Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған іс-шара.
2021 жылғы 6 мамырда ҚР ИИДМ КК «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ер – елдің қорғаны» тақырыбында бейне-арнау ұйымдастырылды. Іс-шараға филиал қызметкерлері қатысты. Филиал директоры Д.Р Таипов құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара барысында филиал қызметкерлері Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Дети войны», «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» атты бейнероликтер, әскери кинохроникасы көрсетіліп, соғыс жылдарындағы әндер тыңдалды. Іс-шараның негізгі мақсаты филиал жұмыскерлері арасында патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.