Бос жұмыс орындары
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- трансформаторлық қосалқы станцияларда және шлюздің тарату құрылғыларында, оларды кернеуден толық немесе ішінара ажыратып, жұмыстарды орындау;
- шлюздің электр қондырғыларында жедел ауыстырып қосуды орындау;
- кабель желілерінің сымдарын кесу, жалғау, оқшаулау және дәнекерлеу жұмыстарын орындау;
- шлюз аумағында кабельдік желілерді төсеу бойынша жұмыстарды орындау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Фельдшер.
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- медициналық жабдықтардың, құралдардың жарамды күйін бақылау;
- есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу;
- медициналық мекемеде жұмыскерлерге профилактикалық екпе жүргізуді ұйымдастыру;
- шлюздің өндірістік учаскелерінде және автомобильдік алғашқы медициналық көмек қобдишаларында жоспарлау жолымен жедел жәрдем сөмкесіне дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті жиынтығын қамтамасыз ету, тексеру актісін жасай отырып, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың болуын мерзімді тексеру және оларды сатып алуға өтінімдер жобаларын дайындау;
- шлюзге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуына бақылау.
Талаптар:
«Емдеу ісі» немесе «Акушерлік іс» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімі және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру, сондай-ақ «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-зертханашы», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері», «Мейіргер ісі» мамандықтары бойынша 2003 жылғы 11 ақпанға дейін осы лауазымға кіріскен адамдар үшін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша қайта даярлау, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орташа маман сертификаты, мемлекеттік үлгідегі «Наркологиялық қызмет фельдшерінің жұмысы» циклі бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Сүңгуірші
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- гидротехникалық құрылыстардың су асты бөлігін толық тексеру және жөндеу жұмыстарын орындау;
- су астында қарапайым монтаждау, слесарлық және такелаждық жұмыстарды орындау;
- кемелерді арқандап байлау үшін арналардың, шлюздердің, тоғандардың, бөгеттердің және басқа да құрылыстардың тас еңістерін тексеріп қарау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтёр (кезекші)
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
- ауысымды қабылдау кезінде дренаждық сорғылардың жұмысына, ал төмен температура кезеңі басталғанда жылыту аспаптарының, компрессорлардың жұмысына ерекше назар аударып, жеке тексеру арқылы жабдықтың жай-күйімен, электрмен жабдықтау схемасымен және жұмыс режимімен танысу;
- ауысымды тапсырушыдан аварияны немесе ақаулықтарды алдын алу үшін мұқият бақылау жүргізуге қажетті жабдықтар туралы мәліметтер алу;
- соңғы кезекшіліктен өткен уақыт ішінде барлық жазбалармен және өкімдермен танысу;
- электр жабдығының жұмыс режимі бұзылған, бүлінген немесе авария болған жағдайда, өз бетінше және дереу оның қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіруге шаралар қолдану және болған оқиға туралы тікелей бастыққа хабарлау.
Талаптар:
еңбек өтіліне талап қойылмайды, біліктілік куәлігі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.
Бетон араластырғыш қондырғылар моторшысы
Міндеттер:
- бетон араластырғыш қондырғылардың механизмдерін басқару,
- бетон-ерітінді торабының механикалық жабдығының техникалық жай-күйін бақылау;
- циклдік әрекеттегі араластыру қондырғыларында және үздіксіз әрекеттегі араластырғыштарда бетон қоспаларын дайындау;
- қабылданған рецептураға сәйкес компоненттерді араластырғыш қондырғыларға рет-ретімен жүктеу;
- қызмет көрсетілетін араластыру қондырғыларының жұмысын басқару;
- тасымалдау құрылғыларына немесе басқа да жылжыту құралдарына дайын қоспалар мен ерітінділер беру.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан біліктілік куәлігі бар тұлға.
Слесарь-жөндеуші
Міндеттер:
Жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың тораптары мен механизмдерін бөлшектеуді, жөндеуді, құрастыруды және орташа күрделілікті сынауды, жабдықты, агрегаттар мен машиналарды жөндеуді, реттеуді және орташа күрделілікті сынауды орындау, бөлшектерді 11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеуді орындау, еденнен басқарылатын қарапайым жүк көтергіш құралдар мен механизмдердің көмегімен жүктерді ауыстыру кезінде такелаждық жұмыстарды орындау, жабдықты жөндеу кезінде бөлшектерді металл өңдеу жұмыстарын орындау.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан біліктілік куәлігі бар тұлға.
Экскаватор машинисті-тракторшы
Міндеттер:
Аршу, тазалау, үйінді және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде бір шөмішті экскаваторды басқару; тау-кен массасын және топырақты әзірлеуді орындау; жұмыс процесінде экскаваторды ауыстыру; жүріс механизмдерін реттеуді орындау; топырақты қабатпен өңдеуді орындау; экскаваторға жанар-жағармай материалдары мен су құю, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қозғалтқышты бекітуді, тежегіш құрылғыларды бақылауды жүргізу; жүріс механизмдерін сынамалауды орындау; шөмішті жабысқан топырақтан тазартуды жүргізу; белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу, профилактикалық тексеруді орындау және экскаваторды жөндеуге қатысу.
Талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қоймастан тракторшы-машинист куәлігі бар тұлға.
Кеме капитаны
Жалақы деңгейі
ж/а келісімді
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибемен
Міндеттер:
- кеме экипажына басшылық жасау; -кеме бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығару; -кемені пайдалану және жөндеу кезінде кеме экипажының жұмысын ұйымдастыру; - кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын қамтамасыз ету;
Талаптар:
жоғары кәсіби (техникалық) білімі, 1, 2, 3, 4 немесе кемелердің барлық топтарының капитаны дипломы немесе техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, 1, 2, 3, 4 немесе кемелердің барлық топтарының капитаны дипломы және командалық лауазымдарда кемінде 12 ай жүзу өтілі бар.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс, толық күн
Инженер-гидротехник
Жалақы деңгейі
ж/а келісімді
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
-гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша іс-шараларды жоспарлауға қатысу және ұсыныстар әзірлеу; -жөндеу-құрылыс тобымен ағымдық жөндеу кестелерін жасау үшін жөнделетін ғимараттардың, жайлардың көлемдері, олардың аудандары туралы ақпарат ұсыну; -деформациялық-геодезиялық мониторинг жөніндегі жүйенің жұмысқа қабілеттілігін бақылау.
Талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (техникалық) білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық жұмыс, толық күн
Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі инженер
Жалақы деңгейі
жалақы келісімді
Қажетті жұмыс тәжірибесі
тәжірибесіз
Міндеттер:
• Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау және ендіру жұмыстарын орындау.
• Шлюздің өрт-күзет дабылының жұмысқа жарамдылығын бақылауды жүзеге асыру.
• ОБП телефон сөйлесулерін жазу үшін автоматты қондырғыны жұмысқа жарамды күйде ұстау.
• Қажетті деректерді даярлауды жүзеге асырады және ӨБАЖ және оның жеке кезеңдерін, қосалқы жүйелерін жобалауға техникалық тапсырма жасауға, техникалық және жұмыс жобаларын жасауға қатысады.
• Алдына қойған міндеттерді шешу үшін шлюздің электротехникалық қызметінің жұмыскерлеріне техникалық басшылықты жүзеге асыру.
• Жобалық ұйымдармен әзірленген және өзге ұйымдарда қолданылатын өндірісті басқарудың автоматты жүйелерін зерделеу.
• Филиалдың өндірістік және ішкі тәртібін сақтау.
• Қолда бар үлгілі бағдарламалық жасақтаманы ұйымның немесе нақты бөлімшенің, немесе жұмыс учаскесінің спецификалық мұқтажына бейімдеу.
• Барлық қосалқы жүйелер бойынша ұйымдастыру және техникалық жасақтаманы есепке алып ӨБАЖ белгіленген міндеттері бойынша ақпаратты өңдеудің технологиялық сызбасын жасау.
• ӨБАЖ ақпараттық пайдалану қорларын құрумен және пайдаланумен байланысты әдістемелік материалдардың, нұсқаулықтардың және басқа да техникалық құжаттаманың жобаларын дайындау.
• ӨБАЖ техникалық құралдары кешенін іске қосу, тәжірибелік пайдалану және кезең-кезеңмен іске қосу бойынша жұмысқа қатысу. Кіріс және шығыс құжаттардың авторлық қадағалауын және мерзімді бақылауын жүзеге асыру.
• Жүйедегі істен шығулар мен бұзушылықтардың себептерін зерделеу, оларды жою және алдын алу бойынша, ӨБАЖ сапасы мен сенімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Талаптар:
Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі инженер лауазымына тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды не тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және I санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Жұмыспен қамту түрі:
Толық қамту, толық күн