2018 жылғы 9 қараша күні Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Теңіз навигациялық орталығы директорының міндетін атқарушы Вадим Викторович Евдокимовтың кездесуі өткізіліп, студенттерге кәсіпорынның ағымдағы қызметі жөнінде әнгімелеп берді.
Сонымен қоса, кездесу барысында Каспий теңізінің Қазақстандық секторында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.