қызмет көрсетуді орындау кезінде экипаж мүшелері машина бөлімшесінде ауыр салмақтағы механизмдердің көтерілуіне жеке өзі басқару;
- техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындағаннан кейін қозғалтқыштарды бұру және сынау кезінде болу;
- тиеу алдында капитанның екінші көмекшісімен бірге жүк үй-жайлары жабдықтарының жарамдылығын тексеру;
- материалдық-техникалық жабдықтаудың бар-жоғын тексеру және оған өтінім жасау, оның алынуын және сақталуын қамтамасыз ету, оның есебін жүргізу;
- отын, май қабылдау кезінде мұнай өнімдерінің бортқа түсуінің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
- белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу;
- рейске дайындықты қамтамасыз ету және белгіленген уақытта меңгеріміндегі дайындығы туралы механикке баяндау;
- командалық құраммен бірлесіп кемелік дабылдарды және экипажды төтенше жағдайларда іс-қимылға оқытуды кезең-кезеңімен жүргізу;
- еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтау.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) немесе  техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, кемелерде                                  1, 2, 3, 4-топтары механиктің бірінші көмекшісі дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтёр
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі еңбек өтілі 24 айдан кем емес
Міндеттер:
тарату қораптарын, терминалдарды, қауіпсіздік қалқандарын және жарықтандыру арматураларын монтаждау және жөндеу. Бөлшектерді ішінара бөлшектеу, жуу және сүрту арқылы электр жабдықтарын сығылған ауамен тазалау және үрлеу. Контактілерді және жанасу беттерін тазалау. Кернеуі 1000В дейінгі сымдарды кесу, біріктіру, оқшаулау және дәнекерлеу. Орнатылатын сымдар мен кабельдерді төсеу. Қуаты 50 кВт дейінгі күн және жел электр қондырғыларын жөндеу және қызмет көрсету. Электр жабдықтарын жөндеу кезінде қарапайым слесарлық, монтаждық және ағаш ұсталық жұмыстарды орындау. Электр жабдықтарын қосу, ажырату және қарапайым өлшемдерді орындау. Пневматикалық және электр құралдарымен жұмыс істеу. Еденнен басқарылатын қарапайым жүк көтергіш құралдар мен крандарды қолдана отырып, такелаждық жұмыстарды орындау. Электр қозғалтқыштарының статорлары мен роторларының тарату желілерінің оқшаулау кедергісін, трансформаторлардың орамаларын, кабельдердің кірістері мен шығыстарын мегомметрмен тексеру және өлшеу.
Талаптар:
18 жастан кем емес, жұмыстың қауіпсіз әдістерін білуін тексеру туралы куәлігі, сондай-ақ кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде білімін тексеру туралы куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Матрос-жол жұмысшысы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- шебердің басшылығымен кеме жүрісін жұмсақ және қатты тралдармен, трал тіркемелерімен, жүзетін сүйрейтін кемелермен немесе салмен ағызып тұтас тралдау жұмыстарын орындау;
- табылған су асты заттарын буйкалармен бекіту және оларды белгілеу арқылы тексеру;
- моторлы қайықты басқару, қозғалтқышты іске қосу және тоқтату;
- моторлы қайықтың корпусы мен қозғалтқышын профилактикалық жөндеу.
Талаптар:
18 жастан кем емес, орта білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Матрос
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- кеме кестесіне сәйкес жүріс және тұрақ вахтасын атқару;
- палубалық механизмдерді, кемелік құтқару құралдарын басқару;
- жүк үй-жайларын, жүк құралдары мен инвентарьді тиеуге және түсіруге дайындау;
- палубаны, кеме қызметтік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды жинау;
- корпустық конструкцияларға, палубалық механизмдерге, жабдықтарға және инвентарьға техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- трюмдердің люктерін ашу және жабу, жүкті тиеу, түсіру, бекіту.
Талаптар:
18 жастан кем емес, орта білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Жерснарядтың жүкшығыршы жұмысшысы-моторшысы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
-топырақ сорғыш снарядының технологиялық процесін басқару;
- меңгеруі кестесімен бекітілген пайдаланылатын механизмдерге техникалық қызмет көрсету;
- жұмыс зәкірлерін орналастыру және қайта орналастыру;
- палубалық қосалқы механизмдер мен жүк көтергіш құрылғылардың жұмысын басқару;
- такелаждық, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау;
- такелаждық мүліктің, құрал-саймандар мен инвентарьдің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
орта кәсіптік-техникалық білімі немесе бастапқы кәсіптік даярлығы (осы лауазымда жұмыс істеуге құқық беретін куәлігі немесе біліктілігі) болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Моторшы-руль меңгеруші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- кеменің қол, электр және гидравликалық рульдік жетектерін басқару, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- вахтаны атқару;
- шағын көлемді және қосалқы кемелерді басқару, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- кеме мен шлюпка құрылғысының рульдік жетектерін техникалық тексеру;
- аспаптардың көрсеткіштерін тиісті кеме журналдарында тіркеу;
- палубада сырлау, ағаш ұсталық және слесарлық жұмыстарды орындау.
Талаптар:
18 жастан кем емес, біліктілік куәлігі (куәлігі) бар, еңбек өтілі мен біліміне талаптар қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі
Жерснарядтың командирі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда жүзу өтілі 12 айдан кем емес
Міндеттер:
- топырақ сорғыштың, жерснарядтың, түбін тазартатын снарядтың, қалқымалы кранның экипажын басқару;
- топырақ сорғышқа, жерснарядына, түбін тазартатын снарядқа (бұдан әрі - жерснаряды) бекітілген қосалқы кемелердің, қалқымалы кранының (тіркеп сүйреушілер, катерлер, шаландалар, брандвахталар және басқа да өздігінен жүрмейтін кемелер, бұдан әрі - караван) жұмысына басшылық ету;
- кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын қамтамасыз ету;
- кемені пайдалану және жөндеу кезінде (жол жұмыстарын жүргізу технологиясы бөлігінде) жерснаряды мен қосалқы кемелер экипаждарының жұмысын ұйымдастыру;
- кеме жоспарларын, кестелерін, нұсқаулықтарын, экипаждың еңбек және демалыс режимін, «Борт сыртындағы адам», «Жалпы кемелік», «Шлюпкалық» дабыл кестелерін бекіту;
- кемені, оның жүйелерін, құрылғыларын, жабдықтарын, машиналарын, механизмдерін, пульпаөткізгіштерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
- табиғат қорғау іс-шараларының, жоспарлы тапсырмалардың (жұмыс кестелерінің), мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқаулары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
- белгіленген мерзімде жерснарядын тексеруге және куәландыруға ұсыну;
- жерснарядын навигацияға (қысқы және күрделі жөндеуден кейін) немесе ұзақ тұраққа дайындау кезінде кеменің күштік қондырғыларына, жүйелеріне, жабдықтарына, құрылғылары мен механизмдеріне сынақтар жүргізу;
- кеме бойынша бұйрықтар (өкімдер) шығару;
- еңбек тәртібін сақтауды және вахта қызметін ұйымдастыруды және жол жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
- кеме жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- экипажды материалдармен, инвентарьмен, керек-жарақтармен, отын мен жағармай материалдарымен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету,            сондай-ақ экипаждың ұжымдық тамақтануын, бос уақытын ұйымдастыру;
- кеме құжаттамасын және жол жұмыстарын жүргізу;
- кемеде белгіленген вахтаны атқару;
- әзірленіп жатқан учаскеде навигациялық жабдық белгілерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- командалық құраммен пысықтау және экипаждың назарына алдағы жұмысты орындауға берілген тапсырманы жеткізу;
- қосалқы бөлшектер, материалдар, керек-жарақтар, мүлік, қорғау құралдары бойынша есепке алуды және түгендеу кітаптарын жүргізу;
- кемені жөндеуге (тұраққа) қою кезінде жөндеу жұмыстарының көлемін нақтылау;
- кеме мөрін, ақша қаражатын және қаржы-бухгалтерлік құжаттаманы сақтау;
- навигациялық жабдық белгілерінің дұрыс орналасуын және шекарасында кеме жұмыс істейтін кеме жүрісінің тазалығын қамтамасыз ету бойынша жағдай учаскесінің жұмыскерлеріне бұйрықтар беру;
- еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтау.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, түбін тереңдету снарядтары командирінің дипломы немесе кемелерде 1, 2, 3, 4-топтары капитанның дипломы немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі.
Командирдің бірінші көмекшісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда жүзу өтілі 12 айдан кем емес
Міндеттер:
- ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган мен кеме иесі шығаратын техникалық пайдалану ережелеріне, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өз меңгеріміндегі техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- палубалық және машина бөлшектері, кеменің қосалқы механизмдері мен құрылғылары бойынша кеме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- земкараванның жұмыс құрылғыларын (шөміш тізбегін, плаврефулерді) орнату және құрастыру жұмыстарын басқару;
- сүйрету кезінде караван учалкасының дұрыстығын қадағалау;
- жерснарядының технологиялық жұмыс режимін әзірлеу, командирге бекітуге ұсыну және оны жүйелі түрде тексеру;
- жерснаряды жұмысының технологиялық режимін бақылайтын өлшеу аспаптарының жарамдылығын қадағалау;
- кеме жұмыстарын орындау кестесін жасау және экипаж мүшелерінің оларды орындау жөніндегі міндеттерін бөлу;
- өз меңгеріміндегі қозғалтқыштарды, қосалқы механизмдерді, жабдықтарды, жүйелер мен құрылғыларды техникалық күту және жөндеу бойынша тіркеу, басқа да техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау;
- азық-түлік пен материалдарды есепке алу және жұмсау, есептілікті жүргізу;
- экипаждың тамақтану мәзірін бекіту;  
- экипаж мүшелерінің медициналық тексерулерден өтуін, олардың кемеде орналасуын, сондай-ақ камбузда, машина бөлімшесінде, тұрғын және қызметтік үй-жайларда тәртіп болуын қамтамасыз ету;
- кемелерде немесе жалға алушының (кеме иесінің) жарғысында белгіленген вахтаны (кемені тікелей басқару) вахта (машиналық) журналын толтыра отырып атқару;  
- вахтада бірге жүрген экипаж мүшелерінің вахтаны атқару кезінде еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, кеме жүйелерін, жабдықтар мен құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің (құжаттардың) талаптарын орындау;      
- еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі бойынша кеме командасын оқытуды және білімін тексеруді қамтамасыз ету;    
- «Борт сыртындағы адам», «Шлюпкалық», «Жалпы кемелік» дабылдары бойынша іс-қимылдардың орындалуын тексеру;
- қысқы (күрделі) жөндеуден немесе ұзақ тұрақтан кейін кеменің жүру және арқандап байлау сынақтары кезінде күштік кеме қондырғыларына, жүйелеріне, жабдықтары мен құрылғыларына сынақ жүргізу;
- кемені отынмен, жанар-жағармай материалдарымен, машиналық инвентарьмен және қосалқы бөлшектермен жабдықтауды ұйымдастыру;
- кемені жөндеуге (тұраққа) қою кезінде машина бөлігі бойынша жөндеу көлемін нақтылау;
- вахта қызметі экипажы мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі мен экология жөніндегі нормативтік құқықтық актілер (құжаттар) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- жүзу кезеңінде палубалық құрылғылар мен жүктердің тиісінше бекітілуін қамтамасыз ету, корпустың су өткізбейтіндігіне бақылау ұйымдастыру және жүргізу, мұз басу жағдайында кемені жүзуге дайындау жұмыстарына басшылық жасау;
- еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтау.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, кемелерде                                  1, 2, 3, 4-топтары капитанның (командирдің) бірінші көмекшісі дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі.
Моторшы-матрос
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- кеме техникасын жөндеу және қызмет көрсету;
-меңгеру кестесімен бекітілген механизмдерге техникалық қызмет көрсету;
-танктердегі суды, жүк үй-жайларындағы температураны, су қоймасының тереңдігін қол лотымен өлшеу;
- палубалық механизмдерді, ескекті құтқару шлюпкаларын және моторлы қайықтарды басқару;
-кемелік такелаждық, сырлау, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау;
- зәкірді түсіру және көтеру, палубаға шлюпкаларды көтеру, суға түсіру;
- палубаны, қызметтік палубалық және тұрмыстық үй-жайларын тазалап-жинау;
- штат кестесінде «руль меңгерушісі» мамандығы болмаған жағдайда, моторшы-матрос оның жұмысын орындайды.
Талаптар:
18 жастан кем емес, орта білімі мен «Моторшы-матрос» біліктілігін растайтын құжаты болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі.
Кемелік аспаз
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- суда тамақ дайындаудың экологиясын ескере отырып, кеме экипажының мүшелеріне тамақ дайындау;
- мәзір дайындау, азық-түлікке, жартылай фабрикаттарға өтінімдерді жасау;
- қажетті шикізат пен дайын өнімнің шығынын есептеу;
- түскен шикізат пен жартылай фабрикаттардың көлемі, сапасы және ассортименті бойынша өтінімдер мен жүкқұжаттарға сәйкестігін бақылау;
- салмағы жеткіліксіз, жарылған, бұзылған, кондиционды емес азық-түлікке актілер ресімдеу;
- тағамды (өнімдерді) дайындау кезінде келесі операцияларды орындайды: сүзу, илеу, ұсақтау, қалыптау, фарштау, өнімдерді толтыру.
- жұмсалатын шикізаттың есебін, тауарлық есептілікті жүргізу;
- тамақтану үшін белгіленген уақытта тағамдарды тарату;
- егер наубайшы жоқ болса, кемеде оның міндеттерін орындау.
Талаптар:
18 жастан кіші емес, тиісті куәлігі мен кемеде осы лауазымда жұмысты істеуге медициналық комиссияның рұқсаты болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні, жұмыс уақытының жиынтық есебі.