Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, су көлігі саласында мінсіз еңбек еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Андрей Александрович Тоцких «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, бас директордың гидротехникалық құрылыстар және құрылыс жөніндегі орынбасары Владимир Викторович Пархоменко, бас директордың құқықтық қамтамасыз ету және мүліктік қатынастар жөніндегі орынбасары Вадим Борисович Кузьмин Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Су көлігі саласының үздігі» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды.
«Қазақстан су жолдары» РМҚК ұжымы лайықты марапаттарымен құттықтайды! Шын жүректен амандық, өркендеу және еңбек жолында кәсіби табыстар тілейміз!