Наурыз мейрамы қарсаңында «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Наурыз мейрамы қарсаңында «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барды.Экскурсия барысында жұмыскерлерге Семей губерниясының құрылу тарихы туралы баяндайтын Шығыс Қазақстан облысының картасы, геология және палеонтология залы, Шығыс Қазақстанның жануарлар әлемі, табиғи зал, минералдар залы, археология залы, қолөнер залы ұсынылды. Жұмыскерлер қазақ халқының салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен танысты, Ертістің жағалауында орналасқан туған қаласы туралы көптеген жаңа және қызықты ақпараттарды білді.