Обь-Ертіс бассейнінде мультимодальды логистикалық орталық құру
17-18 қыркүйекте Омбыда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері өңірлер басшыларының 4 форумы өтті. Іс-шараға қатысушы елдердің өңірлер арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен экономикалық байланыстарды нығайтудағы маңызды кезең болды.
Іс-шара аясында Бизнес-форум өтті, оған 10 елден 500-ден астам қатысушы жиналды.
«ШЫҰ кеңістігінде логистикалық маршруттарды дамытудағы өңірлердің рөлі» Панельдік сессиясында «ҚСЖ» РМҚК бас директоры Уандыков Берик Кусманович баяндама жасады, онда Ертіс трансшекаралық өзенінде жүк айналымын ұлғайту мәселелерін шешудің өзекті жолдары қарастырылып, кеме қатынасы жағдайларын жақсарту нұсқалары ұсынылды.
Сонымен қатар, B2B шеңберінде – шетелдік және ресейлік ұйымдардың өкілдерімен кеме қатынасы қауіпсіздігін дамыту, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарын күтіп ұстау, кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты бойынша келіссөздер жүргізілді.