«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру Ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі көлік Комитетінің «Қазақстан су жолдары» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Теңіз навигациялық орталығы филиалы (бұдан әрі – ҚР ИИДМ КК «ҚСЖ» РМҚК ТНОФ) навигациялық қызметтер көрсетеді.
Навигациялық қызметтер теңіз портының міндетті қызметтер құрамына кіреді және уәкілетті орган бекітетін "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану Ереженің тәртібіне сәйкес, бағалармен (тарифтермен) төленеді.
Құжаттардын көшірмесі: https://cloud.mail.ru/public/N1jZ/51xhQNmYT
Занды негізі https://cloud.mail.ru/public/5wVF/3d3MShosy