«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда көлік қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл күн – ресми мәртебелі күн, 1998 жылы Республика Президентінің Жарлығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелер тізіміне кіреді. Бұл мерекеге қатысты ұйымдар көп, өйткені ол автомобиль, теміржол, су және авиация көлігі өкілдерін біріктіреді. Кәсіби мереке құрметіне жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы ИИДМ КТ мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды, атап айтқанда: «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал-Каспий филиалының карчекран командирі Ялфимов Николай Николаевич, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғарғы Ертіс филиалының кеме капитаны Пилипчук Виктор Степанович, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалының кеме капитаны Бекасов Олег Борисович, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының радиомеханигі Стасевич Александр Валерьевич «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды