«Қазақстан
су жолдары»

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны    

8 (7232) 71-11-71
ШҚО, Өскемен қ. Шлюзная  көшесі 14

Орал-Каспий (Жайық-Каспий) кеме қатынасы каналында түбін тереңдету жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымды таңдау рәсімінің өткізілгені туралы хабарлайды

Жаңалықтар

          Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Орал-Каспий (Жайық-Каспий) кеме қатынасы каналында түбін тереңдету жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйымды таңдау рәсімінің өткізілгені туралы хабарлайды: 1 лот – 48,1 - 51,2 пикеті учаскесі, көлемі – 212 983 текше метр; 2 лот – 51,2 - 54,3 пикеті учаскесі, көлемі – 225 117 текше метр. Таңдау критерийі техникалық құжаттамада айқындалған біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, әлеуетті орындаушы ұсынған ең төменгі баға болып табылады. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы: 1 лот бойынша ҚҚС есебімен 1 491 306 мың теңге; 2 лот бойынша ҚҚС есебімен 1 576 269 мың теңге.
          Рәсімді өткізу мерзімдері жұмыстарды орындау және шарт жасасу шарттары туралы қажетті ақпаратты, оның ішінде техникалық құжаттаманы, мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Шлюзная көшесі, 14, немесе 8 (7232) 71-11-71 (ішкі. 1026) байланыс телефондары арқылы, жауапты тұлға – Аникина Н.П.
          Коммерциялық (баға) ұсыныстар мен біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар 2024 жылғы 26 маусым күнгі сағат 08.00-ден бастап 2024 жылғы 05 шілде күнгі сағат 12.00-ге дейін omib_ca@mail.ru электрондық поштасына немесе Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шлюзная көшесі 14 мекен-жайы бойынша қабылданады.