Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы барыснда Мемлекет басшысымен берілген тапсырмаларды орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетімен су көлігімен жолаушылар тасымалын жандандыру және дамыту мәселелері жөнінде отырыс өткізілді.
2019 жылдың 19 қыркүйегінде Өскемен қ. Ертіс өзені арқылы су көлігімен жолаушылар тасымалын жандандыру және дамыту алдағы жоспар мәселелері бойынша отырыс өткізілді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің өкілдері, «ШҚО Әкім аппаратының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы» ММ және «Қазақстан су жолдары» РМҚК басшылығы, «Қазақстан ішкі су көлігі қауымдастығы» ЖКЗТБ өкілі отырысқа қатысты.
Отырыс барысында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында Ертіс өзені арқылы су көлігімен әлеуметтік маңызды жолаушылар тасымалының тұрақты бағытын жандандыру мәселелері, бар түйінді мәселелер талқыланды, жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін нормативтік базаға өзгеріс енгізу, сонымен қатар оларды субсидиялау механизмі мәселелері қаралды.
Отырыста баяндамамен сөз сөйлегендер:
«ШҚО Әкім аппаратының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы» ММ басшысы - Жумадилов Нұржан Сайлаубекович;
«Қазақстан су жолдары» РМҚК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары -Тоцких Андрей Александрович;
«Қазақстан су жолдары» РМҚК Жоғары Ертіс филиалының директоры - Тертышный Андрей Николаевич;
«Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалының директоры - Гречкин Александр Владимирович;
«Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының директоры - Абдильманов Саят Толеугазыевич.
Отырыс қорытындысы бойынша тиімділік талдауын жүргізуге және Ертіс өзені арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру іс-шараларын пысықтауға бірқатар тапсырмалар берілді.