«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалына бекітілген Шүлбі СЭС-нан Майтүбек ауылына дейінгі учаскеде ұзындығы 320,5 километрді құрайтын 2021 жылғы навигация жоспарлы мерзімде -                     25 сәуірде ашылды. «Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалы                         2021 жылғы навигация кезеңіндегі жол жұмыстары бойынша кешенді жоспарды, оның ішінде түбін тереңдету, түзету, жобалау-іздестіру жұмыстарын және навигациялық жабдықтау белгілерін қою (алу) және қызмет көрсету жөніндегі жол жұмыстарын орындады.

Ұзындығы 320,5 километрді құрайтын Шүлбі ГЭС-нен Майтүбек ауылына дейінгі учаскеде, белгілерді орналастыру схемасына сәйкес,                        790 белгі, оның ішінде: жағалық - 245 дана, қалқымалы - 545 дана белгілер қойылды.

Кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кепілді тереңдікті ұстау және кеме қатынасының жағдайын жақсарту мақсатында 70 мың текше метр көлемінде түбін тереңдету жұмыстары орындалды, оның ішінде:

- Шүлбі ГЭС-нен Семей қаласына дейінгі учаскеде түбін тереңдету жұмыстары 4 қайраңда орындалды. Жұмыс көлемі 35 мың текше метрді құрады;

           - Семей қаласынан Майтүбек ауылына дейінгі учаскеде түбін тереңдету жұмыстары 9 қайраңда орындалды. Жұмыс көлемі 35 мың текше метрді құрады.

Шүлбі ГЭС-нен Майтүбек ауылына дейінгі учаскеде 2021 жылғы                        14 мамырдан бастап 15 қазан аралығында жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді, зерттелген және құрастырылған жоспардан: бастапқы түсірілімдер 48 қайраңда, қайталама тісірілімдер 2 қайраңда жасалды.

         Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде барлық учаскелерде жолдың кепілді габариттері сақталды:

           - Шүлбі ГЭС-нен Семей қаласына дейінгі учаскеде тереңдігі - 105,                 ені - 40, дөңгелектену радиусы - 150;

           - Семей қаласынан Майтүбек ауылына дейінгі учаскеде тереңдігі - 145, ені - 50, дөңгелектену радиусы - 200.

Балық ресурстарына келтірілген зиянды өтеу барысында балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру материалын орналастырды,       сондай-ақ бағалы балық түрлерінің популяциясын ұлғайту жөніндегі                    іс-шараларды орындау шеңберінде 2021 жылғы 11 қазанда «Қазақстан су жолдары» РМҚК Семей филиалы Ертіс өзеніне 8 мың данадан астам                      орта есеппен 250 граммдық екі жасар ілмелі сазандарды жіберу жұмыстарын жүргізді.

Бұл процесс «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ өкілдерінің, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Алтай филиалының ғылыми қызметкерлерінің және жеткілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілді.