2023 жылғы 6 маусым күні «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай ел рәміздерін насихаттауға арналған «Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты патриоттық сағат өткізілді.
Іс-шараның басында жұмыскерлер бір мезгілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады. Шара барысында жұмыскерлер мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын, бейнесімен, онда суреттелген құбылыстардың маңызын ашатын «Мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы» бейнежазбаны көрді. Сонымен қатар, тақырып бойынша «Мағынасын аш» атты сұрақ-жауап түріндегі тапсырмаларға жауап берілді. Мемлекеттік рәміздерді білу және құрметпен қарау Қазақстанның әрбір азаматының азаматтық парызы мен міндеті екені атап өтілді.