Іле учаскесінің қосалқы персоналы механик-жүргізуші
Жалақы деңгейі
штат кестесіне сәйкес
Қажетті жұмыс тәжірибесі
5 жылдан кем емес
Міндеттер:
- автокөлік техникасын жөндеу кезінде және желіде автомобиль жүргізушілеріне қажетті техникалық көмекті ұйымдастыру;
- жөндеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу бойынша жөндеу ведомостарын дайындау;
- материалдар мен қосалқы бөлшектер сатып алуға өтінім жасау;
- жабдықтардың барлық түрлерінің авариясыз және сенімді жұмыс істеуін, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеу мен техникалық жағдайын бақылау, оны ауыстыру және жабдықтарды жөндеу кезінде қызмет көрсетудің үнемділігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
- жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді және оларды үнемді пайдалануды бақылау;
- автокөлік техникасына техникалық қызмет көрсету кестесінің жасалуына бақылау жүргізу;
- автокөліктің техникалық жай-күйін тексеру және оны жарамды күйде желіге шығаруға немесе қайтаруға бақылау жасау;
- бастапқы құжаттарды (жол парақтарын) толтыру, ЖЖМ жұмсауды жедел есепке алу;
- көлік құралдарының жүк көтергіштігі мен сыйымдылығының белгіленген нормаларына сәйкес олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;
- электр монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын бақылау;
- негізгі құралдардың сақталуын бақылау (трансформаторлық қосалқы станция, дәнекерлеу жабдығы және басқа);
- автокөлік құралын техникалық жарамды жағдайда қолдау, ағымдағы жөндеуді жүргізу;
- техникалық байқаудан өту үшін бекітілген автокөлік құралын ұсыну;
- жанар-жағармай материалдарын пайдалану есебін жүргізу;
- ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, филиалдың өндірістік базасында, күзетілетін гаражда немесе автотұрақта бекітілген автокөлік құралын тұраққа қою;
- бағынысты персоналды лауазымдық және пайдалану нұсқаулықтарымен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету, нұсқаулықтарды қайта қарауды жүргізу және қажетті өзгерістер енгізу;
- есепке алуды уақтылы, дұрыс жүргізу және жұмысы туралы есептілік жасау;
- Қазақстан Республикасының белгіленген Заңына сәйкес жүзу құрамы жұмыскерлерінің белгіленген мерзімде медициналық тексеруден (куәландырудан) өтуін бақылау;
- жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- ЖЖМ, қосалқы бөлшектерге, материалдар мен жабдықтарға жыл сайынғы өтінімді жасау;
- жағалау жұмысшыларының жұмыс уақытын есепке алу табелін, кезекшілік кестесін жасау;
- белгіленген есептілікті және басқа құжаттамаларды жасау;
- жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, автокөлік құралы ұрланса немесе бұзылған жағдайларда өзінің тікелей басшысына, жол полициясы басқармасының кезекші қызметіне, сақтандыру ұйымының өкілдеріне хабарлау;
- кезекшілік кестесіне сәйкес кезекшілік журнал жазбаларын тексеру және салыстыру;
- өндірістік база аумағында жағалау жұмысшыларының кезекшілігін тексеру;
- өндірістік базада аумақты сәулеттендіру, тазалау бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
- жүк операциялары кезінде көліктің тоқтап қалуын қысқартуды, тиеу-түсіру машиналары мен көлік құралдарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шараларды орындау және бақылау;
- Кәсіпорынның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіптерді сақтау;
- авариялардың, бұзылулардың, зақымданулардың және тоқтап қалудың себептерін, сондай-ақ техникалық пайдалану, жол қозғалысы және ішкі тәртіп ережелерінің бұзушылықтарын тергеуге қатысу;
- филиал басшылығының өзге де қызметтік тапсырмаларын (тапсырмаларын, нұсқауларын) орындау;
- жабдықтарты жөндеу және оларды жұмысқа жарамды күйде ұстау, ұйым бөлімшелерінің жұмыскерлеріне басшылық жасау.
Талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
Жоғары санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білімі бар және бірінші санатты механик лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Бірінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білімі бар және екінші санаттағы механик лауазымында еңбек өтілі кемінде 2 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы тиіс.
Екінші санатты: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білімі бар және механик лауазымында еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі маман:
Жоғары санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білімі бар және бірінші санатты механик лауазымында еңбек өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Бірінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білімі бар және екінші санатты механик лауазымында еңбек өтілі кемінде 2 жыл немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы тиіс.
Екінші санатты: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі білімі бар және механик лауазымында кемінде 1 жыл еңбек өтілі немесе мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
Жұмыспен қамту түрі:
толық жұмыс күні.