Бос жұмыс орындары
Қызмет көрсететін құрамның өндірістік және қызметтік бөлмелерді тазалаушы
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- едендерді сыпыру және жуу, жалпы аумақтарды, дәліздерді, баспалдақтарды, хабарландыру тақталарын, есіктерді, терезе алдын, батареяларды, панельдерді, қабырғаларды, электр шамдарын (электрикпен бірге) дымқыл тазалау, шаңды сүрту, торларды, бекітілген жайлардағы қоқыстарды тазалау, қоқыс жәшіктерін тазалау, оларды тазалау және дезинфекциялау, терезелерді жуу;
- басқарма жайларының санитариялық тораптарында күн сайын тазалауды жүргізу, оларда санитариялық құралдардың (дәретхана қағазы, сабын) болуын қадағалау;
- бекітілген аумақтың санитарлық жағдайын СЭС талаптары деңгейінде (тазалықта) ұстау;
- бөлмелік өсімдіктерге күтім жасау: суару, бүрку, топырақты қопсыту, өсімдіктер мен зиянкестерді жою, жапырақтарды сүрту, өсімдіктердің қураған жапырақтарын алу.
Талаптар:
кем дегенде 18 жаста
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- жұмысқа қабылданатын барлық тұлғалармен, уақытша жұмыскерлермен, іссапарға жіберілгендермен, өндірістік оқытуға немесе практикаға келген оқушылармен және студенттермен, келушілерге, олар өндірістік алаңдарға барған кезде және құрылымдық бөлімшелердегі қауіпті өндірістік объектінің аумағында жұмыс жүргізетін мердігер ұйымдардың жұмыскерлеріне кіріспе нұсқаулық жүргізу;
- құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйіне тексеру жүргізуге қатысу;
- еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауды ұйымдастыруға қатысу;
- құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлеріне жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды өткізу және тіркеу тәртібін кезең-кезеңімен тексеру;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды қайта қарау және әзірлеу кезінде әдістемелік көмек көрсету;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, ақпарат жасау;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерді кешенді тексеруге қатысу.
Талаптар:
- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар тұлға жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі бар тұлға жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
кемінде 3 жыл
Міндеттер:
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі (негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, сатуға арналған шығындарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу) жұмысты орындау;
- бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылау, оларды есептік өңдеуге дайындау;
- бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құрал-жабдықтардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
- салық және басқа да міндеттемелер туралы заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен төлемдерін, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, жұмыскерлердің жалақысын есептеуді және аударуды жүргізу;
- бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі әдістері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын анықтауға қатысу;
- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;
- есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша мәліметтер дайындау;
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау; бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындау;
- есептеу техникасының көмегімен шешілетін міндеттердің немесе олардың жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылымын тұжырымдауға қатысу;
- экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін анықтау;
- өз құзыреті шегінде филиалдың ішкі құжаттарын келісу және қол қою;
- іс жүргізу бойынша белгіленген сыртқы және ішкі талаптарға сәйкес іс қағаздарын жүргізу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (қаржы-экономикалық) білім немесе техникалық және кәсіптік (қаржы-экономикалық) білімі бар, белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс өтіліне немесе арнайы даярлыққа талаптар қойылмайды және есепке алу, бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Шкипер
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
жұмыс өтіліне талап қойылмайды
Міндеттер:
- Кемені дұрыс тиеу-түсіруді және жүкті кемеге орналастыруды қамтамасыз ету.
-Такелаждау, ағаш ұстасы, сырлау және зәкір-байлау жұмыстарын орындау.
- Меңгерушілік бойынша кестемен бекітілген кеме жабдықтарын, құрылғылары мен жүйелерін дұрыс техникалық пайдалануды және күтіп ұстауды қамтамасыз ету.
- Кеменің энергетикалық қондырғысының жұмысын қамтамасыз ету.
- Барлық кеме жабдықтарына, құрылғыларға, жүйелер мен механизмдерге қызмет көрсетуге және жөндеуге қатысу.
- Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарды орындау.
- Қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес көлік кемелеріне сұйық отын мен майлау материалдарын қабылдауды, сақтауды, жіберуді жүзеге асыру.
- Белгіленген есептілікті жүргізуді, отынды қауіпсіз қабылдауды және беруді, алынатын мұнай өнімдерінің санын есепке алуды және сапасын бақылауды қамтамасыз ету.
- Мұнай өнімдерін өлшеудің дұрыстығы мен дәлдігін, олардың болуын, түсуін және жөнелтілуін күнделікті бақылау мен есепке алуды жүзеге асыру.
- Кеме құжаттамасын, қоқыстарды, жер асты және ағынды суларын, материалдар мен негізгі құралдарды түгендеу бойынша есептілікті жүргізу және тапсыру.
- Мұнай құю баржасын қысқы тұрақ пен жөндеуге дайындауды жүзеге асыру.
- Навигация аралық кезеңде бекітілген жөндеу тізімдемелеріне сәйкес жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ филиал объектілерінде жөндеу-құрылыс, шаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізу.
- Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық алғаннан кейін оның тікелей міндеттерінің шеңберіне кірмейтін кеме жұмыстарын орындау.
- Қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес жүкті қабылдауды және тапсыруды жүзеге асыру.
- Мұнай құю баржасын басқару бойынша сүйреткіш (итергіштің) капитанның нұсқауларын орындау.
Талаптар:
- жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, кемелердің кез-келген топтарының командалық лауазымы дипломының немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі, кемелердің кез-келген топтарының командалық лауазымы дипломының болуы тиіс, 18 жастан кем емес тұлға өтілге талаптар қоймайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері (бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне)
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
кемінде 3 жыл
Міндеттер:
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі (негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, сатуға арналған шығындарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу) жұмысты орындау;
- бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау және бақылау, оларды есептік өңдеуге дайындау;
- бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құрал-жабдықтардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсету;
- салық және басқа да міндеттемелер туралы заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен төлемдерін, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, жұмыскерлердің жалақысын есептеуді және аударуды жүргізу;
- бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі әдістері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын анықтауға қатысу;
- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;
- есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті бөлімдері бойынша мәліметтер дайындау;
- бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалау; бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындау;
- есептеу техникасының көмегімен шешілетін міндеттердің немесе олардың жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылымын тұжырымдауға қатысу;
- экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін анықтау;
- өз құзыреті шегінде филиалдың ішкі құжаттарын келісу және қол қою;
- іс жүргізу бойынша белгіленген сыртқы және ішкі талаптарға сәйкес іс қағаздарын жүргізу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (қаржы-экономикалық) білім немесе техникалық және кәсіптік (қаржы-экономикалық) білімі бар, белгіленген бағдарлама бойынша жұмыс өтіліне немесе арнайы даярлыққа талаптар қойылмайды және есепке алу, бақылау бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Кемелік механик-ауысым капитаны
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- техникалық пайдалану қағидаларына дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес бекітілген кеме техникасын техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
- негізгі қозғалтқыштардың, білік өткізгіштердің және қозғалыс-рульдік кешеннің, қосалқы механизмдердің, жүйелердің, электр жабдықтарының, машина үй-жайларының, палубалық механизмдердің механикалық және электротехникалық бөліктерінің, құрылғылар мен тұрмыстық техниканың техникалық жай-күйін бақылау;
- палубалық механизмдер мен құрылғыларға және корпустық конструкцияларға техникалық қызмет көрсету;
- кеме техникасының ақаулықтарын уақтылы жою және кемені пайдаланудан шығармай экипаждың күшімен жөндеуді ұйымдастыру.
Талаптар:
- 18 жастан кем емес, жоғары кәсіптік (техникалық) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс;
- 18 жастан кем емес, техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар, кемелерде 1, 2, 3, 4 топтарының механик дипломы және кемінде 12 ай жүзу өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Капитан
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
1 жылдан кем емес
Міндеттер:
- жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажетті шараларды сақтай отырып, жылдам жүзетін катерді басқару;
- кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтау;
- негізгі және қосалқы кеме қозғалтқыштарына, олардың жүйелеріне, олардың жұмысын қамтамасыз ететін механизмдер мен техникалық құралдарға, палубалық механизмдер мен рульдік құрылғының механикалық бөлігіне, кеме жүйелеріне және оларға қызмет көрсететін механизмдерге қызмет көрсету және жөндеу;
- кеме жүйелері мен механизмдеріне, құрылғылары мен жабдықтарына техникалық күтім жасау;
- кемені, оның жүйелерін, құрылғыларын, жабдықтарын, машиналары мен механизмдерін қауіпсіз пайдалану;
- жолаушылардың қауіпсіздігін және катермен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының капитаны дипломы немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі, кемелерде 1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының капитаны дипломы, командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі, шағын көлемді кемені басқару куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Өскемен қ. Орталық өндірістік базаның кең бейінді станокшысы
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- флотты, жағалау базаларын және объектілерді жөндеу кезінде бөлшектерді металл өңдеу бойынша жұмыстарды орындау;
- металл өңдеу станоктарының техникалық жағдайын бақылау, қажет болған жағдайда оларды жөндеу жұмыстарын жүргізеді;
- металл кесетін құралдың жарамдылығын бақылау, қажет болған жағдайда оны дайындайды;
- станоктар мен жұмыс орнын таза ұстау;
- жыл сайын металл өңдеу станоктарының, тұтынушылардың электр қондырғыларының және өрт қауіпсіздігінің ТТЭ, ТТЭ және ТТБ білімдерін тексеруден өту.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар, жұмыс өтілі мен біліміне талап қойылмайды, кемінде 18 жастағы тұлға
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Прибрежный к. өндірістік базаның электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтері
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- филиалдың электр жабдықтарына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу;
- филиалға тиесілі электр жабдықтарын жөндеу, баптау, теңшеу, қосу, ажырату;
- тұтынушылардың электр қондырғыларының ЭТЕ және ТҚЕ сәйкес электр жабдықтарын ауыстырып қосуды жүргізу;
- электр машиналарының, электр құрылғылар мен электр аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеуді, жөндеуді және құрастыруды жүргізу;
- электр машиналарына, электр құрылғылар мен электр аппараттарына сынақ жүргізу;
- қалайылау, дәнекерлеу, оқшаулау, электр кабельдері мен кабельдерді төсеу және қосу;
- еденнен көтеру-тасымалдау механизмдерін басқару, жүктерді ілмектеу.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға, жұмыс өтіліне талап қоймай.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Механикалық-кемелік қызметтің машинисі
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- жүктерді жүк көтергіш крандармен және жүк көтергіш машиналармен қауіпсіз жылжыту бойынша өндірістік тапсырмаларды орындау;
- аспаптар бойынша (анемометр) жүк көтергіш механизмдерге қойылатын техникалық талаптарды бұзбай кран жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін жағдайларды айқындау;
- жүк арқандарын, жүк көтергіш крандар мен жүк көтергіш машиналардың механизмдері мен тораптарын уақтылы майлау;
- жүк арқандарының, алынбалы жүк қармайтын құрылғылардың және таралардың жұмысқа жарамдылығын анықтау.
Талаптар:
біліктілік куәлігі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.