«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Смакотин Иван Яковлевич
(1919-1985)
фото.jpg

             Иван Яковлевич Смакотин 1919 жылғы 23 ақпанда Павлодар облысының Лебяжье ауданындағы Лебьяже ауылында туған.
            1939 жылғы 21 қарашада Қызыл Армияның Жұмысшы-шаруалар тобына қатардағы пулеметші болып шақырылады. Әскери қызметті Ленинград әскери округінде атқарды. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың маусымынан бастап 1944 жылғы қыркүйек айына дейін қатысып, контузия алып, тұтқынға түскен. 1941 жылғы қыркүйектен бастап 1944 жылғы қыркүйекке дейін Финляндияда тұтқында болды. Тұтқыннан босатылған соң Кемерово облысы Пркопьевск қаласына еңбек армиясына жіберіліп, шахтада еңбек еткен.
            1947 жылы еңбек міндетінен босап, еліне қайтарылған. 1948 жылдан бастап 1979 жылға дейін Жоғарғы Ертіс өзен кеме шаруашылығы мемлекеттік көлік кәсіпорнында бакенші, пост бригадирі болып жұмыс істеген. 67 жасында ауыр науқастан 1985 жылғы 29 қазанда дүниеден өтті.
            «Жауынгерлік ерлігі үшін», «1941-1945 жж. ҰОС Германияны жеңгені үшін» медалдарымен марапатталған.

Николай Ефимович Васильев
(1912-2001)
Васильев ПФ.jpg

           Қатардағы қызыл әскер, зеңбірекші.
          429 жеке танкіге қарсы-жойғыш дивизионның 45 мм қаруының көздеушісі.
          Әскери бөлім: 429 опитдн 306 ДК.
          Шақыру орны: Павлодар РВК, Қазақ КСР, Павлодар обл., Павлодар ауданы.
       1942 жылдың мамыр айында әскери қызметке шақырылды. Белорус майданында соғысқан, Балтық маңын азат етуге қатысқан. Битовка ауданында қорғаныс шебін бұзу кезінде ол екі пулемет оғы жауған екі көзге тойтарыс беріп, бір қол пулеметін жойды. Осының арқасында жаяу әскерге жол ашып, жауды қолға түсіруге мүмкіндік берді. 1944 жылғы 12 қаңтарда Рига түбінде жараланған. Сол қолына оқ жарықшағы тиіп, басына контузия алды. III топтағы мүгедек. 1944 жылдың ақпан айында үйіне қайтарылды. 1955 жылдан бастап 1974 жылға дейін Жоғарғы Ертіс өзен кеме шаруашылығы мемлекеттік көлік кәсіпорнында бакенші болып жұмыс істеген.
         ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.
         2001 жылғы 17 қыркүйекте қайтыс болды. Павлодар облысы Павлодар ауданының Чернорецк ауылында жерленген. 

Черкашин Иван Николаевич
(1921-2014)
Черкашин ПФ.jpg

          Кеңес Армиясының қатарына 1940 жылы алынды. Фин соғысына қатысқан. 1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін Ұлы Отан соғысы үшін болған майданды кешіп өтті. Қатардағы жауынгерден батальонның барлаушы ротасының командирі дәрежесіне көтерілді. Майдан шебімен жүріп отырып 1945 жылы Австрияға дейін барды.
              Қызыл Жұлдыз ордені және ІІІ дәрежелі Даңқ орденіне ие болды. 

Шарапов Вячеслав Владимирович
(1923-2003)
Шарапов ПФ.jpg

            Вячеслав Владимирович Шарапов 1923 жылғы 23 қаңтарда туған.
           1939 жылдан бастап 1942 жылға дейін Жоғарғы Ертіс өзен кеме шаруашылығы мемлекеттік көлік кәсіпорнындағы арналық іздестіру партиясында жұмыс істеген. 1943 жылы көктемде И.В. Сталиннің су мамандығы бар әскерлерді флотқа жіберу жөніндегі бұйрығы шықты. Әскерге дейінгі сүңгуірлік дайындығы бар В.В. Шараповты Хабаровск қ. Амур Қызыл жұлдызды Флотилиясына тіркейді. Отряд акваторияларды минадан арылту, суға батқан кемелер мен самолеттерді шығару сияқты апаттық-құтқару жұмыстарымен айналысты.
       1943 жылғы қазанда өзінің өтініші бойынша ЭПРОНға тіркеліп, арыс кезінде суға батқан торпедалар, корабльдер мен самолеттерді, сондай-ақ жолаушылар кемесін шығаруға қатысты. Одан соң Қара теңіз жағалауында порт акваторияларын минадан арылту, суға батқан корабльдер мен самолеттерді шығару сияқты сол жұмыстарды атқаратын Азов әскери флотилиясының 62-апаттық-құтқару отрядына іссапарға жіберілді. 1944 жылы маусым айының ортасында қолбасшылық бұйрығымен Гудаут қ. ұшқыш-торпеда тасымалдаушыларды дайындайтын 4-ші Әскери-Теңіз авиациялық училещесінің миналық-торпеда қызметіне жөнелтілді.
       Запорожья қ. теміржол станциясына жау авиациясының шабуылы кезінде жараланып, 1946 жылы әскерден қайтарылды. «Германияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, ҰОС мерейтойлық 6 медалімен марапатталған. 

Шишкин Иван Алексеевич
(1911-1986)
Шишкин ПФ.jpg

           1930 жылғы сәуірден бастап 1941 жылғы желтоқсан айына дейін Жоғарғы Ертіс өзен кеме шаруашылығы мемлекеттік көлік кәсіпорнындағы Байзаков қайраңында аға пост жұмысшысы болып қызмет еткен. 1942 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Сталинград түбінде соғысып, жараланды. Соғысты Шығыс Пруссияда аяқталды. Соғыстан кейін 1947 жылдан бастап 1971 жылға дейін Шишкинский қайраңында жұмыс істеді. «Ерлігі үшін» медалімен, Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен марапатталған.