Орал филиалында «Мектепке жол» акциясы өткізілді
12 сентября 2018, 17:12
620
Қазақстан бойынша «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Әлеуметтік бағыттағы бастама бүкіл ел бойынша 2018 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
«Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Орал филиалының ұжымы, кәсіподақ комитетінің материалдық қолдауымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбековтың бастамасын қолдады. Орал филиалы бойынша «Мектепке жол» акциясымен 9 балаға көмек көрсетілді, көрсетілген материалдық көмектің жалпы сомасы 51 мың теңгені құрады.
Аталмыш акция дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Жыл сайын, 2012 жылдан бері, кәсіподақ комитеті филиал қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын балаларына мектеп сөмкесін дайындап береді.