2022 жылғы 19 мамыр күні Абай атындағы кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – елімнің мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Кеме қатынасының тіркелімі» филиалының жұмыскерлері қатысты. Жұмыскерлерге Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның тарихы туралы ақпараттар ұсынылды. Көк тудың авторы Шәкен Ниязбеков, елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов, әнұран әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтар туралы көптеген мағлұмат алды.