Кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК Іле-Балқаш филиалы кеме қатынасы су жолдарын күтіп ұстау және дамыту бойынша өз қызметін Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасында жүзеге асырады. Балқаш көліндегі қызмет көрсететін учаскелерде навигация 2022 жылғы 10 сәуірде ашылып, 2022 жылғы 10 қарашада аяқталды. Қапшағай су қоймасында навигация 2022 жылғы 01 сәуірде ашылып, 2022 жылғы 16 қарашада аяқталды. Балқаш көлінде навигация ұзақтығы 214 тәулік, Қапшағай су қоймасында 229 тәулік болды. 2022 жылғы навигация кезеңде қалқымалы навигациялық белгілер және штаттық жерлерде жағалау навигациялық белгілер қойылып, қызмет көрсетілді. «Ориентир» жағалау белгілері кеме жүргізушілерге бағыт алу үшін ерекше орындарды көрсетеді. Саяз жерлерді, шығанақтарды, құмды таяздарды, су асты тосқауылдарын қалқымалы белгілер - буйлар қоршайды. Навигациялық кезеңде кеме жүрісінің тереңдігі мен габариттері өлшенді. 2022 жылы су жолының қызмет көрсетілетін учаскелерінде навигациялық жабдықтардың белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар кестесіне сәйкес, навигациялық жабдықтың әрекет ету ұзақтығы навигация кезінде тәулігіне 79118 км құрады. 2022 жылғы навигация кезеңінде жүк тасымалдау көлемі 2,51 мың тоннаны құрады. Жолаушыларды тасымалдау 635 адамды құрады. 2022 жылғы навигация штаттық режимде өтті. Филиал жұмыскерлері барлық мерзім бойы қызмет көрсететін учаскелерінде кеме қатынасы су жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Навигация жабылғаннан кейін навигациялық қондырғылар 2023 жылғы навигациялық кезеңге дайындау мақсатында, әрі қарай ақаулар табу үшін және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, Балқаш қ. және Қонаев қ. өндірістік базасына тасымалданды. Филиалдың техникалық флоты қысқы тұраққа дайын.