«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

2021 жылғы 16 наурызда сағат 11:00 - де онлайн режимінде «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының «2021 жылға арналған жол жұмыстары» жобасын талқылау бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізілді, оған Павлодар облысы әкімдігінің және Майтүбек ауылының, «Лотос» ЖК жобалау ұйымының, «Экологиялық орталық – PV», өңір тұрғындары қатысты.

Талқылау барысында «Лотос» ЖК, «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ өкілдеріне сұрақтар қойылды, олар мүдделі ұйымдармен «2021 жылға арналған Жол жұмыстары» жобасын келісу рәсімі бойынша түсініктеме берді. Барлық қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша тыңдаулар өтті деп есептеледі.

Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ сайтында 7 жұмыс күні ішінде жарияланады.