Атқарылған жұмыс туралы ақпарат:
- 2021 жылғы 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында Павлодар облысының далалық, тұщы су айдындарында балық ресурстарының уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде түбін тереңдету жұмыстарын жүргізуге шектеулер мен тыйым салу енгізілді. 2021 жылдың 01 маусымынан бастап «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалы Ертіс өзенінің ұзындығы 603 шақырым учаскесінде түбін тереңдету жұмыстарын орындауға кірісті. Түбін тереңдету жұмыстары 324; ТСК – 525; ТСК-525.1 жобасының үш жер снарядымен және Р-99 жобасының грейферлік кранымен атқарылатын болады.