«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Су жолының жағдайы туралы ақпарат

Филиал Балқаш учаскесінде ұзындығы 273,4 км кеме қатынасы су жолдарына және Іле учаскесінде 90 км қызмет көрсетеді, Балқаш көліндегі кеме қатынасы жолы 3 учаскеге бөлінеді:

1. Ұзындығы 63,6 км Балқаш - Аралтөбеге «Айдын» теплоходының бригадасы қызмет көрсетеді,  жүзбелі навигациялық белгілермен жабдықталады және жағалаудағы навигациялық белгілермен көрсетіледі.


2. Ұзындығы 94,8 км Аралтөбе - Қарақұм көліне «Сары - Арқа» теплоходының бригадасы қызмет көрсетеді, жүзбелі навигациялық белгілермен жабдықталады және жағалаулық навигациялық белгілермен көрсетіледі.


3. Ұзындығы 115 км Балқаш - Мыңарал бағытында «Самал»  теплоходының бригадасы қызмет көрсетеді, жүзбелі навигациялық белгілермен қоршалады және жағадағы навигациялық белгілермен көрсетіледі.


1.     Қапшағай су қоймасындағы кеме қатынасы жолы 1 учаскеге бөлінеді:

Қапшағай су қоймасы - ұзындығы 90 км «Сыналау аймағы»,  « № 1» теплоходы және  «Иртыш» теплоходтарының бригадалары қызмет көрсетеді, жүзбелі навигациялық белгілермен жабдықталады.