Орал филиалында «Таза жағалау» акциясы өткізілді
12 сентября 2018, 17:58
587
2018 жылғы 28 шілдеде Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені жағалауларын тұрмыстық қоқыстардан тазартуға бағытталған «Таза жағалау» акциясы басталды.
Акцияға «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал филиалының қызметкерлері белсенді қатысты. Бұл акция осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Орал қаласы Чапаев атындағы затоннан Коминтернге дейін 10 үлкен учаскелерге бөлінген.
Біздің негізгі байлығымыз бұл – Жайық өзені. Біздің ұғымымызда бұл шара жауапкершілікті, қайырымдылықты, кіші Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелейді.