Павлодар филиалы жұмыскерлерін марапаттау
12 сентября 2018, 14:51
535
Қазақстан Республикасы Көлік қызметкерлері күнін мерекелеуге орай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар филиалында келесі қызметкерлер марапаттауға ұсынылды:
Ахметов Әлімбек Ағзамұлы – «еңбек ардагері» медалімен марапатталды;
Ахметов Әлімбек Ағзамұлы отыз жылдан астам уақытын су көлігі қызметіне арнады. Басшы болу дағдыларын иеленген, алдына қойылған міндеттерді жоғары сапамен, шапшаң және кәсіпқойлықпен орындайды. Ұжымда құрметке лайықты.
Копылов Виктор Дмитриевич, Костарева Сания Ерқамалқызы – «Су көлігі саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды;
Копылов Виктор Дмитриевич отыз жылдан астам уақытын су көлігі қызметіне арнады. Жұмыс істеген кезең ішінде өзін жауапты, тәртіпті, техникалық жағынан сауатты маман ретінде танытты. Кеме экипажын шебер басқарады, алдына қойылған міндеттерді жоғары сапамен, шапшаң және кәсіпқойлықпен орындайды. Ұжымда құрметке лайықты.
Костарева Сәния Ерқамалқызы жиырма жылдан астам уақытын су көлігі қызметіне арнады. Кәсіпорында жұмыс істеген кезең ішінде өзін саладағы білікті маман ретінде танытты. Лауазымдық міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайды. Кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар филиалының қызметкерлері кәсіподағының төрайымы. Ұжымда құрметке лайықты.
Веснин Сергей Михайлович - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды;
Веснин Сергей Михайлович жиырма алты жылдан астам уақытын су көлігі қызметіне арнады. Кәсіпорында жұмыс істеген кезең ішінде өзін жоғары білікті, техникалық жағынан сауатты маман ретінде танытты. Функционалдық міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайды. Жұмысында лауазымдық міндеттерін немқұрайды және сапасыз орындауға жол бермейді. Оған сеніп тапсырылған кемеде еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережесі сақталады. Ұжымда құрметке лайықты.
Камардин Вячеслав Владимирович, Марденов Серік Мағауияұлы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Құрмет грамотасымен марапатталды;
Камардин Вячеслав Владимирович жиырма алты жылдан астам уақыт ҚР ИДМ КК «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар филиалында жұмыс істейді.
Жұмыс істеген кезеңінде өзін жауапты, тәртіпті, техникалық жағынан сауатты маман ретінде танытты. Басшылықтың берген тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындайды. Кез-келген жағдайда жұмыс істеуге дайын. Ұқыптылығымен, бағынысындағылармен және әріптестерімен қарым-қатынас жасауда әдептілігімен ерекшеленеді, осы тұрғыдан ұжымда құрметке лайықты.
Марденов Серік Мағауияұлы он жылдан астам уақыт ҚР ИДМ КК «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар филиалында жұмыс істейді.
Лауазымдық міндеттеріне және берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Басшылықтың алға қойған міндеттері мен берген тапсырмаларын тиянақты, сапалы және шапшаң орындайды. Жұмысқа деген қызығушылығы мен құмарлығы байқалады. Қызметіне қатысты әдістемелік әдебиеттерді және баспа басылымдарын оқып-білу арқылы үнемі өзінің біліктілігі мен білімін арттырып отырады. Басшы лауазымдарындағы еңбек өтілі баршылық. Филиалдың қоғамдық өміріне белсенді ат салысып отырады.