Орал-Каспий филиалының атқарған жұмыстары туралы
Ақпарат
Орал-Каспий филиалы жұмысының негізгі көрсеткіші қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету, апатсыз болуы болып табылады. Ағымды жылғы 07 маусымда «Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің су көлігіндегі бақылау бөлімінің мамандарымен бірлесіп, Жемчужный жардан Барбастау жарына дейінгі Жайық өзенінің қызмет көрсетілетін учаскесінде инспекторлық тексеру жүргізілді. Навигациялық белгілер су тасқыны кезеңінде белгілерді орналастыру схемасына сәйкес орнатылғаны анықталды. Анықталған ескертулер қысқа мерзімде жойылды. Кеме қатынасы су жолын қарау нәтижелері бойынша навигациялық жағдай кеме қатынасы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді.