Ұрпақтар жалғастығы, тәрбие, жас кадрларды тәрбиелеу және оларды өндіріске тарту мақсатында мамандарды дайындау және оқыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді.
2020 жылғы 05 ақпанда ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының басшылығы
- директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының м.а. Б.К. Работов;
- директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.Б. Сергазина
Семей қаласындағы «Көлік колледжі» КМҚК өткізген су мамандығында оқитын студенттердің су пәндері циклдік комиссиясы аясында практикалық тәлім алуын қамтамасыз ететін негізгі әлеуметтік серіктестердің кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында филиал өкілдері филиалды және кәсіпорынның жалпы қызметі, қызмет ету саласы, мамандықтар, бос лауазымдар жөнінде презентация өткізді. Жұмысқа орналасу үшін қажетті біліктілік талаптары жайында баяндалды.
Сонымен қатар, 2019 жылғы навигация кезеңінде өндірістік технологиялық практикадан өткен колледждің төрт тәлімгеріне грамота мен мақтау қағазы табысталып, олардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді.