Учаске бойынша навигация 25 сәуірде ашылады. Навигацияның ұзақтығы 192 тәулікті құрайды. Бүкіл навигация кезеңінде ұзындығы 320,5 километрді құрайтын Шүлбі шлюзінен Майтүбек ауылына дейінгі Ертіс өзенінің учаскесінде МЕМСТ 26600-98 сәйкес навигациялық белгілер жұмылдырылды. Кеме жүзу жағдайын ұстау санаты жарықтандырылмайтынға жатады. Сондықтан бүкіл навигация бойы қызмет көрсетілетін учаскелерде түнгі және ымырт уақытында флоттың қозғалысына тиым салынады.
Навигациялық белгілер «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-мен келісілгеннен кейін белгілерді орнату сызбасына сәйкес қойылады. Орнатылған белгілердің жалпы саны – 780 дана, соның ішінде: жағалық – 245, жүзбелі – 535.
Навигациялық белгілерді қою 22 сәуірден бастап 24 сәуір аралығында жүзеге асады. Навигациялық белгілер бригадалық әдіспен, келесідей жағдайлы кемелерімен қызмет көрсетіледі: «Қайнар» - базасы Төменгі Талицкий қайраңында, «Барыс» - базасы Семей қаласында, «Жартас» - базасы Семей қаласында, «Путейский-1» - базасы Могоновский қайраңында, «Сапар» - базасы Долон ауылында, «Буран» - базасы Орта Известковский қайрағында, «Путейский-8» - базасы Майлисайский қайраңында.
Пайдалану навигациясы 2 қарашада жабылады. Навигациялық белгілерді шешу 3 қарашадан бастап 6 қараша аралығында орындалады.
Лимиттеуші қайраңдар:
Жоғарғы участкеде - Орта Володькин, Төменгі Каштак, Жоғарғы Бабий, Первомайский, Төменгі Жаңасемей.
Төменгі участкеде - Тюфинский, Старосемипалатинский, Орта Стеклянский, Төменгі Шагановский, Төменгі Бра-Вус.