«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Бос жұмыс орындары

Слесарь-жөндеуші (кезекші)
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- негізгі гидромеханикалық жабдықтарды майлау және профилактикалық тексеру және күту кестесіне сәйкес пайдалану жұмыстарын орындау;
- жабдықтың анықталған ақаулары туралы бас диспетчерге және вахтадағы диспетчерге хабарлау;
- бас диспетчердің немесе вахтадағы диспетчердің нұсқауы бойынша негізгі және қосалқы механикалық жабдыққа шұғыл, ұсақ жөндеу жүргізу немесе басқа да жұмыс түрлерін орындау.
Талаптар:
біліктілік куәлігі болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Шаруашылық меңгерушісі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- ұйымды немесе оның бөлімшелерін жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асыру;
- шаруашылық құралдардың сақталуын, оны қалпына келтіруді және толықтыруды, сондай-ақ үй-жайлар мен іргелес аумақта тазалықты сақтауды қамтамасыз ету;
- үй-жайлардың жай-күйін бақылау және оларды уақтылы жөндеу бойынша шаралар қабылдау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар тұлға, еңбек өтіліне  талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Ағымдағы жөндеу жөніндегі аға инженер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- жөндеу бойынша құрылыс-жөндеу қызметінің жұмысын ұйымдастыруды, бақылауды жүзеге асыру және шлюзді жөндеу бойынша жұмыстарға ақаулық ведомостарын жасауға қатысу;
- күрделі жөндеу бригадасын қажетті материалдармен және жабдықтармен уақтылы қамтамасыз ету;
- шлюзді күтіп ұстау бойынша материалдар мен жабдықтарға өтінімдер жасау;
- күн сайын жұмыскерлердің жабдықтары мен жұмыс орындарының еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі  немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар тұлға, еңбек өтіліне  талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Автомобиль жүргізуші
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- жүктердің, жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын және автомобильдің техникалық жарамды жай-күйін барынша қамтамасыз ету, кәсіби автомобильді жүргізу;
- самосвалдың көтеру механизмін, автоцистернаның сорғы қондырғысын және мамандандырылған автомобильдердің басқа да жабдықтарын басқару;
- жүру маршруттарын, өткен километражды, жұмыс істеген уақыт санын белгілей отырып, күн сайын жол парақтарын жүргізу;
- механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін желідегі автомобиль жұмысында ұсақ ақаулықтар анықталған кезде – автомобиль жүргізушісіне арналған еңбекті қорғау қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықта жазылған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып, жөндеуді өз бетінше іске асыру, ал елеулі ақаулар анықталған кезде - тікелей басшыға баяндау.
Талаптар:
басқарылатын автомобиль санатына сәйкес келетін жүргізуші куәлігі болуы тиіс, тиісті мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде 1 жыл.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Ағаш ұстасы-бетоншы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес.
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- шлюздің ғимараттары мен құрылыстарын жаңадан салу, реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстармен айналысу;
- орташа күрделіктегі ағаш ұсталық және қалыптау жұмыстарын орындау;
- барлық түрдегі қалып қалқандары (тік бұрышты және қиғаш бұрышты) мен түзу сызықты қалып элементтерін дайындау және жөндеу;
- бетон беттерін қолмен немесе механикаландырылған құралдармен кесу.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыс күні.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Экскаватор машинисі-тракторшы
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- аршып тазалау, үйінді және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде бір шөмішті экскаваторды басқару;
- жүріс механизмдерін реттеуді орындау; топырақты қабатпен өңдеуді орындау; экскаваторға жанар-жағармай материалдары мен су құюды орындау;
- белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу, профилактикалық тексеруді орындау және экскаваторды жөндеуге қатысу.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, тракторшы-машинист куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Жабдықтау жөніндегі инженер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- филиалды өндірістік қызметіне қажетті барлық тауарлармен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару;
- нарық мониторингі және жеткізушілерді таңдау есебінен сатып алынатын тауарлардың сапасын қамтамасыз ету;
- жеткізушілермен шарттардың жобаларын дайындау, шарттық жұмыс процесінің тиісті іске асырылуын қамтамасыз ету, яғни шартты жасау, өзгерістер/толықтырулар енгізу, орындау, бұзу;
- сатып алынатын тауарларды сандық және сапалық қабылдауды жүзеге асыру, қажет болған жағдайда сыртқы ақау табылған жағдайда тауарларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Аға инженер-конструктор
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- аса күрделі, күрделі және күрделілігі орташа бұйымдардың эскиздік, техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеу, бұл ретте әзірленетін конструкциялардың техникалық тапсырмаларға, стандарттарға, еңбекті қорғау нормаларына, өндірістің неғұрлым үнемді технологиясының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- патенттік зерттеулер жүргізу және жобаланатын бұйымдардың техникалық деңгейінің көрсеткіштерін анықтау;
-жобалар бойынша техникалық есептерді, жобаланатын конструкциялардың тиімділігіне техникалық-экономикалық және функционалдық-құндық талдау жүргізу, сондай-ақ жаңа бұйымдарды әзірлеу кезінде тәуекелдерді есептеу, конструкцияларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, оларға түсіндірме жазбаларды жасау;
- келісімдерге қойылатын талаптарды ескере отырып, сызбалар мен құжаттарды рәсімдеу тәртібін сақтау.
Талаптар:
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі бар тұлға, еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бухгалтер
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- жұмыстарды (қызметтерді) жүргізуге арналған шығындардың есебін жүргізу;
- қаржылық және есеп айырысу операцияларының есебін жүргізу;
- мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі жұмысты орындау (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, өткізуге арналған шығындарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, жеткізушілер және тапсырыс берушілермен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу).
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (қаржы-экономикалық) білімі және тиісті мамандық бойынша кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Автомобиль кранының машинисі
Жалақы деңгейі штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі тәжірибесіз
Міндеттер:
- жүк көтергіш крандармен және жүк көтергіш машиналармен жүктердің қауіпсіз орын ауыстыруы бойынша өндірістік тапсырмаларды орындау;
- жүк көтергіш механизмдерге қойылатын техникалық талаптарды бұзбай кран жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін аспаптар (анемометр) бойынша жағдайларды анықтау;
- жүк арқандарын, жүк көтергіш крандар мен жүк көтергіш машиналардың механизмдері мен тораптарын майлауды уақтылы жүргізу;
- жүк арқандарының, алмалы-салмалы жүк қармайтын құрылғылардың және ыдыстардың жұмысқа жарамдылығын анықтау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.