«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Жолды пайдалану қызметінің 2 прорабтық жол жұмыстары өндірісінің инженері
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес.
Міндеттер:
•    жағдайлық, жер қазу, түзету, түбін тазалау, тралдық және жобалау-іздестіру жұмыстары бойынша өндірістік тапсырмалардың орындалуын, сондай-ақ кеме жүрісінің кепілдендірілген және дифференцияланған габариттерін қамтамасыз ету;
•        жол ахуалы туралы расталған ақпаратпен қамтамасыз ету, өзінің учаскесінде кеме жүрісінің өзгерісі туралы кеме иелеріне (кеме жүргізушілеріне) мәліметтер ұсыну;
•    нұсқаулықтарға, нормаларға, Ережелерге және басқа нормативтік құжаттамаға сәйкес, барлық жол жұмыстарының өндірісін ұйымдастыру. Жұмыстың орындалуында технологиялық реттілігінің сақталуын қамтамасыз ету;
•    навигациялық жабдықтардың ағымдағы жөндеуіне басшылық ету, тиісті жоспарлар мен кестелерді әзірлеу;
•    навигациялық белгілердің дайындалған құрамдас бөліктерін қабылдау, навигациялық кезеңде оның сақталуын және жағдайлық бригадаларына таратуын ұйымдастыру;  
•    кеме қатынасы жолының учаскесінде бекітілген сызбаға, кестеге сәйкес навигациялық жабдықтарды орнату, қызмет көрсету және шешу бойынша жұмыстарға басшылық ету;
•    жобалық-іздестіру, түбін тереңдету, түзету және түбін тазалау жұмыстарына өтінім беру, сонымен қатар навигациялық жабдықтармен жұмыс істеу кезінде жағдайлық учаскелерін жабдықтау үшін материалдарға, инвентарьға, құрал-саймандарға, жабдықтарға және ЖЖМ өтінімдер дайындау;  
•     жол жұмыстарының орындалу барысын уақтылы тексеру, ал соңында орындалған жұмыстарды қабылдау, құжаттарды дайындап қол қою;
•    кеме қатынасы жолының учаскелерін тралдау кестесін жасау және өз учаскесінде тралдық жұмыстарын орындауды қабылдау;
•    кеме қатынасы жолының өзіне бекітілген учаскесінде болған аварияларды, авариялық жағдайларды тексеруге, кеме қатынасы жолын тексеру бөлігінде бақылаушы және инспекциялық органдар жүргізетін инспекторлық тексерулерге қатысу;
•    тікелей бағынышты жұмыскерлерге немесе оның басшылығымен жұмыс жүргізетін жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жоспарлы және мақсатты нұсқаулықтар жүргізу;
•    күзет аймақтарында жұмыс жүргізуге берілген рұқсатнамаға келісім беру;
•    өз учаскесіндегі қайраңдарды жүйелі түрде зерттеу, жұмыс нәтижелерін талдау;
•    кеме қатынасы жағдайларын, жедел жоспарларды, бағдарламалар мен іс-шараларды жақсарту жобаларын жасауға қатысу;
•    жасалған шарттар негізінде басқа ұйымдар үшін жол жұмыстарын  жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
•    барлық қажетті есептіліктерді жасау, сондай-ақ техникалық есептерді жасауға қатысу;
•    объектілер бойынша материалдық құндылықтарды қорғауды ұйымдастыру;
•    учаскелерде және техникалық құралдарда қоршаған ортаны қорғау туралы ережелер мен қағидаларды сақтауды бақылау;
•    еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау;
•    бірінші прорабтық жол жұмыстары өндірісінің аға инженерімен жол жұмыстары өндірісінің қиын мәселелері бойынша бірлесе отырып шешім қабылдауды келісу.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Жөндеу-механикалық қызметінің токарь-фрезершісі»
Жалақы деңгейі Жалақы деңгейі әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    қырнау-фрезерлік жұмыстар өндірісі кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін және металл кесу станоктарын техникалық пайдалану ережелерін қатаң сақтау;
•    өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі ережесін, осы лауазымдық нұсқаулықты, ішкі еңбек тәртібі ережесін қатаң сақтау;
•    бір типті көлденең және тік әмбебап білдектерінде, қарапайым бойлай жону, кесу құралы мен әмбебеп аспаптарды қолдану арқылы көшіргі және буатты білдектерде 8-11 квалитет бойынша орташа күрделілік бөлшектер мен аспаптарды фрезерлеу;
•    технологиялық карта бойынша өңдеу реттілігі мен кесу режимін орнату;
•    арнайы бөлшектерді өңдеу үшін және жеке операцияларды орындау үшін жөнге салынған арнайы білдектерде немесе өлшеу кесу құралын және арнайы аспаптарды қолдану арқылы әмбебап жабдықтарды 8-10 квалитет бойынша орташа күрделілік және ине-платина өнімдері бөлшектерін өңдеу;
•    тікбұрышты және радиусты сыртқы және ішкі беттерін, ойықтарын, кертпелерді, бір жолғы бұрандалар мен шиыршықтарды фрезерлеу;
•    түрлі құрыстырылым қысқаштағы, айналдыратын шеңбердегі, әмбебап бөлгіш бастиектегі және айналмалы бұрыштағы бөлшектерді орнату;
•    10-11 дәлдік дәрежесі бойынша тегіршек тісі мен тісті тіреуді фрезерлеу;
•    жоғары білікті фрезершінің басшылығымен қосарлы плазмалық-механикалық өңдеу әдісімен фрезерлік жұмыстарды орындау;
•    жоғары білікті фрезершінің басшылығымен 10000 мм. үстел ұзындығындай және жоғары бірнеше шпиндельді бойлай-жону білдектерін басқару;
•    еденнен көтеру-тасымалдау жабдығын басқару;
•    көтеру, ауыстыру, орнату және қаттау үшін жүктерді матау және буып-түю;
•    жұмыста қолданатын жабдықты техникалық дұрыс жағдайда ұстау, оған қызмет көрсету мен жөндеуге қатысу.
Талаптар:
Орта білімі, токарь-фрезершінің куәлігі болуы тиіс
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс күні.
«Жөндеу-механикалық қызметінің кеме корпусын жөндеуші»
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    Кеме корпусы жұмысының өндірісі кезінде Техника қауіпсіздігінің ережелерін және Өзен флотының кемелерінде техникалық пайдалану ережелерін  және жоғарғы қысымды ыдыстармен жұмыс кезінде Техника қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау;
•    Сүйреу арқаларын жөндеу, дайындау, орнату;
•    Бактарды, ыдыстарды, болат және қорытпалардан жасалған қисық сызықты қоршаулармен цистерналарды дайындау, құрастыру, түзету, жөндеу;
•    Машиналық-қазандық бөлімдерде жүк арқалықтарын дайындау, орнату;
•    Қисық сызықты учаскелерде металл білеулер мен абвайзерлік қораптарды жөндеу, дайындау, орнату;
Талаптар:
Орта білімі және кеме корпусын жөндеушінің куәлігі
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Механикалық-кеме қызметінің топтық инженер-механигі»
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес
Міндеттер:
•    жүзбелі құралдардың механикалық жабдықтарындағы қорғаныс құралдарының жағдайы мен жөндеуіне техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
•    түйіндерді және тетік бөлшектерді жөндеу мен қалпына келтірудің озық әдістерін, сондай-ақ жабдықтардың қызмет көрсету мерзімін ұзарту, оның тұрып қалуын азайту және ауысымын жоғарылату, апаттарды және өндірістік жарақаттануды ескерту, еңбек сыйымдылығын төмендету және жөндеудің өзіндік құны, оның сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
•    жүзбелі құралдар жабдықтарының техникалық жарамдылығын тексеруге, оны тиімді пайдалануға ықпал ететін жабдықтардың оңтайлы жұмыс режимін орнатуға, техникалық пайдалану бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге, жабдықтарды майлау мен оларды күтуге, жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге қатысу;
•    жабдықтарды жөндеу мен жаңарту бойынша жұмыстардың орындалу есебін ұйымдастыруды, оның сапасын бақылауды, сондай-ақ осы мақсатқа бөлінген материалдық ресурстардың дұрыс жұмсалуын қамтамасыз ету;
•    жабдықтарды жөндеу мен оны жұмыс жағдайында ұстауды жүзеге асыратын ұйым бөлімшелерінің қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асыру.
Талаптар:
Жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және мамандығы бойынша маман лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі және мамандық бойынша лауазымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Жөндеу-механикалық қызметінің электргазбен дәнекерлеушісі» - 3 бірлік
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    электргазбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін, электр қауіпсіздігі ережелерін, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерін, сұйытылған газдарды қолдану жөніндегі өндірістік нұсқаулықтарды қатаң сақтау;
•    жұмыста қолданылатын жабдықты техникалық жарамды күйде ұстау, қызмет көрсету және жөндеуге қатысу;
•    металл бөлшектерін жалынмен, электр доғасымен балқыту және металдарды кесу, балқыту, біріктіруді басқа жылу көздерімен дәнекерлеу;
•    доғалық, газды қоса алғанда, бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеудің әртүрлі түрлерін шығару;
•    қолмен, доғалы, күрделі конструкцияларды дәнекерлеу;
•    цех жағдайында ақауларды балқыту;
•    шарлы және сфералық түптерді одан әрі өңдеусіз қиғаш тесіктерді кесу;
•    әртүрлі электр дәнекерлеу және газ кесу аппаратурасының құрылымын, айнымалы және тұрақты токта дәнекерлеу, электр доғалық жоспарлаудың ерекшеліктерін, орындалатын жұмыс шегінде электротехниканың негізгі заңдарын, дәнекерлеу жіктерінің ақауларының түрлерін және олардың алдын алу, жою әдістерін, дәнекерленетін металдардың механикалық қасиеттерін, электродтардың маркалары мен түрлерін білу.
Талаптар:
орта білімі бар, электргазбен дәнекерлеушінің куәлігі және 5-ші, 6-шы разрядты аттестаттауы болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
«Механикалық-кемелік қызметтің жүргізушісі» - 1,5 бірл.
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
•    автомобильмен уақытында келуі тиіс;
•    автомобильді бірқалыпты кәсіби дұрыс жүргізу, жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын және автомобильдің техникалық жарамды күйін барынша қамтамасыз ету. Аса қажеттілік болмаса алдында кетіп бара жатқан автомобильдерге дыбыс сигналдарын және басып озуды қолданбау;
•    автомобильдерді жанармай, жағармай материалдарымен және салқындатқыш сұйықтықтармен толтыру;
•    желіге шықпас бұрын автомобильдің техникалық жай-күйін тексеріп, қабылдап алу, оны автошаруашылыққа оралғаннан кейін белгіленген орынға қойып, тапсыру;
•    механизмдерді бөлшектеуді қажет етпейтін желідегі жұмыс кезінде туындаған ұсақ ақаулықтарды жою;
•    жол құжаттарын рәсімдеу;
•    автомобильді айдап әкетуге немесе салоннан кез-келген заттарды ұрлауға мүмкіндік беретіндей ең қысқа мерзімге көлікті қараусыз қалдырмау;
•    қызметтік іссапарларға шығу;
Талаптар:
орта білімі бар және тиісті санаттағы автокөлікті басқару куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтары жөніндегі механиктің бірінші көмекшісі
Жалақы деңгейі әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі жұмыс тәжірибесінсіз
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде  
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары немесе орта кәсіптік (техникалық) білім
Жұмыспен қамту түрі:
Толық уақыт, толық күн
Аға жүкшығыршы-моторшы
Жалақы деңгейі әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі 3 ай
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
орта білімі және «жүкшығыршы-моторшы» біліктілігін растайтын құжат
Жұмыспен қамту түрі:
кесте бойынша ауысымды
Командирдің ІІ көмекшісі – механиктің ІІ көмекшісі
Жалақы деңгейі әңгімелесу кезінде
Қажетті жұмыс тәжірибесі жұмыс өтілінсіз
Міндеттер:
әңгімелесу кезінде
Талаптар:
Уәкілетті орган берген белгіленген үлгідегі жұмыс дипломы бар орта кәсіби (техникалық) білім
Жұмыспен қамту түрі:
Кесте бойынша ауысымды
кемесінің моторшы-меңгерігі
Жалақы деңгейі 37 164 тг.
Қажетті жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес
Талаптар:
Орта кәсіби білімі, тиісті жұмыс дипломының болуы.
Жұмыспен қамту түрі:
Кесте бойынша ауысып отыру