«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Жөндеу-механикалық қызметінің фрезерлеушісі
Жалақы деңгейі Жалақы деңгейі әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    қырнау-фрезерлік жұмыстар өндірісі кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін және металл кесу станоктарын техникалық пайдалану ережелерін қатаң сақтау;
•    өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықты, ішкі еңбек тәртібі ережесін қатаң сақтау;
•    бір типті көлденең және тік әмбебап білдектерінде, қарапайым бойлай жону, кесу құралы мен әмбебеп аспаптарды қолдану арқылы көшіргі және буатты білдектерде 8-11 квалитет бойынша орташа күрделілік бөлшектер мен аспаптарды фрезерлеу;
•    технологиялық карта бойынша өңдеу реттілігі мен кесу режимін орнату;
•    арнайы бөлшектерді өңдеу үшін және жеке операцияларды орындау үшін жөнге салынған арнайы білдектерде немесе өлшеу кесу құралын және арнайы аспаптарды қолдану арқылы әмбебап жабдықтарды 8-10 квалитет бойынша орташа күрделілік және ине-платина өнімдері бөлшектерін өңдеу;
•    тікбұрышты және радиусты сыртқы және ішкі беттерін, ойықтарын, кертпелерді, бір жолғы бұрандалар мен шиыршықтарды фрезерлеу;
•    түрлі құрыстырылым қысқаштағы, айналдыратын шеңбердегі, әмбебап бөлгіш бастиектегі және айналмалы бұрыштағы бөлшектерді орнату;
•    10-11 дәлдік дәрежесі бойынша тегіршек тісі мен тісті тіреуді фрезерлеу;
•    жоғары білікті фрезершінің басшылығымен қосарлы плазмалық-механикалық өңдеу әдісімен фрезерлік жұмыстарды орындау;
•    жоғары білікті фрезершінің басшылығымен 10000 мм. үстел ұзындығындай және жоғары бірнеше шпиндельді бойлай-жону білдектерін басқару;
•    еденнен көтеру-тасымалдау жабдығын басқару;
•    көтеру, ауыстыру, орнату және қаттау үшін жүктерді матау және буып-түю;
•    жұмыста қолданатын жабдықты техникалық дұрыс жағдайда ұстау, оған қызмет көрсету мен жөндеуге қатысу.
Талаптар:
Орта білімі, токарь-фрезершінің куәлігі болуы тиіс
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні.
Жөндеу-механикалық қызметінің газбен кесуші» - 3 бірлік
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесітәжірибесіз
Міндеттер:
•    электргазбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін, электр қауіпсіздігі ережелерін, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерін, сұйытылған газдарды қолдану жөніндегі өндірістік нұсқаулықтарды қатаң сақтау;
•    жұмыста қолданылатын жабдықты техникалық жарамды күйде ұстау, қызмет көрсету және жөндеуге қатысу;
•    металл бөлшектерін жалынмен, электр доғасымен балқыту және металдарды кесу, балқыту, біріктіруді басқа жылу көздерімен дәнекерлеу;
•    доғалық, газды қоса алғанда, бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеудің әртүрлі түрлерін шығару;
•    қолмен, доғалы, күрделі конструкцияларды дәнекерлеу;
•    цех жағдайында ақауларды балқыту;
•    шарлы және сфералық түптерді одан әрі өңдеусіз қиғаш тесіктерді кесу;
•    әртүрлі электр дәнекерлеу және газ кесу аппаратурасының құрылымын, айнымалы және тұрақты токта дәнекерлеу, электр доғалық жоспарлаудың ерекшеліктерін, орындалатын жұмыс шегінде электротехниканың негізгі заңдарын, дәнекерлеу жіктерінің ақауларының түрлерін және олардың алдын алу, жою әдістерін, дәнекерленетін металдардың механикалық қасиеттерін, электродтардың маркалары мен түрлерін білу.
Талаптар:
орта білімі бар, электргазбен дәнекерлеушінің куәлігі және 5-ші, 6-шы разрядты аттестаттауы болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр техникалық қызметінің электр механигі
Жалақы деңгейі штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесі кемелік электр механигінің лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
Міндеттер:
•    кемелердің электр жабдықтарын техникалық дұрыс пайдалануды және уақытылы жөндеуді ұйымдастыру;
•    кемелердің электр жабдықтарының жағдайын, пайдалану сенімділігін бақылау және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Кемелерді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;
•    жөндеу мерзімдерін белгілеу, орындаушыларды тағайындау және жөндеу жұмыстарының өндірісіне тапсырыс рәсімдеу;
•    тексеру актілерін жасау және кеме электр жабдықтарын, біріктірілген автоматика құралдарын, тоңазытқыш жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу санатын белгілеу;
•    жөндеу жұмыстарының барысын бақылау, жөндеу уақытын қысқарту және сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау. Жөндеу жұмыстарына тікелей қатысу, қажет болған жағдайда кемелердің жұмыс орнына бару;
•    Навигация аралық кезеңде «ҚСЖ» СФ кемелеріндегі кеме электр жабдықтарын, біріктірілген автоматика жабдығын, тоңазытқыш жабдықтары мен бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеудің барысын, сапасын және толықтығын бақылау;
•    Флотқа электр механикалық жабдықтарды, материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін өтінімдерді және оларға қажетті есептеулерді дайындауды қамтамасыз ету;
•    өндірістік қызметте кемелердің электр жабдықтарын, автоматты және басқа электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетудің соңғы тәжірибесін пайдалану;
•    электр жабдықтарын пайдалану және жөндеудің жаңа прогрессивті әдістері саласында тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу. Қол астындағы жұмыскерлерді қадағалау және олардың тәртіптік нормаларды сақтауын бақылау.
Талаптар:
орта-техникалық білімі
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні
Механикалық-кеме қызметінің топтық аға инженер-механигі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
Міндеттер:
•    қалқымалы құралдың механикалық жабдықтарындағы қорғаныс құралдарының жағдайы мен жөндеуіне техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
•    түйіндерді және тетік бөлшектерін жөндеу мен қалпына келтірудің озық әдістерін, сондай-ақ жабдықтар қызметінің мерзімін ұзарту, оның тұрып қалуын азайту және ауысымын жоғарылату, апаттарды және өндірістік жарақаттануды ескерту, еңбек сыйымдылығын төмендету және жөндеудің өзіндік құны, оның сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу.
•    қалқымалы құралдардың жабдықтарының техникалық жарамдылығын тексеруге, оны тиімді пайдалануға ықпал ететін жабдықтардың оңтайлы жұмыс режимін орнатуға, техникалық пайдалану бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге, жабдықтарды майлау мен оларды күтуге, жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге қатысу.
•    жабдықтарды жөндеу мен жаңалау бойынша жұмыстардың орындалу есебін ұйымдастыруды, оның сапасын бақылауды, сондай-ақ осы мақсатқа бөлінген материалдық ресурстарды дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету;
•    жабдықтарды жөндеу мен оны жұмыс жағдайында ұстауды жүзеге асыратын ұйым бөлімшелерінің жұмыскерлеріне басшылық жасау.
Талаптар:
Жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және мамандығы бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі және мамандық бойынша лауазымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық қамтылу
«Кемелік механик-капитанның (командирдің) бірінші (екінші, үшінші) көмекшісі»
Жалақы деңгейі штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда кемемен жүзу тәжірибесі 12 айдан кем емес
Міндеттер:
•    техникалық пайдалану ережелеріне, өндірушілердің нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес тағайындалған кеме жабдықтарын техникалық пайдалануды және күтіп-ұстауды, палуба механизмдері мен құрылғыларын және корпус құрылымдарын техникалық күтіп ұстауды қамтамасыз ету ;
•    өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің кезекшіліктің сенімді ұйымдастырылуын, жұмыстың орындалуын және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
•    кезекшіліктің құрамы ретінде, тереңдету және түзету жұмыстары кезінде жұмыс механизмдерін және топырақ жинау құрылғысын өздігінен  басқару;
•    экипаж мүшелерінің және оларға бағыныштылардың кеме жабдықтарын техникалық пайдалану жөніндегі ережелерді, қағидаттарды, нұсқаулықтарды, жетекшілікті және басқа да құжаттарды оқып-үйренуін қамтамасыз ету;
•    меңгеру бойынша техникалық оқытуды жоспарлауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
•    кеме техникасына техникалық қызмет көрсету бойынша күнтізбелік кестелерді жасау;
•    техникалық қызмет көрсетуді басқару және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
•    машина бөлігі бойынша нормативті техникалық-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету;
•    кеме жабдықтарындағы ақауларды уақтылы жоюды және экипаждың кемені пайдаланудан шығармай жөндеуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, ал экипаж жоя алмайтын ақаулар анықталған жағдайда, шаралар қабылдау үшін белгіленген тәртіппен командирге хабарлау.
Талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: жоғары кәсіби (техникалық) білімі және кемелердің тиісті тобының (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының) механиктің дипломы, кемелердің тиісті тобының (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының) командирдің (капитанның) бірінші (екінші, үшінші) көмекшісінің дипломы және командалық лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда жүзу тәжірибесі 12 айдан кем емес болуы қажет;
біліктілігі орта деңгейдегі маман: техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және кемелердің тиісті тобының (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының) механиктің дипломы, кемелердің тиісті тобының (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтарының) командирдің (капитанның) бірінші (екінші, үшінші) көмекшісінің дипломы және командалық лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда жүзу тәжірибесі 12 айдан кем емес болуы қажет.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Қалқымалы кранының командирі»
Жалақы деңгейі штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі командалық лауазымдарда кемемен жүзу тәжірибесі 12 айдан кем емес
Міндеттер:
•    қалқымалы кранының экипажын басқаруды жүзеге асыру;
•    Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын қамтамасыз ету;
•    кезекшілік құрамында тереңдету, түзету және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде жұмыс механизмдерін және топырақ жинайтын құрылғыны дербес басқару;
•    қалқымалы кран мен көмекші кемелер экипаждарының жұмысын пайдалану кезінде (жол жұмыстарын жүргізу технологиясы тұрғысынан) және кемені жөндеу кезінде ұйымдастыру;
•    кеме жоспарларын, кестелерін, нұсқауларын, экипаждың жұмыс және демалыс кестелерін, «борттан тыс адам», «құтқару қайығы» және «жалпы кемелік» дабыл кестелерін бекіту;
•    кеменің, оның жүйелерінің, құрылғыларының, жабдықтарының, машиналарының, механизмдерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
•    қалқымалы кранды пайдалану кезінде тереңдету, түзету және тиеу-түсіру жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету;
•    қоршаған ортаны қорғау шараларының, жоспарлы тапсырмалардың (жұмыс кестелерінің), мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқаулары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
•    қалқымалы кранның белгіленген мерзімде тексеруге және сертификаттауға ұсынылуын қамтамасыз ету;
•    қалқымалы кранды навигацияға дайындау кезінде немесе ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрғаннан кейін кеме электр станцияларын, жүйелерін, жабдықтарын, құрылғылары мен механизмдерін сынауды бақылау;
•    кемеге қатысты бұйрықтар (өкімдер) шығару;
•    еңбек тәртібінің сақталуын және кезекшілікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
•    кеменің жұмыс істеу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
•    экипажға ұжымдық тамақтануды, экипаж үшін материалдарды, жабдықтарды, керек-жарақтарды, жанар-жағармай материалдарын, тұрмыстық заттар мен демалыс заттарын жеткізуді ұйымдастыру;
•    кеме құжаттамасын, есепке алуды және есеп беруді жүргізуді қамтамасыз ету;
•    Кемелердегі қызмет жарғысына сәйкес белгіленген кезекшілікті жүзеге асыру;
•    әзірленіп жатқан аймақта навигациялық жабдық белгілерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жағдай аймағының қызметкерлеріне олардың дұрыс орналастырылуын және кеме жұмыс істейтін шекаралардағы кеме қатынасы арнасының тазалығын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар беру;
•    командалық құраммен жұмыс істеу және алдағы жұмысты орындау  үшін алынған тапсырма туралы экипажға хабарлау;
•    кемені жөндеуге (тұраққа) қою кезінде, жөндеу жұмыстарының көлемін нақтылау;
•    кеме пломбасын, қолма-қол ақшаны, қаржылық, бухгалтерлік және кеме құжаттамасын сақтауды жүзеге асыру.
Талаптар:
жоғары кәсіптік (техникалық) білімі, тиісті топтағы (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтардағы) түпті тереңдету снарядтарының командирінің дипломы және краншы мамандығы бойынша даярлықтан өткендігі туралы құжаттың және командалық лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда жүзу тәжірибесі 12 айдан кем емес болуы қажет;
техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, тиісті топтағы (1, 2, 3, 4 немесе барлық топтардағы) түпті тереңдету снарядтарының командирінің дипломы және краншы мамандығы бойынша даярлықтан өткендігі туралы құжаттың және командалық лауазымдарда жұмыс істеген жағдайда жүзу тәжірибесі 12 айдан кем емес болуы қажет;
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Механикалық-кеме қызметінің аға инженер-конструкторшы
Жалақы деңгейі штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.
Міндеттер:
•    Әзірленіп жатқан жобалардың техникалық сипаттамаларға, стандарттарға, еңбекті қорғау ережелеріне, ең экологиялық таза өндіріс технологиясының талаптарына сәйкес келуін, сондай-ақ стандартталған және біріктірілген бөлшектер мен жинақтарды пайдалануды қамтамасыз ете отырып, автоматтандырылған жобалау құралдарын, бәсекеге қабілетті өнімдерді әзірлеудегі озық тәжірибені пайдалана отырып, ерекше күрделі, күрделі және орташа күрделі өнімдер үшін алдын-ала, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеу;
•    Патенттік зерттеулер жүргізу және жобаланған өнімдердің техникалық деңгейін анықтау;
•    Негізгі ұстанымдық сызбалар мен эскиздік жобаларға негізделген жеке құрылымдық элементтердің теориялық, жалпы орналасуларын және теориялық байланыстарын салу, сызбаларды құрастыру;
•             Жұмыс жобаларын тексеру және мамандық пен жұмыс бейіні бойынша сызбаларды бақылауды жүзеге асыру, табиғаттан күрделі бөлшектердің нобайларын алу және күрделі бөлшектерді жасау;
•    Жобалар бойынша техникалық жұмыстарды жүргізу, жобаланған құрылымдардың тиімділігінің техникалық-экономикалық және функционалдық құнын талдау, сондай-ақ құрылымдар үшін пайдалану нұсқауларын, оларға түсіндірме жазбаларды, техникалық деңгей карталарын, паспорттарды, сынақ бағдарламаларын, техникалық шарттарды, бұрын жасалған сызбалардағы және басқа да техникалық құжаттамадағы өзгерістер туралы хабарламаларды жасау;
•    Басқа ұйымдардан келіп түсетін конструкторлық құжаттаманы оны жобалау мен құрастыру кезінде пайдалану мақсатында зерттеу және талдау;  
•    Әзірленіп жатқан жобаларды ұйымның басқа бөлімшелерімен, тапсырыс берушілердің өкілдерімен және бақылаушы органдармен үйлестіру және әзірленіп жатқан жобаларды экономикалық тұрғыдан негіздеу;
•    Ұйым шығаратын жаңа жаңғыртылған конструкциялардың, өнімдердің прототиптерін, агрегаттарын, жүйелерін және бөлшектерін орнатуға, реттеуге, сынауға және пайдалануға беруге және жобаларды, стандарттар мен сертификаттарды әзірлеуге қатысу;
•    Жеке элементтер мен жинақтарға қатысты стандарттар жобаларына, рационализациялық ұсыныстар және өнертабыстар бойынша кері байланыс және пікірлер ұсыну.
Талаптар:
І-санаттағы аға инженер-конструктор: тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ-санаттағы инженер-конструкторшы лауазымында жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес;
ІІ-санаттағы аға инженер-конструктор: тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз инженер-конструкторшы лауазымында жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес;
Аға инженер-конструктор: жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І-санатты техник-конструктор лауазымында жұмыс тәжірибесі 3 жылдын кем емес;
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні
«Матрос»
Жалақы деңгейі штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•     жедел жүкшығырлар мен палубаның қосалқы механизмдерінің жұмысын бақылау;
•    жұмыс зәкірлерін көтеру, ауыстыру және босату жұмыстарын орындау;
•    кеме палубасының барлық жұмыстарына қатысу;
•    жүк орындарын, жүк көліктерін және жабдықтарды тиеу-түсіруге, оларды тазалауға дайындауға қатысу;
•    кеменің барлық такелаждық, сырлау, арқандап байлау, тиеу-түсіру және сантехникалық жөндеу жұмыстарын орындау;
•    ескекті қайықты басқаруды білу;
•    қызмет көрсету, палуба және қызмет көрсету аймақтарында тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету;
•    кезекші бастықтың нұсқауы бойынша арқан тарту, бояу, жөндеу, апаттық жұмыстарды және экскаваторды орнату жұмыстарын орындау.
Талаптар:
Орта немесе орта-кәсіптік білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні
«Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің экономисі».
Жалақы деңгейі штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес.
Міндеттер:
•    филиалдың өндірістік қызметінде қажет барлық қажетті материалдық ресурстармен (материалдармен, отынмен, аспаппен, қосалқы бөлшектермен, арнайы киімдермен, шаруашылық құрал-сайманмен және т.б.) қамтамасыз ету жұмысын және оларды оңтайлы пайдалануды жүзеге асырады;
•    филиалдың материалдық-техникалық жоспарының келешектегі және жылдық жоспарларын енгізеді, оларға есептер мен негіздемелер дайындайды;
•    қажетті негіздемелер мен есептерімен материалдық ресурстарға өтінім жасайды;
•    жеткізіп берушілермен шарттардың жобаларын, келісімшарт міндеттемелері бұзылғанда жеткізіп берушілермен шағымдар бойынша материалдардың жобаларын дайындайды, жасалған келісімшарттардың өзгеруін жеткізіп берушілермен келіседі;
•    жеткізіп берушілердің келісімшарт міндеттемелерін орындауын, түсетін материалдардың және басқа материалдық ресурстар түрлерінің саны мен сапасын, оларды кешенді пайдалануды, жеткізіп берушілердің акцепт есебін және басқа есеп құжаттарын дұрыс ұсынуын және төлеуге осы құжаттардың уақтылы жіберілуін қадағалауды жүзеге асырады;
•    материалдық ресурстардың қозғалысын шұғыл есептеуді жүргізеді, қолда бар пайдаланылмаған өндірістік запастардың болуын қамтамасыз етеді;
•    филиалдың материалдық-техникалық қамсыздандыру жоспарының орындалуы туралы белгіленген есепті жасайды.
Талаптар:
І санаттағы материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономисі (экономис-логист): сәйкес мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономис лауазымында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
ІІ санаттағы материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономисі (экономис-логист): сәйкес мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономисі лауазымында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономисі (экономис-логист): жұмыс өтіліне талаптар көрсетусіз сәйкес мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білімі немесе сәйкес мамандығы бойынша орта-техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білімі (біліктілігі) және – І санаттағы техниктің лауазымында                       5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық қамтылу
«Қалқымалы кранының жүкшығыршы жұмысшысы-моторшы» - 3 бірл.
Жалақы деңгейі штаттық кестеге сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    жерснаряд, қалқымалы кран және түп тазалау снаряды жұмысының технологиялық үрдісін басқару;
•    жұмыс зәкірлерін тарату және ауыстырып қою бойынша жұмыстарды орындау;
•    палубалық көмекші тетіктер мен жүк көтергіш құрылғылардың жұмысын басқару;
•    барлық такелаждық, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын, сондақ-ақ жүкшығыршы жұмысшы-моторшы аясына кіретін қызметтерді орындау;
•    моторлы және ескекті құтқару қайығын басқару жұмыстарын орындау;
•    такелаждық мүліктің, аспаптар мен құрал-саймандардың есебін жүргізу;
•    меңгеру жөніндегі оған бекітілген кестемен тетіктерге уақытында техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;
•    кеме жүйелері құбырларының, шұраларының, қақпақтарының орналасуы мен міндетін білу және оларды басқара алу;
•    өзінің меңгеруіндегі құралдар көрсеткіш белгілерін оқый және түсіне білу;
•    энергетикалық қондырғылар мен палубалық тетіктердің құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқауды сақтау және білу;
•    жеркеруен немесе қалқымалы кран кемелеріндегі қауырт жұмыстарға қатысу;
•    кезекші бастығының өкімі бойынша сырлау, жөндеу, авариялық жұмыстарды және жер снарядын орнату жөніндегі жұмыстарды орындау;
•    Кемелердегі қызмет жарғысына сәйкес жүкшығыршы жұмысшының және моторшының міндеттерін орындау.
Талаптар:
Орта кәсіптік білімі немесе арнаулы даярлығы болған жағдайда орта білімі.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.